негізгі ақпарат:Кітапханаға 1991 жылдың 9 желтоқсанында «Ұлттық кітапхана» дәрежесі берілді. Жыл сайын 1 млннан астам оқырман келіп, 2млн данаға жуық кітап оқылады. Оларға 1,5 мың орындық 14 оқу залы қызмет көрсетеді. ҚР Ұлттық кітапханасы халықаралық кеңістікте әлемдегі ірі кітапханалардың бірі ретінде танымал.
қосвмша ақпарат:Кітапхана қорында әлем халықтарының әр тілдерінде 5 831 812 сақтау бірлігін құрайтын әмбебап жалпыұлттық әдебиеттер жинағы сақталады. Қор жыл сайын 100 мың данаға толықтырылып отырады. Күн сайын кітапханаға 3 мыңға жуық оқырман қатынайды.
негізгі және қосымша ақпарат:Оқу залдарында негізгі кітап сақтау және қосалқы қорлардан әдебиет беріледі, соның ішінде сирек кітаптар мен қолжазбалар, карталар, ноталар, дыбыс жазбалары, электронды басылымдар топтамалары да бар..
Өтірік айтуға бола ма?
"Өтіріктің құйрығы бір тұтам" дегендей, менің ойымша, өтірік айтпаған абзал. Себебі ерте ме, кеш пе өтірік ашылып, ақырында адамдардың өзіңе деген сенімін жоғалтасын. Қандай болмасын шындықты айтқан дұрыс.
Қазақ халқының мақал - мәтелдерінде өтірік тақырыбына өте көп көңіл бөлінген. Сол арқылы ата - бабамыз бізге дұрыс бағыт - бағдар, тәрбие беріп, өтіріктен жаман қылықтардан аулақ болуымызға ықпал тигізген.
"Өтірік деген дұшпан бар, отқа сүйреп салатын" демекші, әрдайым шындықты бетке айтып, жалған айтдан аулақ болайық!