vika2007
05.06.2023 01:12

Алпыс күн аспанға қарағанша, Алты көште айдынға құла мәні​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
creeperzombee23122
07.08.2020 08:02

Алматы

Объяснение:

Алматы — республикадағы ең сәулетті қалалардың бірі. Қала архитектурасында ұлттық ерекшеліктің элементтері, қала аумағының табиғат сұлулығы және құрылыс саласындағы ғылым мен техниканың жетістіктері жүйелі түрде, жоғары талғампаздықпен үндестік тапқан. Алматыда әр ғимарат өзіндік ерекшеліктерімен, ұтымды инженерлік-архитектуралық шешімімен кезге түседі. Қаладағы Республикалық алаң кешені, Президент резиденциясы, Даңқ монументі, Республика сарайы, Қазақстан­ның ғылым академиясының және Ұлттық кітапхана ғимараттары, Қазақ драма театры, "Қазақстан", "Отырар", "Рахат-Палас", "Анкара", "Достық" қонақ үйлері, Студенттер сарайы, Спорт сарайы, Медеу спорт кешені, республикалық Орталық мұражай, т.б. көптеген мәдени, ғылыми және қала тұрғындарына арналып са­лынған ғимараттар бой көтерді.

Алматы ірі ғылым, мәдениет және білім орталығы. Алғашқы жоғары оқу орны Алматыда 1928 жылы ашылған Қазақ мемлекеттік педагогикалық институты болды.

1929 жылы Алматы зоотех- малдәрігерлік институты,

1930 жылы Қа­зақ ауыл шаруашылығы институты,

1931 жылы Қазақ медициналық институты, ал

1934 жылы Қазақ мемлекеттік университеті ашылды. Бұл алғашқы ашылған жоғары оқу орындары қазақ интеллигенциясының жетілуіне зор ықпал жасады. Одан кейінгі жылдары Алматыда әр саладағы, әр бағыттағы ондаған жоғары оқу орындары ашылды. Кейбір институттардың ірі факультеттері жеке институт, универ­ситет және академия болып бөлек құрылды. Алматыда Қазақстан ҒА-сы құрылды (1946). Оның тұңғыш президенті болып академик Қ.Сәтпаев сайланды. Алматыда қазақ драма театры, орыс драма театры, балалар мен жасөспірімдер театры, опера және балет театры, ұйғыр және корей музыкалық театрлары, Қазақ мемлекеттік филармониясы, орталық кон­церт залы сияқты танымал мә­дени орталықтар бар.

1990 жылдан Алматыда жыл сайын өткізілетін халықаралық "Азия даусы" музыка және ән фестивалі өнер мерекесіне айналдырылды.

1994-96 жылдары Алматыда Тәуелсіздік монументі, әл- Фарабидің, Райымбек батырдың, Жамбылдың, Ә.Молдағұлова мен М.Мәметованың ескерткіш-мүсіндері ашылды.

0,0(0 оценок)
Ответ:
kavaii29
07.04.2021 14:47

Жайлау

Бір жылда төрт маусым болса, көшпенді қазақ халқы малдың қамын ойлап, осы төрт мезгілдің түрлі ауа райын ескере отырып, қоныстарын ауыстырып, оларды көктеу, жайлау, күзеу, қыстау деп атаған.

Әдетте жаз айларын (маусым, шілде тамыз) жайлауда өткізетін болған. Жайлау дегеніміз - жазғы қоныс. Көбінесе жайлау ретінде жайылымы жақсы, шөбі шүйгін, суы әрі мол, әрі тұнық, салқын ауалы жерлер таңдалған, ал олар тау баурайларында болған, сол себепті жазда тауға қарай қоныс аударатын болған.

Жайлауда тек жаз айларын өткізетіндіктен, ол жер басқа уақытта бос тұрады. Қыста қары қалың болып, ал көктем келісімен жердің беті кілемге ұқсап, құлпыра түседі. Шөбі де жақсы, қалың өседі. Суық қыстан шыққан мал жайлауда тойып секіреді, сонымен қатар адамдар біраз тынығып, демалады. Қысқа арнап сүт тағамдарын дайындайды. Қазақстанда қазірдің өзінде атақты жайлаулар бар: мысалы, Қарқара, Шалкөде, Сырт, ЦІүбартал, Асы т.б. Қарқара жайлауының үстімен бұрын "Ұлы жібек жолы" өткен. Осы жерде жыл сайын жәрмеңке өткізілген. Қазір Қарқарада малшылардың тойы өтеді. Ат шабысы, қыз қуу болады. Жайлауда балалар гүл тереді, көбелек қуады, суға шомылады. Бірақ бұл қызықты мезгіл де тез өте шығады. Жайлаудан кейін ел күзеуге кешіп қонады.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота