
Мұхтар Омарханұлы Әуезов-кеңестік қазақ жазушысы, драматург және ғалым. Маған бұл жазушы ұнайды. Оның екі томдық "Абай жолы" романы "дүниежүзілік әдебиет кітапханасына" енді. Ол табиғатын өз шығармаларында шынайы сияқты сипаттады. Бұл жазушы өз шығармаларында керемет. Ол "Қыр суреттері" , "Оқыған Азамат", "Қаралы сұлу" және т. б. әңгімелерін жазды. Өз өмірлерінде ол көп жақсылықты жасап үлгерді және ғасырлар бойы жүрегімізде қалады. Біз оны есте сақтаймыз!
Была рада Всего 60 слов хотя бы что то
Біз жақында "Ана-өмір шуағы" деген тақырыпта шығарма жаздық. Бұл жан шынында да өмір гүлі, күннің нұры екен. Әрбір ана сәбиінің дені сау болып, жақсы азамат болып өскенін қалайды. Түн ұйқысын төрт бөліп оянатын ананың сенімін ақтау қажет. Ол үшін біз жақсы оқып, үлгілі тәртібімізбен, спорттағы, өнердегі жетістіктерімізбен көзге түсуіміз керек. Мен Анамды сыйлаймын, жақсы көремін. Ол мектепте мұғалім болып істейді. Оның жұмысы өте қиын да, қызықты. Мектептегі әр баланың мінез-құлқын танып-білуге тырысатын анам маған қатал тәртіп қояды. Біз анам екеуміз әр түрлі тақырыпта әңгімелесеміз. Мен қандай сұрақтар қойсам да анам жауап береді. Әсіресе мен кішкентай кезімдегі қылықтарымды еске түсіргенді ұнатамын. Анам мені еркелетіп, құшағына алып, маңдайымнан иіскеп тұрады. Ұйықтар алдында мен одан Абай, Сәкен, Ыбырай аталарымыздың балалық шақтары жайлы сұрай беремін, ол жауап беруден жалықпайды. Мен анамның әрқашанда көңілді жүруін тілеймін!