uylia7
30.07.2021 22:35

нужно. Буду очень благодарна Лексико-грамматический блок

Инструкция: «Вам предлагаются задания с одним правильным ответом из пяти предложенных».

1. Cинонимдер қатарын белгілеңіз.

A) білім, жаңалық

B) нышан, рәміз

C) шұғыла, әшекей

D) көше, жарнама

E) байлық, дәрігер

2. Ауыспалы мағынадағы сөз тіркесін анықтаңыз.

A) Терең білім

B) Терең мұхит

C) Терең өзен

D) Терең су

E) Терең көл

3. Бірыңғай жуан дауыстылары бар сөзді белгілеңіз.

A) қыркүйек

B) күз

C) көктем

D) қазан

E) сәуір

4. Бірыңғай езулік дауыстылары бар сөздерді белгілеңіз.

A) орман

B) мұғалім

C) дәрігер

D) жұмыс

E) желтоқсан

5. Туынды түбірді белгілеңіз.

A) Барды

B) Балық

C) Басшы

D) Балам

E) Батыс

6. «Жина» сөзіне түбірлес сөзді белгілеңіз.

A) жиһаз

B) жиырма

C) жидек

D) жиналыс

E) жиі

7. Осы шақтың күрделі түрінде тұрған етістікті анықтаңыз.

A) Бармақшымын.

B) Бара жатырмын.

C) Баратынмын.

D) Барармын.

E) Барамын.

8. Кейде, бірде, біресе жалғаулығының түрін анықтаңыз.

A) Ыңғайлас.

B) Кезектес.

C) Қарсылықты.

D) Себеп-салдар.

E) Талғаулықты.

9. Сұраулы сөйлемді табыңыз.

A) Әкем жақсы біледі

B) Жиен – қыздан туған бала

C) Ауылға қашан барасың

D) Сен орысша сөйлейсің

E) Ата – әкенің әкесі

10. Жалаң сөйлемді белгілеңіз.

A) Жаңа мектеп маған өте ұнады.

B) Мұғалім балаларды мектепке кіргізді.

C) Мен мектепке тез жиналдым.

D) Кәсіпорын жұмысын бастады.

E) Күн шықты.

11. Ауыспалы мағыналы сөздерді белгілеңіз.

A) Сөз анасы

B) Қазақ халқы

C) Табиғат суреті

D) Көгілдір аспан

E) Мұзды мұхит

12. Қосымшасы қатаң дауыссыздан басталып тұрған сөздер қатарын белгілеңіз.

A) шаналар, шаңғылар, конькилер

B) өсімдіктер, саябақтар, қорықтар

C) бақшалар, гүлдер, жемістер

D) аталар, жылдар, адамдар

E) өзендер, мұхиттар, көлдер

13. Түбірлес сөздерді табыңыз.

A) Шар, шаршы.

B) Көргіш, көріс.

C) Жүз, жүзік.

D) Кесе, кесек.

E) Шешен, шеше.

14. Демеулік шылаулы сөйлемді анықтаңыз.

A) Алдымен, тұсаукесер күні белгіленеді.

B) Тойға шақырылған құрметті әже баланың тұсауын кеседі.

C) Тұсаукесер тойына арнайы қонақтар шақырылады.

D) Баланың тұсауын кескен адамға сыйлық беріледі.

E) Сен тұсаукесерге жиі барасың ба?

15. Жұрнақ дұрыс жалғанған жинақтық сан есімді табыңыз.

A) Оннау.

B) Сегізау.

C) Бесеу.

D) Тоғызау.

E) Он бесеу.

16. Дұрыс құрылған сөйлемді белгілеңіз.

A) Әлия Молдағұлова майданында Прибалтика қаза тапты ерлікпен.

B) Қаза тапты ерлікпен Әлия Молдағұлова майданында Прибалтика.

C) Әлия Молдағұлова Прибалтика майданында қаза тапты ерлікпен.

D) Ерлікпен қаза тапты Прибалтика майданында Әлия Молдағұлова.

E) Әлия Молдағұлова Прибалтика майданында ерлікпен қаза тапты.

17. Толықтауышы бар сөйлемді анықтаңыз.

A) Ол жақсы оқиды.

B) Жетісудың табиғаты көркем.

C) Жібек жолы – сауда жолы.

D) Алтын күз келді.

E) Ол кітап сатып алды.

18. Мақалдың аудармасын табыңыз.

Дружи с тем, у кого приятелей много, откровенничай с тем, у кого друзей мало.

A) Күлме досыңа – келер басыңа.

B) Досы көппен сыйлас, досы азбен сырлас.

C) Жаман жолдастан таяғым артық.

D) Заттың жаңасы жақсы, достың ескісі жақсы.

E) Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды.

19. Баяндауыш қызметіндегі сапалық сын есімді табыңыз.

A) Қартаңдау кісі суыт жүріп келеді.

B) Ел жастарымен мақтанады.

C) Күн жылынды.

D) Өнерлі бала өнерін көрсетті.

E) Отан оттан да ыстық.

20. Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.

A) Оқуға түспеймін, себебі жұмыс істеуім керек.

B) Күн бұлттанған соң, жолға шыққымыз келмеді.

C) Жұмысқа шығуыма тура келгендіктен, мен сапарымнан бас тарттым.

D) Апа, мені ертең қонаққа шақырды.

E) Қонақтар кешігіп келеді, не келмеуі мүмкін.

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
misterion10
06.06.2020 03:48
Қонақжайлылық - адамның келген қонаққа деген ілтипат пен әзетпен қарауы. Әр ұлтта өз мәдениетіне сай әр түрлі әдет ғұрыппен сипатталады. Қазақтардың қанына ана сүтімен даритын қазақ ұлтына ғана тән асыл қасиет. Сондықтан да қонақты сыйлау, құрметтеу, қонаққа деген ілтипат көрсету бала кезден қалыптасады. Шақырылған қонақты әйел адамның жылы жүзбен бетіне күле қарсы алуы, хал ақуалын сұрап төрге отыргызып, дайындаған ас тағамдарын беріп, ренжітпей қайтаруы қонақты сыйлау мен оған көрсетілетін құрмет болып саналады. Егер шақырылған қонақтардың ішінде келе алмағаны болса, әйелі сарқыт салып беріп, оған өз тарапынан сәлем айтады. Жоғарыда аталған құрмет тек қана шақырылған қонаққа көрсетілетін сый-сыяпат емес, ол кез келген уақытта келген қонаққа корсетіледі.
0,0(0 оценок)
Ответ:
nastabugrim
20.06.2021 02:33

Арал тағдыры.

Менің ойымша, Бүгінгі таңда Арал теңізінің көзден ғайып болып бара жатқан мәселесі ешкімді де бейжай қалдырмайтыны анық. Бір кездері ұзыннан-ұзақ созылып жатқан теңіздің арнасы мақта өсіруге қажетті химикаттарға толы тұзды алқапқа айналған.

Мен оны былай түсінемін: Арал өңірінде туындап отырған казіргі экологиялык апаттар нышаны жыл өткен сайын теңіз суын тарылтуда. Оның фаунасы мен флорасы жойылып бітуге жақын. Топырақтың тұздануы өте жылдам жүруде.

Оны мына деректермен, мысалдармен дәлелдей аламын: Арал теңізінде балық өсіру шаруашылығы тоқталып, соңғы 1-2 жылда ғана қайта қолға алынды. Ондағы тұрғындардың әлеуметтік жағдайы төмендеп кетті. Теңіз түбінен көтерілген улы тұздың мөлшері жылына 13-20 млн. т деп есептеледі.

Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім: Арал мәселесі соңғы 10 шақты жылда географ және эколог ғалымдар арасында жиі-жиі пікірталастар туғызуда. Арал мәселесі туралы халықаралық конференциялар ұйымдастырылды. Сол ғылыми жұмыстар бойынша Арал теңізінің мәселесін қолға алып, үкімет біршама шаралар ұйымдастырып, мәселені тұрақтандыру керек деп ойлаймын. Себебі Аралдың біржола жойылып кетуі Орта Азия мен Қазакстанды ғана емес көптеген Шығыс елдеріннің тыныс-тіршілігіне өзгерістер әкелмек.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота