ева211078
07.01.2020 16:09

1-тапсырма: Берілген сөйлемдердегі толымды сөйлемді бір бөлек, толымсыз сөйлемді бір бөлек етіп көшіріңдер. – Бір қимылды істеуін істедің. Енді сақ бол!
Тегін емес екенін де білген. Қараша қара сойылға мықты болатын.
Құнанбай қолын бұл ұрыста бастаған – Құлыншақтың батыр ұлы Манас. Қоян – қолтық жерден жақсы килікті. Ол алдарынан тосқауыл болатынын білген кісідей екен. Аналар қаптап қоя берсе де, түк сасқан жоқ.
Абай, көбінесе Жидебайдағы шешелерінің қасында болды. Көктемге дейін күндіз – түні кітап оқуға салынды. Медреседен қайтқалы қарағаны осы. Ғабитхан да оқығыш болатын. Соның кітаптарының ішінен өзін қызықтырған көп – көп асыл бұйымдар тапты.
Зере Абайдың кітапқа берген ықыласын байқап, бір күні кешке:
·        Қарағым, осының ақыл. Ішкен менен жегенге мәз болып, мойны – басы былқылдап, ақылдан да, өнерден де кенде боп жүрген бай баласы аз ба? Осы ала қағазыңнан айырылма! Ұқсама аналарға! – деген.
 
2-тапсырма: Жай сөйлем мен құрмалас сөйлемдерді ажыратыңдар.
Биылғы көктем – талайдан болмаған көктем. Өзі тіпті күзге ұқсай ма әлде (не). Жарқырап, жадыраған әсем көктемі жоғы былай тұрсын, егіс бітіп, көк шығып қалған кезде қар (да) жауды. Май ортасы ауып бара жатса (да) әлі күнге үскірік суық айықпайды. Талайдан бері күн көзін көрсетпей жөңкіліп бүктеліп көшкен қою қара бұлт бүгін (де) бітпестей боп баяу қалқып маңып барады. (М.Ә.)
 
3-тапсырма: Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қоя отырып көшіріңдер. Жай сөйлем түрлерін ажыратыңыздар.
Ата тұрып ұл сөйлесе, ер жеткен болар
Сырым жиырма алты жасында бір жолдасымен Нұралы ханның үй...не барса, хан Қараман тана Малайсарымен сөйлесіп отыр екен.
– Балалар аман ба? – депті де, елемей өздері сөйлесе беріпті. Сырым жолдасына дау...стап:
– Жүр, кетейік, бұлар бізді адам деп отырған жоқ қой! – дейді.
Малайсары жалт қарап.
– Ата тұрып ұл сөйлеген...ен без,
Ана тұрып қыз сөйлеген...ен без.
Сырнайдай сарнаған мына бала кім? – дейді.
– Ата тұрып ұл сөйлесе, ер жеткені болар,
Ана тұрып қыз сөйлесе, бойжеткені болар, -- дейді Сырым.
– Сен толған екенсі..., мен тозған екенмін, -- деп, Малайсары сонда Сырымды қасына шақырған екен.
(«Шешендік сөздер» кітабынан).
 
 Қарамен берілген сөздердің мағынасын түсіндіріңдер.
 
 

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
jdavidkina
03.02.2023 12:53

Қазақ халқы өзінің күн көріс тіршілігіне қажетті үй-жай салуды, киім-кешек тігуді, азық-түлік өндіруді өзінің тұрмыстың кәсібі етіп, оларды күнбе-күнгі тіршілік барысында орынды пайдаланса, әсем бұйымдар жасап, өмірде сән-салтанат та құра білді. Халықтың қолөнеріне әдет-гұрып жабдықтарымен қатар, аң аулауға, мал өсіруге және егіншілікке қажетті құрал жабдықтар да кіреді. Киіз үйдің сүйегі, ағаш керует, кебеже, сандық жасап, кілем, сырмақ, алаша, ши, түрлі бау-басқұрлар тоқып, арқан, жіп есіп, көннен және илеулі теріден қайыс, таспа тіліп, өрім өріп, қолдан әр алуан ыдыс-аяқ, адалбақан, асадал, бесік және т. б. көптеген заттарды халық шеберлері, өнерпаздар өз қолдарымен жасады.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Ответ:
Katpo
26.10.2020 08:08

Ана тілім бал тілім

Өзің барда шалкыдым

Өз тілімде ән шыркап

Термелетіп балкыдым.


Тілім барда мактанам

Тілім менің аппақ ән

Бірлігімді бүгінгі

Ана тілім сактаған.


Туған тілім-бабам тілі-өз тілім,

Туған тілім-анам тілі-өз тілім.

Туған тілім-далам тілі-өз тілім,

Туған тілім-адам тілі-өз тілім.

Туған тілде сыры терең жаным бар,

Туған тілім тіл болудан қалса егер

Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.


Ана тілім, жүрегісің анамның,

Жүрек ана, мен өзіңнен жаралдым.

Сағат сайын саулығыңды тілеймін,

Сенсіз маған керегі жоқ ғаламның.

Сенің арқың қанып ішсем тұнықтан,

Сенің арқың дүниеден сыр ұқсам.

Анашымды ұмытқаным емес пе?

Ана тілім егер сені ұмытсам.

Сенің әрбір тынышыңнан күн кешем,

Сен арқылы тіршілікпен тілдесем.

Ел бетіне қалай тура қараймын,

Ана тілім егер сені білмесем.


Ана тілің - арың бұл

Ұятың боп тұр бетте,

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте...

Дереккөзі: https://www.zharar.com/kz/takpak/1301-til.html#sel=5:1,34:3

© www.ZHARAR.com

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота