Спорт туралы.
Спорт денсаулық кепілі болғандықтан, өз денсаулығымызға немқұрайлы қарамауымыз керек және әрбір адам жасы мен жұмысына қарамастан денсаулығына көңіл бөліп, спортпен шұғылдану керек деп ойлаймын. Спортпен шұғылданудың арқасында денім сау, ал өзім шымыр боламын. Адамдар түрлі спорт түрлерімен әр түрлі мақсатта айналысады: біреулері денсаулығын нығайту үшін, енді кейбіреулері өзін – өзі дамыту үшін, ал басқалары моральді қанағаттану үшін. Спорттың қай түрі болмасын, барлығы да денсаулыққа пайдалы екенін ұмытпайық. Ал сіз қай спорт түрімен шұғылданасыз?
-Сіз Абай Құнанбаевтың кім екенін білесіз бе?
-Әрине.Абай Құнанбаев- қазақ халқының ақыны,ағартушы,философ,композитор,аудармашы,қазақтың жазба әдебиетінің негізін қалаушы.
-Абайдың саяси көзқарасының қалыптасуына кімдер ықпал етті?
- Орыс зиялы қауым өкілдері Е.Мизаэлис, А.Леонтьев,С.Гросс, П.Лобановский және басқалар.Осы кісілер арқылы Абай А.С.Пушкиннің,М.Ю.Лермонтовтың шығармаларымен танысты.
-Абайдың поэмаларын білесіз бе?
-Абайдың "Ескендір","Масғұт" поэмалары бар.Сонымен қатар кқптеген өлеңдері де бар.
- Абай өз өлеңдерінде не туралы айтты?
-Ақын қазақтарды ерінбей еңбек етуге шақырып,жалқаулықты,алауыздықты,надандықты әшкереледі.
Орыс тілінен аудармаларын білесіз бе?
- Абай М.Лермонтовтан "Дұға",("Молитва"), "Қанжар","Жалау"("Парус"), "Теректің сыйы" өлеңдерін аударған. А.С.Пушкиннен "Евгений Онегин" шығармалсынан үзінділер аударды.
-Ақынның қандай шәкірттерін білесіз?
-Шәкәрім,Көкбай,Ақылбай,Кәкітай,Мағауия -ұлы ақынның ізбасарлары болды.
Объяснение: