Мерекелік дастарқан. Ең күрделісінен – мерекелік тағамнан басталық. Мерекелік дастарқан үстінде қажеттінің бәрі де болғанымен, артық ешнәрсе тұрмауға тиіс. Оған қажетті ыдыс-аяқты қалай орналастыру, яғни сервиздеу керек? Дастарқан басында отыратын әр адамға екі нәлбек (тарелка) қояды: оның үлкеніне қою тағам, ал кішісіне салқын тағам салынады. Нәлбектің оң жағына пышақ (жүзін нәлбекке қаратып) пен қасықты, сол жағына айырды қояды. Қасық пен айырдың ойық бетін астына қаратып төңкереді. Десертке арналған қасықты, жеміске арналған пышақты нәлбектен әрірек, стол жиегіне параллель тастайды (бір кезде оларға да кезек келеді). Салқын тағамдар, ащы тұздықтар, тұзды тағамдар бүкіл дастарқан үстіне біркелкі етіп қойылады.
Қолмен ауыз сүртетін орамалдарды (қағаз және мата) салқын тағам салынатын әр нәлбектің үстіне қояды (қонақтар отырғаннан кейін әрқайсысы мата орамалмен өздерінің тізесін жабады). Тұзды тағамдардың қасығы ерекше бөлек болуы тиіс. Егер арнаулы қасық болмаса, таза пышақтың ұшымен алады.
Бірқатар салқын тағамдарға арнап ортақ құралдар – қалақша, қасық және айыр беріледі.
Қазы-қарта, әртүрлі шұжықтарды жұқалап кеседі де қатарластырып жалпақ ыдысқа салады. Оларды дастарқанға қояр алдында өз ыдыстарынан нәлбектерге аударады. Майға қалбырланған балық салынған ыдыстың жиегін айналдыра лимон тілімдерін қоюға болады, балықты жер алдында оған лимон шырынын құйып дәмдейді. Дүкеннен сатып алынған ірімшіктің қабығын аршып, жұқалап турап қояды.
Бұл поэмада еркіндік пен құлдық , махаббат пен зұлымдық , өлім мен өмір , пәни тіршілік пен мәңгілік өнер арасындағы күрес тақырыбы суреттеледі. Поэма салған жерден буырқанған теңіз толқынындай өз құшағына тартып ала жөнеледі. Өлең нөсері сорғалап тұр. Туындыда Арқа төсінен бастап , Алатауға беттеген Кене ханның ордасы көрініс табады. Қазақтың арыстаны атанған Абылайдың ұрпағын сыйлаған қалың жұрт келуін улап - шулап қарсы алып , той қылып , ерулікке бие сойып , ат сыйлап жатқан көріністер шынайы бейнеленеді. Сонымен қатар ханның ордасына Сарыүйсін руынан шыққан «күйші жігіттің» тоқсан тоғыз зарлы , ащы , тәтті күйлерімен бай мен бек , би мен датқа , хан ордасына қуаныш пен шаттық , рақат пен ләззат силап отырғаны , осындай естіген жанды тылсымдай баурайтын киелі өнер иесі Күйшіге хан Кененің қарындасы Қарашаштың көзі түсуі , Қарашаш пен күйші арасындағы терең психологиялық тартысы , адам сезімдерінің алапат шарпысуы сипатталады.