1. Пысықтауышы бар сөйлемді белгілеңіз.
Е) Ұлы жібек жолында талай сауда көздері ашылды.
2. Бастауышы тұйық етістік, баяндауышы зат есімнен жасалған сөйлемді көрсетіңіз.
Д) Айту — біздің парызымыз.
3. Дара бастауыш бар сөйлемді белгілеңіз.
С) Біз бірлікті ойлаймыз.
4. Бастауышы тәуелдік жалғауында тұрған сөйлемді табыңыз.
В) Інім маған көмектесті.
5. Анықтауышы бар сөйлемді көрсетіңіз.
С) Көлдің деңгейі төмендеген.
6. Толықтауышты табыңыз. Досым қызық кітап сатып алды.
Е) Кітап.
7. Жақсыз сөйлемде болмайтын сөйлем мүшесін көрсетіңіз.
Е) Бастауыш
8. Бастауыш пен баяндауыштан тұратын сөйлемді белгілеңіз.
Д) Жалаң
9. Мақсат пысықтауышты табыңыз.
Бауыржан досымен бірге Алматыға оқуға барды.
В) Оқуға
10.Сөйлемде қимыл-әрекеттің жай-күйін, мезгілін, мекенін білдіретін тұрлаусыз мүшені көрсетіңіз
А) Пысықтауыш.
11. Кімдер? Нелер? сұрақтары қай сөйлем мүшесіне қойылатынын көрсетіңіз.
Д) Бастауыш.
12. Пысықтауыштың сұрағың табыңыз.
Е) Қайда?
13. Сөйлемнің баяндауышын толықтырыңыз.
Біз бұлақтардың көзін … .
Д) Аштық.
14. Себеп – салдар пысықтауышты табыңыз.
Қара алтынды игеру үшін көп жұмыс жасалып жатыр.
С) Игеру үшін.
15. Сөйлемде есімше қандай сөйлем мүшесі екенін белгілеңіз.
Менің айтар сөзім-осы.
Д) Анықтауыш.
16. Атау мен ілік септіктен басқа септік сұрақтарына жауап беретін сөйлем мүшесін көрсетіңіз.
С) Толықтауыш
17. Анықтауышты табыңыз.
Жер бетінде таза су ресурстары көп емес.
А) Таза
18. Баяндауыш қай сөз табынан жасалғанын көрсетіңіз.
Қымыз қандағы гемоглобинді көбейтеді.
В) Етістік.
19. Бастауышы жоқ жай сөйлемнің түрін белгілеңіз.
А) Жақсыз
20. Тек тұрлаусыз мүшелерді анықтаңыз.
В) Анықтауыш, толықтауыш.
21. Толықтауыш қай септікте тұрғанын көрсетіңіз. Ол бізбен кездесті.
Е) Көмектес септік.
22. Қазақ тілінде сөйлемнің соңында келетін сөйлем мүшесін көрсетіңіз.
Е) Баяндауыш.
23. Сөйлемдегі тұрлаулы мүшелерді көрсетіңіз.
Біз кеше мұражайға бардық.
В) Біз бардық.
24. Қайда? Қалай? Қашан? қай сөйлем мүшесінің сұрақтары екенін көрсетіңіз.
В) Пысықтауыш.
25. Пысықтауыштың түрін табыңыз.
Е) Мақсат.
Жануарлардың көбі өсімдікпен қоректенетінін жақсы білеміз. Алайда тиін сияқты жануарлар қыс мезгіліне тағам қорын сақтамайды, ал суық түскенде өсімдіктердің бәрі солып қалады.
Жануарлар жаз бойы ағзасына қажетті май қорын жинайды да суық түскенде, яғни көп уақыт бойы аш жүруге мәжбүр болғанда, індерінің ең түбіне кіріп ұйқыға кетеді. Мазасын ешкім алмаса, жануарлар, осылай қыс бойы ұйықтайды. Бұл мезгілде жануарлар мүлде қоректенбейді, жаз бойы жинаған майдың арқасында өмір сүреді.
Дәл осы май жануарларға өмір сүруге қажетті қуатпен қамтамасыз етеді.
Аю сияқты сүтқоректілер шын мәнінде ұзақ ұйқыға кетпейді. Иә, қыста олар жазға қарағанда көп ұйықтайды, алайда бұны ұзақ, терең ұйқы деуге келмес. Қыстың жылы және шуақты күндерінде, аю, тиін, ала тышқан сияқты кейбір жануарлар оянып, індерінен шығады