vesnakrasna1
14.04.2022 15:45

Ғаламтор сөзіне синквейн

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
OkumRin
05.02.2020 04:17

Абай жолы.

Қазақ ауыз әдебиеті мен қазақ әдебиеті тарихы, Абайдың өмірі мен шығармашылығы, әдебиеттану мен фольклордың теориялық мәселелері туралы біршама іргелі еңбектердің авторы, Қазақ халқының дүние жүзіне аты мәшһүр ұлы ойшыл-жазушысы, ғалым-ұстазы, мәдениет пен қоғам қайраткері, драмашы, публицист, аудармашы, әдебиет сыншысы, педагог, Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты, дүние жүзі әдебиетінің классигі,жаңа заманғы кәсіпқой қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі - Мұхтар Омарханұлы Әуезов 1897 жылдың 28 қыркүйекте бұрынғы Семей уезі, Шыңғыс болысындағы Қасқабұлақ деген жерде туып, балалық шағы көшпенді ауылда өтті. Ұлы тұлғаны қай қырынан зерттесек те, қай салада болмасын дарындылығы мен ерекше қабілетінің арқасында өшпес із қалдырған.

Әрине Мұхтар Әуезовтың есімін естігенде алдымен барлығымыздың ойымызға «Абай жолы» роман – эпопеясы келетіні сөзсіз. Себебі бұл роман - жазушының әдебиет жолындағы жарық жұлдызы, шоқтығы биік туындыларның бірі. Бұл туынды ұлттық танымы мен болмысын тамаша суреттеген. Бұл романды жазбас бұрын Мұхтар Омарханұлы он бес жыл бойы Абайдың өмірі мен шығармашылығын бар қырынан зерттеген екен. Жиналған материалдың көптігінен Мұхтар Әуезовге роман жазуға тура келіпті. Бұл романда жазушы барынша шынайы болуға тырысады. Жазушы Абайды ең біріншіден өз уақытының жемісі, өз заманының үні екенін жадында ұстады, соны оқырманға жеткізді. Аталмыш туынды тек қазақ халқының мақтанышы болып қана қоймай, сонымен қатар дүниежүзілік әдебиеттің классикалық шығармалары қатарына енген.

0,0(0 оценок)
Ответ:
linassglazunov
17.07.2020 03:45

Объяснение:

Абай (Ибраһим) Құнанбаев (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер либералды көзқарасын исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.

Абай Шығыс пен Батыс мәдениеті мен өркениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. Философиялық трактаттар стилінде жазылған «Қара сөздері» - тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық тереңдігімен, саяси-әлеуметтік салмақтылығымен құнды.Абай 23 тамыз 1845 ж. қазіргі Семей облысының Шыңғыс тауларында Қарқаралының аға сұлтаны Құнанбайдың төрт әйелінің бірі, екінші әйелі Ұлжаннан туған.

Ақынның арғы тегі Орта жүз Тобықты Арғын ішіндегі Олжай батырдан басталады. Олжайдан Айдос, Қайдос, Жігітек есімді 3 ұрпақ тарайды. Бұлардың әрқайсысы кейін бір-бір рулы ел болып кеткен. Айдостың Айпара деген әйелінен: Ырғызбай, Көтібақ, Топай, Торғай, деген 4 ұл туады.Бұлардың әкесі момын, шаруа адамы, ал шешесі өткір тілді, өр мінезді әйел болған

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота