«Ата заң әркімнің бойтұмары болып, оның әрбір қағидасы мүлтіксіз орындалғанда
ғана ортақ мақсатқа қол жеткіземіз». (Н. Ә. Назарбаев)
Заңды білу - заман талабы. Бүгінде Қазақстан Республикасында демократияға бағытталған құқықтық мемлекет кұру идеясын жүзеге асыру үшін әрбір азамат өз құқықтарын жете білуі, соған сай сана - сезімдерін қалыптастыру керек. Азаматтың міндеті - заң талаптарын бұзбау, екінші жағынан, өзіне жүктелген міндетін орындау. Өйткені заң дегеніміз - өмірдің нәрі. Заңның мықтылығы - адалдығы мен әділдігінде. Заңның ең басты мақсаттары - қоғамдағы алуан мінезді адамдарды салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
Ата заң - мемлекеттік құрылыммен қатар жариялы - билік институтын белгiлейтiн ереже ғана емес, сонымен қатар, мемлекеттің қандай кұндылықты сақтау керек екендiгiн айқындайтын басты құжат. Конституция қағидаларын жүзеге асыру қоғам мен мемлекеттің өсiп - өркендеуiне, адам құқығының сақталуына, бiрлiк пен тұрақтылыққа жол ашады.
Тарих өткенді саралап, келер уақытқа өнеге қалдырады. Қазақстанда конституциялық құндылықтардың дамуының өзiндiк тарихи жолы бар.
Қазақ хандығы құрылғаннан бастап ұлтымыз жан - жағынан қаумалаған жаулардан қорғана отырып, дербес, қуатты да тұрақты мемлекет болуға тырысты. Алтайдан бастап Арқа асқан, Жайыққа жеткен ұлан - ғайыр жерiмiз сол күрестiң нәтижесi. «Ел боламын десең, бесiгiңдi түзе» қағидасымен дамуды көздеген бабаларымыз «Тәртiпке бағынған құл болмайды, тәртiпсiз ел болмайды» деген дала заңымен, салт - дәстүрiмен өмiр сүрді«Қасым ханның қасқа жолы», «Есiм ханның ескi жолы», Тәуке ханның «Жетi жарғысы» сынды дала заңдары осыны меңзейдi.
«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры 2013 жылы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен ашылды және оның ашылуы астананың елу жылдығына орайластырылған. 2013 жылы 21 маусымда «Астана Опера» театры ұлы қазақ композиторы Мұқан Төлебаевтың «Біржан-Сара» операсымен бірінші театр маусымын салтанатты түрде ашты. 2013 жылы күзде әлемге есігін Джузеппе Вердидің «Аттила» өлмес операсы қойылымымен ашқан «Астана Опрера» театрының әлемдік тұсаукесері өтті.

Ол техникалық және көркемөнер жетістіктерінің бірқатарын байланыстырған ғажайып кешен ретінде жобаланған және Миландағы «Ла Скала», Мәскеудегі Үлкен театр, Нью-Йорктегі «Метрополитен-опера» сияқты әлемдік деңгейдегі әйгілі және айтулы опера және концерт залдарының қатарына толық заң бойынша енген. Оны тұрғызу үшін тек қазақ шеберлері ғана емес, Швейцария, Италия, Албания, Ресей, Марокко елдерінің мамандары да еңбек еткен. Тұтас алғанда жоба эллинизм, маньеризм, барокко сарындарына ерекше көңіл бөлініп классикалық мәнерде жасалған. Жарықтандыру мен ложалар ярусының, бес балконның түстік гаммасы алтын түстес болып құбылып тұрған доминанттық кәріптас түсті реңкімен көрермендердің назарын жалықтырмай, сахнаға бөгет жасамай, жылулық пен жайлылық сыйлайды. «Астана Опера» театры өзіндік бірегей дыбыстық сипаттамаларымен мақтана алады. Акустикасын жасауда еңбек еткен Италия мен Германиядан келген жетекші мамандар. Театрға кіретін басты есіктің алдындағы діңмаңдайшаны мүсіншілер Мұрат Амангелдіұлы Мансұров пен Тоқтар Тишқұлұлы Ермековтың «Қобызшы» және «Жетігенші қыз» мүсіндік композициялары безендіріп тұр. Театрың төбесіне орнатылған квадриго сақ патшайымы Томиристің бейнесінде, авторы Қанат Нұрбатұров