Егер мен хан болсам, қайтер едім? деген сұраққа жауап беру оңайға соқпас. Себебі хан болу үшін ең алдымен адамға үлкен жауапкершілік пен әділдік керек, өйткені ел билеу оңай шаруа емес. Сенім артқан халықтың үмітін ақтап, әділ ел билеуші болу өте қиын шаруа.
Мен өз басым хан болсам, алдымен қарапайым халықтың жағдайын жақсартуға бар күш - жігерімді жұмсар едім. Материалдық жағдайы қиын отбасыларын әбден оңалып кеткенше салықтан босатып, жұмысқа орналасу мәселелерін реттеуші едім.
Одан кейінгі ретте қарт кісілердің жағдайын ойластырып, әлеуметтік мәселелерді қолға алушы едім. Себебі "қарты бар ел - қазыналы ел" демекші осы үлкен кісілердің ақ батасын алып, пейіліне бөленудің өзі үлкен қуаныш.
Сонымен қатар қайырымдылқ жасау шараларын қолға алушы едім, себебі қайырымдылық жасау - кең пейілділік пен мейірімділік белгісі. "Кең болсаң, кем болмайсың" демекші, ол жақсылығың да саған міндетті түрде қайтып келеді. Әзірге осы.
Бірақ мен бір сәтте хан болып, ел билеу ісіне араласып кетпейтінім анық. Алдымен оқуымды жақсы оқып, қалаған мамандық иесі атанып, талмай білім алу керек. Себебі, білім - болашаққа жасаған үлкен инвестиция. Болашақта осы білімімнің арқасында үлкен жетістіктерге жетіп, ел басқару ісіне де біршама жақын болатыныма сенемін.
Объяснение:
Жазу өте ерте заманда жасалып, ұзақ тарихи даму кезеңдерден өтті. Даму барысында жетілуімен бірге оның принциптері де өзгеріп отырды. Оның себебі кай кез болмасын, жазуда сөздің дыбыстык жағын, яғни айтылу формасын дәл беру басшылыққа алынады, соған талпынады. Тілдегі дыбыстар өте күрделі кұбылыс. Оның айтылуындай етіп ешбір графика дэл бере алмайды. Сондықтан айту мен жазу арасында алшактыктар туындап, уақыт өте ол алшақтықтар тілдің табиғатына, дамуына өзінің кері әсерін тигізеді. Сан ғасырлар бойы тілдің өзінің даму заңдылығына нұқсан келеді. Оны жою үшін арнайы тілшілердің зерттеулерінің нэтижесінде тілдің сан ғасырлар бойы бұзылмай келе жатқан табиғатын сақтауға, одан эрі қарай дамуына оң әсер етуіне жағдай жасайтын дұрыс жазылуын камтамасыз ететін емле ережелері мен нұсқаулар талқыланып, келісіледі. Соның нәтижесінде емле ережелері енгізіледі. Сондьщтан да әлемдегі бірнеше ғасырлық тарихы бар жазу жүйелерінің ең жётілген түрінің өзіне де үнемі өзгертулер енгізіліп отырылған. Осының өзінде де кез келген жазу түрінде дыбыс жүйесі мен алфавиттің арасында алшақтықтар кездеседі.
Қазақ тілінің жазылуы мен айтылуы арасындағы алшақтыктар графиканың пайда болуымен тығыз байланысты. Сан ғасырлар бойы ауызша дамып, толығып, байып келген қазақ тілі XX ғасырда коғамдык кажеттіліктен туындаған жазбаша формасының дүниеге келуімен ауызша
жэне жазбаша формасының арасында алшақтықтар туындай бастады. Әлемдегі қай графиканы алсақ та, оның басты мақсаты тілдің табиғатын жазбаша формада дәл беру болып табылады. Осы мақсатты көздеген кез келген графика пайдалану барысында туындаған кемшіліктерді жою үшін өз тілдерінің ерекшелігене сәйкес емле ережелерін бекітеді.
Қазіргі қазақ емле ережесінің тарихына көз жіберсек, оның іргесі 1940 жылы кириллицияға («орыс жазуынаң) көшкен кезде қаланды [28,178]. Қазақ тілі емлесінің осы жазу бойынша түзілген қағидаларының 15-16 жылдық тәжірибеден кейін кем-кетігі ескеріліп, біршама реттелген нұсқасы 1957 жылы ұсынылып, заңдастырылды, яғни үкімет тарапынан арнайы каулы қабылданып, бекітілді. Европа елдері мен кытай, үнді, жапон сияқты халықтардың, жүздеген, тіпті кейбіреуінде мыңдаган жылдарға созылған жазу үрдісі бар халыктардың дұрыс жазу қағидаларын үкімет тарапынан бекітіп, көпшілікті соған бағынуға міндеттеу шарт та болмас. Бұларда дәстүр факторы өз-өзінен кызмет етіп жатады. Ал 1940 жылға дейін бас-аяғы он бес-жиырма жылдың ішінде үш түрлі: А.Байтұрсынұлы түзген қазактың тұңғыш ұлттык жазуы — араб таңбаларын, одан кейін оншакты жыл (1929-1940) колданған латын жазуын, 1940 жылдан бастап кабылданған кириллицаны пайдалануга мәжбүр болған қазак сиякты халыктың әр жазудың емлесінде дэстүрі калыптасып, орнығып үлгермеді, сондыктан эркім бұрыңғы жазудың тэртібін сактап, алакұлалык туғызуы мүмкін болғандықтан, 1940 жылы жаңа графикага көшкен кездегі емле ережелері де, 1957 жылғы оның біршама түзетілген жаңа редакциясы да ресми үкімет тарапынан арнаулы қаулымен бекітілген болатын.