Таза ауаның адам ағзасына маңызы.
Таза ауа — тіршілік кепілі.Қазіргі кезде біз дем алып жүрген ауа тап-таза деп айта алмаймын. Ауа лас болған сайын біздің ағзамызда зардап шеге береді.Ауа болмаса өмір сүре алмаймыз. Ауа арқылы оттек сіңіреміз.
Қазіргі таңда ауа күннен күнге ластануда. Оған әр түрлі факторлар әсер етуде. Мысалы: завод фабрикалардан шыққан түтіндер, көліктен шығатын түтін - күн сайын ауаға
улы газдар бөлуде. Ал сол улы газдар адам мен тіршілік дүниесіне сіңуде. Осы лас ауаның кесірінен күннен күнге адам денсаулығы да әлсіреп түрлі аурулармен ауырып жатыр. Сондықтан да адам ағзасына таза ауаның маңызы көп!
Мен өмірді сүйемін.
Менің өмірге деген көзқарасым оң әрі жарқын. Мен өмірді сүйемін. Ал сүйіспеншілік - тіршіліктің негізі. Өмірді сүйетін адамдар бақытты, әрі жан - жағындағы адамдармен осы бақытымен бөліскісі келіп, ешкімге жамандық ойламайды.
Мұндай көңілі көктем, жайсаң жандар осы бақытымен барша әлеммен бөліскісі келіп, алып – ұшып тұрады. Осындай асыл жандар тек жақсылық ойлап, игі істермен айналысып, айналасына мейірімін төгіп, көңіл нұрымен шуақтандырып тұрады. Жүрегі сүйіспеншілікке толы жандар жанымызды жылытып, өмірімізге сән береді.
Сонымен қатар менің армандарым да көп. Мен өз болашағымды жарқын етіп елестетемін. Мектепті ойдағыдай тәмамдап, қалаған мамандығымның иесі болғым келеді.
Менің ойымша, адамның өмірге деген көзқарасының оң немесе теріс болуы ең алдымен отбасы мен ондағы жағдайға байланысты, себебі адам шыр етіп дүние есігін ашқаннан кейін сүйіспеншілікті ең алдымен ата - анасының аялы алақанынан сезінеді. Әрбір отбасы қоғамның бір бөлшегі, шағын Отан. Отбасы – әрқайсымыз үшін сүйіспеншілік, сыйластық, жарастық, татулық орнаған қасиетті мекен. Осы кішігірім «Отанымызда» бойымызға дарыған тәлім – тәрбие, елімізге, жерімізге деген сүйіспеншілік, ар – намыс қағидалары өмір бойы бізді жетелеп жүреді.