karinasarova95
18.03.2020 05:48

Қазақстан азаматтары сұрапыл соғысқа қатысып қана қойған жоқ, ұрыстардың алғы шебінде ерен ерліктер көрсетті. Аттанғандардың көбісі соғыстан қайтып оралмады. Қанды қырғында елімізден аттанған
жүздеген жауынгер Кеңес Одағының Батыры атанған болатын. Соғыс аяқталғаннан кейінгі жылдары
Құдайберген Сұрағанов, Сабыр Рахымов, Бауыржан Момышұлы Батыр атағын алды. Екі мәрте Кеңес
Одағының Батыры атағын Талғат Бигелдинов және Шығыстан шыққан қос жұлдыз пулеметші Мәншүк
Мәметова мен мерген Әлия Молдағұловалар да осы жоғары атаққа лайықты деп танылды. Қазақстанда сонау
сұрапыл соғыс жылдарында толарсақтан қан кешіп, бүгінгі бейбіт өмірді сыйлаған майдангер ардагерлеріміз
бен тылда еңбек еткен ерендерімізді мәңгі жадымызда сақтау үшін зор жұмыстар атқарылуда. Бүгінгі әрі
келешек ұрпақ ата-бабаларының фашистік Германияның басқыншылық соғысына қарсы Кеңес одағы
құрамында ерлікпен шайқасқанын еш ұмытпауы тиіс. «Біз бейбітшіліктің құнын терең түсінуге тиіспіз. Егер
біздің бабаларымыз сол кезде жеңіске қол жеткізбеген болса, біз бүгінгі тәуелсіздікті көрер ме едік, көрмес пе
едік. Бостандығымыз бен тәуелсіздігімізді бағалай білуіміз керек, ал жастар ардагерлерге әрқашан қамқор
болуы қажет.
Мәтін тақырыбы
Негізгі ой
Дескриптор
мәтінге тақырып қояды;
-негізгі ойды анықтайды.​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
pomosh221314
12.10.2020 14:21

Ұлы Отан соғысындағы қазақтың қос Батыры Бауыржан Момышұлы мен Мәлік Ғабдуллиннің шынайы достығын, бір-біріне деген терең құрметін айтып берейін.

1942 жылдың ақпан айы. Түкірігің жерге түспейтін аяз. Бауыржан Момышұлы басқарған полк бір түннің ішінде алты қыстақты немістерден тартып алды. Соғыс тарихында бір бекіністің қолдан-қолға бірнеше рет көшетіні қайталанатын жайт. Мұны білетін Баукең қорғанысты күшейтуді ойластырды. Неге десеңіз, бұлар үшін де әлгі қыстақтардың маңызы күшті болатын. Тоғыз жолдың торабы еді ол. Қыстақтардан немістерді қуып шыққанымен олардың бірнеше полктен тұратын күші тосқауылда тұрған.

– Апырай, қапыда қалмасақ жарар еді. Күзетшілер жаудың келіп қалғанын қалай байқамады екен, –деп ілгері жаққа көз жіберген Баукең қарсы шабуылға шыққан қарақұрым жау тобын көріп қалды. Ұшып тұрып команда берейін десе, бораған оқ бас көтертер емес. Жанындағы батальон комиссары Гусев ауыр жараланып, құлап түсті.

Кенет оның қырағы көзі үйлерді тасалай, бұқпантайлай жүгіріп келе жатқан кісіге түсті. Тани кетті. Мәлік екен, жүрегі жылып, бойына ыстық қан жүгіргендей болды. Қайдан шыққаны да белгісіз. Ешнәрсеге қарар емес. Құстай ұшып, бұйрық беріп барады. Оның дауысы шығуы мұң екен, оң жақтағы күртік окоптардан әуелі біреу, одан кейін бес-алты, ал олардың соңынан тұтас автоматшылар ротасы дүркірей көтерілсін кеп. «Уралаған» топ біздің әскерлер шебіне жақындап келіп қалған немістерді оқты қарша бората қарсы алды. Таң алдындағы осы қанды шайқасты тілмен айтып жеткізу қиынның қиыны еді. Өліспей беріспейтін екі жақ та әп-сәтте араласты да кетті. Бұл кезеңді пайдаланған кейінгі жауынгерлер де ес жиып, алға ұмтылған еді. Атылған мылтық, қоян-қолтық алысқан жауынгерлер, айқай-шу, ыңырана құлап түсіп жатқан адамдар…

Інісі Мәліктің дәл осы жолы қайталанбас ерліктің үлгісін көрсеткенін Баукеңнің өзі де біліп, көзі көріп тұрды.– Жау жанал-қымнан алып, оқыстан тигенде Мәлік болмағанда, – дейді ол. – Тірі ме екен өзі… Жігіт болса осындай болсын. Оның бастағанына еріп, жауға қарсы алғаш жалғыз өзі атылған сұңқар кім екен? Баукең адъютантын осы деректерді біліп келуге жұмсады. Ол жүгіріп кетісімен қыстақ бойындағы көшелердің бойымен ақырын аяңдап келе жатқан Мәлік көрінді. Жас сұңқар аяғын әзер-әзер басып, ілбіп келеді. Бірақ, жүзінде жылылық, қуаныш, тіпті күлкі нышаны байқалатын сияқты.

Міне, бұл Баукең мен Мәлік ағайдың неміс басқыншыларына қарсы қоян-қолтық соғысының бір көрінісі. Олар мұндай қанды шайқастың талайын басынан өткізді. Екі ер бір-бірінің батырлығына қатты сүйсінді, риза болыс-ты.

Міне, біздің заманымыздың батырларының біріне-бірі берген бағасы, сүйіспендігі осындай. Халқымыздың аса ірі тұлғалы қос батыры бойларындағы асыл қасиеттерін осылай бағалаған. Жазудан, сипаттаудан танбаған. Мәлік аға 1943 жылы соғыста жүргенде Бауыржан туралы былай жазған екен:

«Тылдағы кейбір жолдастар Бауыржанды долбарлы қара күштің, қолма-қол ұрыс, айғайдың иесі деп бағалайтын сияқты. Бұл қате. Бауыржанға берілген теріс баға. Ең алдымен Бауыржан ақыл мен ойдың иесі, барлық қасиеті бойына жиналған, адамгершілігі, ерлігі, жігітшілігі күшті, шын мағынасындағы қолбасшы, командир».

…1956 жылы көктемде Бауыржан Момышұлы отставкаға шығады да біржола Алматыға келеді.

– Әй, Мәлік, осы сірестіре амандасуға тойдық қой, келші, бауырларша бір құшақтасайық, – деп екі қолын қыранша кең жазып жіберді. Екі батыр құшақтарын жаза алмай, бір-біріне жабысқан күйі ұзақ тұрды. Сағыныштың желімі оларды тіпті жіберер емес.

…1973 жылдың 2 қаңтарында Мәлік аға кенеттен дүние салды.

Баукеңнің батыр інісі туралы айтқаны, берген бағасы. Ол інісінің бойындағы асыл қасиеттерін жоғары бағалаған, өзін сыйлап, құрмет тұтқан, басқаларға үлгі еткен. Сол сияқты Мәлік ағаның да Баукең туралы аз айтпағаны белгілі. Ағай дүниеден өткеннен кейін ол кісінің мұрағатынан Баукең туралы жазған ұзақ жырлары табылды.

Осы ұзақ жырда Мәлік аға Баукеңнің шыншылдығын, батырлығын, адамшылығының жоғары екенін суреттейді. Отан алдындағы міндетін абыроймен атқарып жүргенін жырлайды. «Өсер елдің ұлдары бірін-бірі батыр дейді», дегендей, қазақтың қос батыры өмір бойы бірін-бірі жырлап, сипаттап өтуі кейінгі жас ұрпаққа үлгі-өнеге болмақ.

0,0(0 оценок)
Ответ:
Tadashimi2016
08.05.2020 07:29

Жауаптары:

1. Ұлттық құндылығымызды сақтай отырып, экономикасы берік қаланған, тәуелсіздігін сақтаған ел болу.

2. Бар. Себебі мен осы байтақ жердің, батыл ата-бабаның ұрпағымын. Сондықтан олар аманат еткен байлықты сақтауға тікелей қатысым бар.

3. Ауызбірлікпен іс істемесеңдер, ол өнбейды, босқа кетеді дегені.

4. Тәуелсіздік бізге тіл, салт-дәстүр, рухани, материалдық мәдениетімізді иемденуге, төл байлығымызды сақтауға мүмкіндік берді.

5. Әр құндылыққа үлкен құрметпен қарауымыз керек. Өйткені олар біздің тарихымыздан сыр шертеді. Болашақтың кілті де соларда.

6. Себебі біз Қазақстан мемлекетінің азаматымыз, осы жерде тұрамыз. Ауасын жұтып, суын іштік. Тарихқа, мемлекетке, табиғатқа әрқашан қарыздармыз.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота