Усенька
13.01.2021 20:05

Берілген мәтінге күрделі жоспар құру Соғыс басталғанда Нүркен Орынбордың авиаучилищесінің курсанты болып оқып жүрген еді. Оқуды бітіргеннен кейін оған қысқа мерзімді демалыс беріледі, бірақ ол демалыстан бас тартады. Қолына ақ парақ пен қалам алып, үйіне былай деп хат жазады: «Мен фашистердің үнін ажал оғымен өшіру үшін асығып, үйге бармадым...».
Осылайша, жиырма жасында алғаш әуеге көтеріліп, ұшудың дәмін сезген өжет жігіт оқуын аяқтай сала, үйіне де бармай, 267 әуе дивизиясының 808-ші шабуылшы полкі құрамында майданға аттанды. Онда талай әуе шайқасына қатысып, көк аспанда қырандай самғап, қармаған жауының жанын алып отырды. 
Барлығы 17 рет әуе шайқасына қатысқан Нүркен жаудың 18 танкісін, 46 жүк машинасы мен көлігін, оның ішінде оқ-дәрі тасыған 18 керуенді, жанармай құйған 3 цистернаны талқандап, зенит қондырғыларының бесеуін, бірнеше жабық атыс ұясын, талай жау әскерін жайратты.
1942 жылы желтоқсанның ызғарлы бір күнінде біздің батыр жерлесіміз өзінің серігі, атқыш әрі байланысшы Саша Комиссаров екеуі соғыс аспанына соңғы рет самғап шыққандарын өздері де білмеген еді. Боков-Пономорев станциясы маңайына келгенде, соғыс оты өрши түсті. Олар жаудың тас құрсанған үлкен алты танкісін, бірнеше атыс ұясын, зенит артиллериясының екі қондырғысын жойып жіберді.
Жау жағы да қарап қалмады. Қырандай самғаған темір ұшақтарға жаудырта оқ атып, жауап қатты. Осындай бір жау оғы ұшаққа дөп тиіп, ол өрт құшағына ене бастады. "Отан үшін отқа түс, күймейсің" деген ой көңілінде күңгірттене сәуле берсе де, Нүркен осы жолы отқа түссе, аман қалмайтынын білді. Бірақ батырдың батырлығы сол, жан сақтауға еш тырысқан жоқ. Керісінше, отқа оранған күміс қанат қыранның тұмсығын фашист танктері шоғырланған тұсқа қарай бұрды. Осылайша құлдилай құлаған самолет ішіндегі Нүркен мен оның қандыкөйлек серігі Александр Комиссаров екеуі ақырғы рет қаншама жауды қырып, жастық шағын өздерімен бірге ала кетті.
өтінем көмек

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
violapi
20.01.2021 01:26

Туған жер – алтын бесік

Менің туып-өскен жерім, кіндік қаным тамған жерім – ауылым. Ауыл деген, ойпырым-ай, еске түссе, көзден жас шығып, бетіңнен күлкі кетпес! Балалардың у-шуы, кемпір-шалдың дүбірі, сарқыраған су, табын-табын жылқы шабуы әлі де есімде...
Шіркін, әжем айтқандай, «Өткен өмір - соққан жел» деп, биыл, міне, мектеп бітіріп, азамат болдым. Енді бірнеше жылдан соң жоғары білім алып, өз мамандығым бойынша жұмыс істемекпін. Міне, кешегі көбелек қуған қазақтың қара домалақ баласы бүгін ер жетіпті.
Мен атам мен әжемнің қолында өскендіктен бе, әлде ... кім білсін?! Туған жер дегенде кешегі шал-кемпірлерім есіме түседі.
Жаздыгүні бір қызық... Атам таң атпастан ат жегіп, бізді оятатын. Мен сіңлім екеуіміз созылып-керіліп оянғанша, күн сәскеде. Әне-міне дегенше киініп, ат үстінде (яғни ат арбаның үстінде) саяхатқа дайын отырамыз. Атамыз өзінше жоспар құрып, ауылдың ана шеті мен мына шеті бойынша карта жасайды. Ең бірінші біз жидек жинауға барамыз. Жол-жөнекей ән айтып, жолда кездескен зираттарға құран қайтарып, шілікке де жетеміз. Шілік дегеніміз жидектің тұнып тұрған жері еді. Сол жерде қымыз дәмін шығаратын шөптен де аламыз. Жидек жинаған тағы бір қызық. Менің анам қатал адам. Неге екенін білмеймін, мүмкін сіңлім екеуімізді жалғыз өсіргендіктен. Әйтеуір бір жидекті аузымызға түсірмейді. Сонда марқұм атам жидекті тақиясына жинап, шөптің арасына тығып қояды. Түгеліміз жиналып, енді атқа отырар кезде, ол тақиясын алып шығып бізге беретін.

