trollotrollovit
14.06.2020 06:52

3-тапсырма. Өлеңді қайталап оқыңдар. Сұрақтар дайындаңдар. Ақынның не айтқысы келгенін жұптарыннан сұраңдар. Сұрақтарында темендегі мәселелер болсын Диалог

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
пончоДжян
06.07.2022 12:28
,Абайдың сүйіп, жар етіп алған екінші әйелі Әйгерімнен туған ұлы Тұрағұл, өзінің естелігінде жазғанындай, Абайдың отыз екі жасында өмірге келген екен. Жастайынан Абайдың тәрбиесін көріп, өнер-білімге ерте ден қойған ол өте зейінді, алғыр болған. Әкесінің өнегесімен орыс әдебиетімен жастай танысып, соның арқасында осы тілде жатық сөйлеген, аудармашылықпен айналысқан. Әкесі туралы татымды да тиянақты естелік жазып, қалдырған.
Мен – әкемнің кіші жамағатынан туған тұңғыш баласымын. Әкем кіші жамағат алғанда бастапқы бәйбішесі өзінен 2-3 жас үлкен еді, ұлғайған кезімде өзімді күтуге қолайсыз болады деген шығар. Екінші, жалпы қолы жеткен, әлі келген адамға екі қатын алмақ ғұрып сықылдыланғандықтан да шығар.Мен әкемнің 32 жасында, жастықтың алғашқы арыны басылып, жігіт ағасы болып қалған кезінде туғанмын. Мен әкемді танығанда, әкемнің жүзі ашық, ажары сыртында, көзі өткір, ашуы да, қуануы да жылдам, ширақ жанды адам еді. Мәжілісі қызықты, сауықшыл, дастарқаны аса мол еді. Бір іспен қызықтамай, жай, салбырап, шаруасын істеп отырмаушы еді.Бір ғадаты жақсы атқа, қыран құсқа құмар еді, өзі 2-3 жыл салтанатын келістіріп құсбегілерін, мергендерін сайлап құс салыпты. Балаларының әрқайсысына құс салғызды, бірақ ұзақ уақыт құсшы болғанымыз жоқ. Біреудікін алып, біреуге сапырып отырады. 250 шамалы құс қолыма келіп, кеткен шығар. “Тулақтың шолағындай” құс кергенім жоқ деп айтып отырушы еді.
0,0(0 оценок)
Ответ:
MikassaSwag
01.09.2021 15:10

Менің отаным тәуелсіздігі  тұғырлы киелі қазақ жері. Киелі қазақ жерінің түпкіріндегі орны ешнәрсемен сараланбайтын шағын ғана Малтабар атты ауылым. Менің шырылдап дүние есігін ашқан жерім де, өскен жерім де осы шағын ауылмен тікелей байланысты. Менің ауылым – отанымның кішкентай бір бөлшегі. Яғни, әркімге өзінің туып өскен жері, кішкентай отаны. Осы кішкентай отаныммен үлкен отанымның  амандығы ,бірлігі мен үшін өте маңызды. Мен үшін Отан – жер бетіндегі жан азығыммен өмір мәнінің түйіскен бұрышы деп білемін.

Дархан даламызды Алаштың айбынды азаматтары көздің қарашығындай сақтап, келер ұрпақтың жарқын болашағына жол салып берді. Отанымыздың алып мемлекет атануына септігін тигізген азаматтардың үлестерін жадымызда сақтау кімге де болсын парыз әрі міндет.Бірақ осы міндетін ұмытқан оты сөнген жандар да баршылық. Олардың адам деген атты құр алып жүруге қалайша намыстары жібереді десеңізші?

Менің ойымша, нағыз отанына деген патриот, «адам деген атты құр алып жүрмей, шың   мәнісінде адам» атануға тиісті. Яғни олардың отанға деген сонымен қоса, отанмен бірге өзінің тағдырына да салғырттығы. Мұзбалақ ақын Мұқағали атамыз жырлағандай үш бақыттың тіпті болмаса біреуін болсың қадірлесе, қазақ азаматы ретіндегі жүрегінде отанына деген патриоттық сезімі болса, онда ата-баба рухы бізге мәңгіге ризашылығын білдіретіні сөзсіз. Олардың көз жасы мен қанының зая төгілмегендігінің белгісі деп білемін

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота