анжелаКоТ1
01.05.2023 16:20

Адамның мінезі туралы сөз жұмба по қазақ тіл ​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
свайпер
05.09.2021 00:12

Алтын ұя – мектебім шағын шығарма

«Білім кілті – мектепте» демекші, мектеп – біздің екінші үйіміз. Менің есімде алғаш ұстазымның үнемі айтып отыратын сөздері қалыпты: «Тарыдай болып кіресің, таудай болып шығасың» деп мектеп жайлы өте орынды айтылған деп ойлаймын. Мектеп – бізді есейіп, ер жеткенше білім нәрімен сусындататын білім ордасы, үлкен ғалым – академиктер, саясаткерлер, қаржыгерлер, табысты кәсіпкерлер және де тағы басқа мамандық иелерінің барлығы мектеп қабырғасында білім алып, оны ары қарай шыңдай білген.  

Мен қаламыздағы іргелі оқу орындарының бірі - №8 қазақ гимназиясында оқитынымды мақтан етемін, елімізге белгілі тұлғалар осы мектепте білім алған, болашақта мен де сол кісілер сияқты білімімнің арқасында биік шыңдардан көрінгім келеді.  

Мектебімізге келер болсақ, биыл мектептің жетпіс жылдық мерейтойы қарсаңында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын.  

Мектепте өткен әрбір күнім шаттыққа толы десе, артық айтпаспын. Мұғалім -біздің екінші анамыз, ал сыныптас достарым өз бауырларым секілді.  

Биыл мектептің мерейтойына байланысты қала деңгейінде түрлі мерекелік әрі оқу – әдістемелік іс – шаралар жоспарланып отыр, сол шаралардың сәтті өтуіне  барлығымыз түгелдей атсалысудамыз.

0,0(0 оценок)
Ответ:
WhiteRos
16.12.2020 07:00

1) Әңгімелеу мәтіні.

Көмекшілер.

Берік,Самғат,Ажар – кішкентайынан бірге өскен бауырлар.Олар өте тату әрі зерек еді.Ауылдағы атасы күтіп баптаған алма ағаштарының бүгін алма теріп алуды жөн көрді.Берік пен Самғат баспалдақпен биік ағаштардан қып-қызыл алмаларды алды.Ал Ажар оларда шелекке жинап,тасып жүр.Бұл үшеуіне үйдің күшігі Ақтөс те көмек берді.

2) Пайымдау мәтіні.

Еңбекқор құмырсқа.

Әлем көптеген тіршілік иелеріне толы.Солардың ішінде құмырсқа – әлемдегі ең көп тараған жәндіктің бірі. Қазақ «құмырсқадай қажырлы», «құмырсқадай құжынаған», «құмырсқадай еңбекқор» деген тіркестерді бекер айтпаған.Сіріңке қорабында бір дәнді бірнеше күнге жеткізе алған құмырсқа туралы әңгімені бәрі біледі.Олардың тағы да біз білмейтін қызық қыры көп.

Бір құмырсқа өз жемтігін тапқан соң,басқа құмырсқаға азығын табуға көмектесе алады.Аралар мұндайда билеп жүріп үйретсе,құмырсқалар бір жол бойымен жүріп отырып,азық табуды үйретеді.Олар бір-біріне жалғанып,басқалар өтуі үшін көпір жасай алады.Бір құмырсқа өз салмағынан 10 есе ауыр салмақты көтере алады.Құмырсқалар орта есеппен екі немесе үш айға дейін өмір сүреді. Осы уақыттың ішінде өздеріне тән еңбекқор, белсенділігі және үнемшілдігімен өзге жәндіктерден ерекшеленеді.

3) Сипаттау мәтіні.

Күзгі бақ.

Жаздан кейін күз "патшалығы" да келіп,бар аумақты өзіне баурады.Тіпті,жайқалып тұрған әсем баққа да келіп жеткен еді.Күзді күні тек күн салқындап,ел астық жинап қысқа қамданбайды.Соған қоса күз өзінің таңғажайып сұлулығымен де қалыс қалмайды.Оны күзгі бақтың бейнесінен байқай аламыз.Күзгі баққа кіріп қалсаң,бейне бір алтын жалатылған баққа кіргендей боласың.Ағаштар да,аяғыңның асты да сары түске боялған.Арасында қызыл,қоңыр,қызыл-сары түстер де араласып,керемет пейзаж береді.Күзгі бақта әдеттігіден көп серуендей бергің келеді.Себебі,ол тек әдемілігімен ғана емес,тыныштығымен де өзіне тартады.Күннің бұлтты не суық болуы күзгі баққа түк те әсер етпейді.Бәрбір де көркем мезгіл ғой.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота