Suri31
26.08.2022 19:06

1М.Шаханов туралы берілген мәліметті оқып "Кластер"құрастырыңдар 2 1- бөлімді Махамбеттің соңғы монологын оқып, күрделі жоспар құрыңдар
1- бөлімді Махамбеттің соңғы монологы мәтін:Баз бір адамдарда болашағын елден ерек сезіну, түйсіну күші болатынын ғылым жоққа шығармайды... Махамбет ақын өлерінен екі күн бұрын айналасындағыларға өзінің жан шошынарлық сұмдық түс көргенін, түсінде иығынан үзіліп түскен өз басы өзіне қоштасу айтып тұрғанын әңгімелеген.Мен түсімде зорлық көрдім, қорлық көрдім ғаламат,

Бір таныс қол соғып өтті әлдекімді паналап,

Зұлымдықтың жасырынып келетіні жаман-ақ.

Иығымнан ұшқан басым көкірегімнен домалап,

Бара жатты атамекен Ақжайықты жағалап,

Жүрегімнен аққан қанға боялыпты бар алап.

Жә, бұл түсім тегін емес, мына сойқан заманда

Тіршілікпен қоштасар сәт жетті-ау деймін маған да.

Қоштасар сәт жетті-ау деймін, туған елім, еңселім,

Бостандыққа шақырып ем,Сенің заңғар ақылың ем,

Едім әрі өлшемін..

Жан ашырың, жақының ем,

Және қайсар ақының ем мен сенің.

Жұлдыздай боп жанар алдан

Ақындықта елден ерек басқа заң.

Батырлығы жоқ адамнан

Үлкен ақын шыққан емес ешқашан.

Туған елім — арман, мұңым,

Енді сені жетелейді жол қалай?

Менің бассыз қалғандығым

Сенің бассыз қалғандығың болмағай!

Иә, шындықтың ащы даңқы,

Шындық үшін жалғыз түстім егеске.

Ақындықтың басты шарты —

Басты алса, да шындықты айту емес пе?

Өлімге сан жақын бардым,Қорғансыз боп көрінсем де жай көзге.

Шындықты айтқан ақындардың,

Бірақ жолы болып еді қай кезде?

Көрде де енді сен жайлы ойға батамын

Бұл іңкәрлік созылады қаншаға?

Кім қаншама шексіз сүйсе Отанын,

Оның тартар азабы да соншама.

Мен сенемін, күні ертең

Нұрлы үмітпен оянар деп ұлы өлкем.

Күліп жайсаң күн ғажайып

Ел наласы тарқар деп.

Ақымақтар күрт азайып,

Сұмдар қорқақ тартар деп.

Мен сенемін, күні ертең

Пенделіктен тазарар деп ұлы өлкем.

Жә, қашанғы баққа зорлық мінгеспек?

Сенем, ертең оттыға отсыз күлмес деп.

Тек тұлпарлар ғана алатын бас бәйгі

Есектердің мойынында жүрмес деп.

Мен сенемін, күні ертең

Ақыл-ойды пір тұтар деп ұлы өлкем,

Мына дәурен бұрқан-тарқан

Ертең қайта өзгерер.

Ақындарың сұлтандардан

Артық сыйлар кез келер.

Қадір тұтам қиялдауды

Ертең талғам өзгерер.

Шындап құлай сүйе алмауды

Қылмыс санар кез келер.

Туған елім,

Құдіретімсің аңсаған.

Алдан жарқын күн шыққанша,

Кескініңді көрмейінші шаршаған.

Пасық ойлар тұншыққанша,

Дулығаны қақ жарып гүл шыққанша,

Жер астынан қарап жатам мен саған.

берем + қосымша түсініктеме (міндетті емес)

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
MaxonA
15.02.2021 10:37

Қонақжайлық – қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрінің бірі. Сонымен қатар адамдар арасындағы сыйластықты, бір-біріне деген құрметті, қамқорлықты білдіретін, кісінің адамгершілігін, имандылығын айқындайтын қасиет.

Адамдарды тіліне, дініне, ұлтына бөліп-жармай, достық ықылас көрсетіп, ас-дәм беру қонақжайлықтың негізгі белгісі. Қазақ халқының қонақжайлық қасиеті мен дәстүрі шетелдік саяхатшылар мен ғалымдарды әр уақытта таң қалдырған. Дәстүрлі қазақ қоғамында әкенің балаға қалдыратын мұрасының белгілі бір бөлігі міндетті түрде қонаққа тиесілі енші деп есептелінген. Қазақ сахарасындағы кез келген жолаушының кезіккен ауылдан тамақтанып, тынығып алуына мүмкіндігі болған. Әрбір үй иесі оны барынша сән-салтанатымен, пейілімен қарсы алып, ақ тілеумен шығарып салуды өмірдің айнымас шартына балаған. Отбасы үшін жолаушыны қонақжайлықпен күтіп алу бұлжымайтын моральдық-этик. қалып ретінде орныққан; қонақжайлық Қонақ; Қонақасы; Қонақ кәде.

Объяснение:

Осылай деп ойлайм

0,0(0 оценок)
Ответ:
xandar815
23.05.2020 19:16

Беташар — қазақтың келін түсіргенде жасалатын салтының бірі. Дәстүрлі беташар, әдетте, тойға жиналған халық тарқар кезде өткізілген.

Шымылдық ішінде отырған келіннің басына орамал жауып, той өтіп жатқан үйдің ең жақын, үлгілі келіндері екі жағынан қолтықтап алып шығады. Беташардың тәрбиелік мәні зор болғандықтан, келіншектің екі жағына тұратын әйелдер жесір, жеңілтек, т.б. болмауы қатаң ескеріледі. Орамалдың теңге түйілген ұшын домбыраның мойнына не таяқтың ұшына байлап, жырау беташар жырын бастайды. Ол шаңыраққа жаңа түскен келінге ата-енесін, үй-ішін таныстырады, қандай туысқандық жақындығы бар екенін, беделін, қадір-қасиетін шебер тілімен жеткізіп, әрқайсысына жеке-жеке сәлем жасатады.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота