Адам ата - анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады. Әрбір естілік жеке өзі іске жарамайды. Сол естілерден естіп, білген жақсы нәрселерді ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, сонда іске жарайды, сонда адам десе болады. Мұндай сөзді есіткенде шайқақтап, шалықтанып не салбырап, салғырттанып есітсе, не есіткен жерде қайта қайырып сұрап ұғайын деп тұшынбаса, не сол жерде сөздің расына көзі жетсе де, шыға беріп қайта қалпына кетсе, естіп - есітпей не керек? Осындай сөз танымайтұғын елге сөз айтқанша, өзіңді танитұғын шошқаны баққан жақсы деп бір хакім айтқан екен, сол секілді сөз болады.
Мен қазақ тілі панін өте қатты жаксы көремін.Себебі: қазақ тілі өзіміздің аса байтақ, кең тіліміз бар.Қазақ тілінде ата-бабамыз айтып кеткендей "өзге тілдин бəрін біл, өз тілінді құрметте" деген. Сол сияқты əр адам өзіннін тілін өте жақсы біліп, құрметеп журу керек.Мысалы: бір кісі кезкелген уақытта 7 атаңды сұрап қалуы мүмкін немесе руыңды тағы сол сиякты басқада қазақ тіліне байланысты немесе өзіне байланысты, қазақ дастүрине сəйкес сұрақ қойып қалса мүлдем тусінбей немесе білмей тұрсаң ұят болып қалады.Ал салт-дастүрлеріне келсек қазақтін дастүрлері өте көп.Мысалы бет-ашар,Наурыз,8 наурыз халықаралық əйелдер күні жəне тағыда басқа осы сиякты мерекелер көп.Сол үшін əр адам өз тілін білуге міндетті деп ойлаймын.Жаңа айтып кеткендей аталарымыз "өзге тілдің бəрін біл, өзтілінді кұрметте"деген секілді өзіміздің қазақ тілімізді біліп құрметтеп жүрейк.