Наурыз мейрамы — ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы.Наурыз – көне мейрам. Наурыз мерекесін тойлау дәстүрі дүние жүзі халықтарының көпшілігінің тұрмыс-салтында бағзы замандардан орын алған. әстүр бойынша бұрын Наурыз мейрамын бүкіл ауыл-ел болып, әсіресе жастар жағы түгелдей таң шапағатын қарсы алудан — тазаланған арықтарға су жіберуден, ағаш отырғызып, гүл егу рәсімін өткізуден бастайтын. Қызықшылық онан әрмен халық ойындарымен («Айқыш-ұйқыш», «Ақ серек пен көк серек», «Алқа қотан», т.б.), ән салып, би билеумен, ақындар айтысымен, «Қызғалдақ» мерекесімен, қазақша күреспен, ат жарысымен жалғасып кете беретін де, түнге қарай «Алтыбақан» айналасындағы тамашамен аяқталатын.
Табиғат пен адам - егіз ұғым Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ, Табиғаттың оны айтатын тілі жоқ. Табиғат - тіршілік көзі. Табиғатты қорғау біздің парызымыз, оның әрбір әсері үлкен роль атқарады. Аяулы табиғатсыз осы ғаламда өмір сүру, тіршілік ету мүмкін емес. Жыл мезгілдерінің өзгеруі де табиғатты одан әрі әсерлендіреді. Әр жыл мезгілдері әр қилы. Төрт жыл мезгілі - төрт түрлі ғажайып күй сыйлайды. Табиғат бізге көп әсемдігін, таза суын, көк аспанын будақ бұлттарымен мөлдір суын береді. Таудан аққан өзен дауысы, жасыл шөптің сылдыры және әр нәрсеге, бізге әсемдік береді. Табиғаттың ғажайып әсемдігін көз алдыңа елестете отырып, өзің бір керемет сезімге бөленесің. Табиғаттың бар әсемдігін, бар кереметін, оның әрбір әсерін сөзбен де, жазумен де жеткізу оңай емес. Оның керемет көрінісі жаныңды тебірентеді. Бұлттары мақтадай, шөптері кілемдей төселген. Табиғатты аялау әр адам үшін маңызды, себебі адамда табиғаттың бір бөлшегі. Таразы басында екі қымбат нәрсе бірі табиғат, бірі адам. Бірі жеңіл тартса таразы аударылады, демек адам мен табиғат егіз ұғым. Бір - бірінсіз өмір сүре алмайды. Сондықтан табиғатты аялап, қорғауымыз керек. Табиғатты аялау дейміз – ау. Осы бір сөздер парақ жүзіне асқалы көп болғанын сізде бізде білеміз. Өзіміздің салдыр - салақтығымыздың нәтижесін көріп те жүргендейміз. Оған дәлел талай баланың дертті болып туылуы болса, ауа - райының үлкен өзгеріске ұшырауы, төрт мезгілде болатын құбылыстың бір күнде болуы, табиғат – ананың да денсаулығына нұқсан келгенін қинала отырып мойындаймыз
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota
Оформи подписку