 

Келесі карта бойынша қарақат теруге барамыз. Бұл жерде, әрине, аузымызға біраз нәрселер түсетін. Себебі, қарақаттың биіктігі жидекке қарағанда тығылуға болатын. Мен тығылып, қарақатқа жақсылап тұрып, тойып алып қып-қызыл аузыммен шығамын. Сонда қарақат жинаған шелегім тап-тақыр бос. Әрине, анамнан біраз сөз еститінмін, бірақ қарын тоқ болғасын, оны уайымдайтын Медресегүл қайда?! Сонымен одан әрмен жылжығасын біз үш құдыққа да жетеміз. Сонда Үш құдық дегеніміз қазіргі артезиан, бірақ үшеуі де бір өзенге тоғысқан. Сол жерде шомылып (атам да жасы сол кезде 78-де болса да, бізбен бірге шомылып), доп ойнайтынбыз.
Шынымен, «жас кезінде бір бала, қартайғанда бір бала» деген осы. Атамның бетіндегі күлкісі әлі есімде.
Кеш бата біз ауыл сыртына жақын келгенде, атам шалғысын алып, малға шөп шауып алатын. Сонымен күн ұясына батқасын үйге өлердей шаршап қайтамыз. Бағанағы тақиясын шешкен атам түгелімізді күлдірді. Өйткені жидек тергенде, жидектің қызыл түсі тақиясында қалып, атамның басы қып-қызыл болды. Көрші-қолаң, көшедегі балалар атамды «қызыл бас» деп атап кетті.
Міне, бұл менің өмірімдегі және ауылымдағы бір күндік оқиғасы. Сондықтан ауыл, қария, кемпір-шал деген сөздер менің есіме бүкіл өмірімді, туған жерімді түсіреді. Бұл менің балдай тәтті бала кезім. Туған жерге деген ыстық сезім, ауылымның елесі, алтын бесіктей табиғаты әлі де көз алдымда...

0,0(0 оценок)
Ответ:
bogdanzdebskiy
13.04.2021 19:41

-Сәлем!

-Сәлем! Қалың қалай?

-Жақсы, ал сенде ше?

-Кушті

-Сең білесің бе қызыл кітап не үшін керек екеніне? Жәй бізге осындай үй тапсырмасын берген.

-Қызыл кітаптың құрып кету қаупі төнген жануарлардың барлық түрлерін білу үшін қажет. Осылайша адамдар қанша жануарлардың кінәсінен өлетінін түсінеді.

-Өкінішке орай. Сен Қызыл кітағы жануарларды білмейсіз бе?

-Жоқ.Ол Амур жолбарысын, Қиыр Шығыс барысын және Қызыл қасқырды есіне алды.

-Енді есіңіде ме?

-Мен енді білмеймін.

-Ал, сабақтан кейін кітапханаға барайық?

-Жарайды

-Көп сағат өткен екен. Мен кеттім.

-Жарайды, сабақтан кейін осы жерде кездесеміз.

-Жақсы. Кездес кенше

-Сау бол.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота