Мемлекеттік рәміздер тәуелсіздік нышаны ретінде ерекше қадірленіп, оларға биік мәртебе беріледі, сондықтан да мемлекет адамдарға мемлекеттік рәміздерді қастерлеуді парыз етеді. Олардың түр-түсі мен ресми қолданылу тәртібі Конституцияда немесе конституциялық заңда белгіленеді (бұл Мемлекеттік Рәміздерге биік мәртебе береді) және заңмен қорғалады. Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу азаматтардың мемлекет тәуелсіздігін құрметтеуді нығайтып, жасөспірімдердің отансүйгіштік сезімін қалыптастырады.
Объяснение:
Сәлем досым,мені жоғалтып алмас үшін маған тіркеліп,лайк басып кет.
Hello friend, register with me and like me so you don't lose me.
Привет, друг, зарегистрируйся и поставь мне лайк, чтобы не потерять меня.
Қозы көрпеш - Баян сұлу кесенесі.
Қозы көрпеш – Баян сұлу мазары – 10 – 11 ғасырларда тұрғызылған сәулет өнері ескерткіші.
Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Таңсық ауылына таяу, Аягөз өзенінің оң жағалауында орналасқан.
Мазар туралы алғаш жазған академик И.П. Фальк (1771). 19 ғасырдың 30-жылдары В.Федоров, 40-жылдары А.И. Шренк, Ш.Уәлиханов (1856), Н.А. Абрамов (1858), М.Путинцев (1863), Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетек. Ә.Марғұлан) зерттеген (1952).
Мазар табаны төрт бұрышты таған түрінде (сырт жағынан ауданы 7,10 7,10 метр, ішкі жағынан 3,383,38 метр), жоғары қарай сүйірленіп, күмбезделіп өрілген, биіктігі 11,65 метр Еденінен күмбезіне дейінгі биіктігі 4,35 метр Қабырғасы гранит қалақ тастан сабан аралас балшықпен қаланған, қалыңдығы 1,86 метр Кірер есігі шығысқа қаратылған. Қозы көрпеш – Баян сұлу мазарының жанында төрт тас мүсін болған. Олардың нобайын 1771 жылы Г.Волошин, 1856 жылы Ш.Уәлиханов қағаз бетіне түсірген. Тас мүсіндерде үш әйел мен бір ер адам бейнеленген. Халық арасындағы аңыз бойынша, үш әйелдің бірі – Баян сұлу, екіншісі – сіңлісі Айғыз, үшіншісі – апасы Айтаңсық; ер адам – Қозы болса керек.
Қазір бұл тас мүсіндер жоғалып кеткен. А.Н. Белослюдовтың мәліметіне қарағанда, екі тас мүсін Германияға әкетілген. Ел ішіндегі аңыз-әңгімеде Қозы көрпеш – Баян сұлу мазарын және оның жанындағы тас мүсіндерді Сарыбайдың інісі Тайлақ би жасатқан деп айтылады.