ambarik
14.11.2020 06:26

Найдите 5 хорошие качество человека и 5 плохих Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз.
Тілеуің, өмірің алдыңда,
Оған қайғы жесеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ –
Бес дұшпаның, білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым, ойлап қой –
Бес асыл іс, көнсеңіз.
Жамандық көрсең нәфрәтлі,
Суытып көңіл тыйсаңыз.
Жақсылық көрсең ғибрәтлі,
Оны ойға жисаңыз.
Ғалым болмай немене,
Балалықты қисаңыз?
Болмасаң да ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп,
Айтпа ғылым сүйсеңіз,
Сізге ғылым кім берер,
Жанбай жатып сөнсеңіз?
Дүние де өзі, мал да өзі,
Ғылымға көңіл берсеңіз.
Білгендердің сөзіне
Махаббатпен ерсеңіз.
Ақыл сенбей сенбеңіз,
Бір іске кез келсеңіз.
Ақсақал айтты, бай айтты,
Кім болса, мейлі, сол айтты –
Ақылменен жеңсеңіз.
Надандарға бой берме,
Шын сөзбенен өлсеңіз.
Аят, хадис емес қой,
Күпір болдың демес қой,
Қанша қарсы келсеңіз.
Көп орында көріне айтпа,
Біздің сөзге ерсеңіз.
Мұны жазған кісінің
Атын білме, сөзін біл!
Осы жалған дүниеден
Шешен де өткен не бұлбұл,
Көсем де өткен не дүлдүл.
Сөз мәнісін білсеңіз,
Ақыл – мизан, өлшеу қыл.
Егер қисық көрінсе,
Мейлің таста, мейлің күл.
Егер түзу көрінсе,
Ойлап-ойлап, құлаққа іл.
Ақымақ көп, ақылды аз,
Деме көптің сөзі пұл.
Жақынның сөзі тәтті деп,
Жақыным айтты дей көрме.
Надандықпен кім айтса,
Ондай түпсіз сөзге.ерме.
Сізге айтамын, қаупім - бұл.
Өзің үшін үйренсең,
Жамандықтан жиренсең,
Ашыларсың жылма-жыл.
Біреу үшін үйренсең,
Біреу білмес, сен білсең,
Білгеніңнің бәрі - тұл.
Сөзіне қарай кісіні ал,
Кісіге қарап сөз алма.
Шын сөз қайсы біле алмай,
Әр нәрседен құр қалма.
Мұны жазған білген құл –
Ғұламаһи Дауани,
Солай депті ол шыншыл.
Сөзін оқы және ойла,
Тез үйреніп, тез жойма,
Жас уақытта көңіл - гүл.

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
сергей1106
28.10.2022 03:22

2-тапсырма. Келісу/келіспеу себептерін көрсете отырып, «Біздің елде жас

өнертапқыштар көп» деген пікірмен келісесіз бе? Көтерілген мәселе бойынша

келісу-келіспеу себептерін көрсетіп, эссе жазыңыз. Эссе құрылымын сақтаңыз.

Көлемі - 100-120 сөз.

Эссе жазу барысында ұсыныстарды ескеріңіз!

•Алдымен тақырыпқа топтастыру жасап алыңыз.

•Тақырыптан ауытқымас үшін жүйелі жоспар құрыңыз.

•Сөз санын да жоспарлаңыз.

•Нақты аргументтер келтіріңіз.

•Келісу/келіспеу себептерін көрсетіңіз.

•Эссе шаблонын(кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды) сақтап, сауатты жазыңыз.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Ответ:
kli200192uasmi
13.03.2021 07:01
Сол жай: кітап Ша оған әріптерді танысамын. (Әліппе)Асықтай құлаққа Бұралаң ұқсас, қарамастан Бізге постоять болар-болмас жұмсайды Қарамастан және жолға шық- жоғары шық-. (Үтір)Жаңа үйді қолда несу, қарамастан Үйдің есіктері - құлыпта. Мұнда тұрғындар қағаздар, қарамастан Барлық кереметтей маңызды. (Портфель)  Мен биыл асығамын Көшеден үй: Мені үй күтеді Әңгімеші мылқау (Кітап) Қанаттармен, ал летит, қарамастан Тілмен, ал айтады. (Хат) Это книга не простая: По ней буквы изучаю. (Букварь)На крохотное ушко Похожа завитушка, Велит нам постоять чуть-чуть И отправляться дальше в путь. (Запятая)Новый дом несу в руке, Дверцы дома — на замке. Тут жильцы бумажные, Все ужасно важные. (Портфель)  Тороплюсь я нынче С улицы домой: Ждет меня дома Рассказчик немой (Книга) Без крыльев, а летит, Без языка, а говорит. (Письмо)
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота