Менің қысқы демалысым
Қысқы демалыс басталысымен мен ауылға кеттім. Онда менің атам мен әжем, көкем мен тәтем және бауырларым тұрады. Көкеме қар күреуге көмектестім. Бауырларыммен қардан аққала жасап, есік алдында өсіп тұрған шыршаны ойыншықтармен безендірдік. Ауыл балаларымен қырдан шана тептік, қар лақтырысып ойнадық. Ойнап келген соң, әжемнің ыстық бауырсақтарымен шай ішетінбіз. Жаңа жылда қаладан ата - анам келіп, бәрімізге сыйлық әкелді. Қысқы демалысым өте қызықты өтті.
Мои зимние каникулы
С началом зимних каникул я уехал в аул. Там живут мои дедушка с бабушкой, дядя с тетей, брат и сестра. Я дяде чистить снег. С братом и сестрой слепили снеговика, украсили игрушками елку во дворе. С другими детьми с аула катались на санках, играли в "снежки". После игр возвращались домой и пили чай с бабушкиными горячими баурсаками. На новый год приехали родители с города и привезли всем подарки. Зимние каникулы очень весело.
Берілген сөздердің омонимдері:
Тіл – 1) адам мүшесі:менің тілім дәм сезбей қалды; 2) бір нәрсені кесу,шабу: нанды тіл.
Шық – 1) атмосфералық ылғал: таңертең шық түсті; 2) іс-әрекет,үйден не бір нәрседен кетіп қалу: үйден шық; 3) еліктеу сөз: ол жаңғақты шық етті.
Үйір – 1) топ болу жүру: жылқы үйірі; 2) іс-әрекет,бір жерге затты топтастыру,жинау: жапырақтарды ана жерге үйір. 3) ынтық,құмар болу: ол ойынға үйір.
Берілген сөздердің антонимдері:
Шық – кір.
Тіл – тілме.
Үйір – жалғыз;алшақ;үйірме.
Берілген сөздердің синонимдері:
Шық – кет,жоғал,құры,бар.
Тіл – кес,шап.
Үйір – топ,қауым ; ынтық,құмар.