
Сөйлем мүшелерінің құрамына қарай бөлінуі.
Сөйлем құрауға қатысқан толық мағыналы сөздер сөйлем мүшелері деп аталады. Қазақ тілінде бес сөйлем мүшесі бар: бастауыш, баяндауыш, толықтауыш, пысықтауыш.
Сөйлем мүшесінің белгілері:
1) толық мағыналы сөз болу керек;
2) сөйлемдегі басқа сөзбен байланысып тұру керек;
3) сөйлем мүшелерінің бірінің сұрағына жауап беру керек.
Мысалы, Жылы желдің әлсіз ызыңы естіледі. Сөйлемде толық мағыналы бес сөз бар. Олардың әрқайсысы белгілі бір сұраққа жауап беріп тұр. Жылы – қандай? – сындық ұғым атауы, желдің – ненің? – заттық ұғым атауы, әлсіз – қандай? – сындық ұғым атауы, ызыңы – несі? – заттық ұғым атауы, естіледі – қайтеді? – қимылдық ұғым атауы.
Сөйлем мүшелері құрамына қарай дара, күрделі және үйірлі мүше болып үшке бөлінеді.
Дара сөйлем мүшесі толық мағыналы бір сөзден болады.
Мысалы, Аман жиналғандармен қысқа амандасты.
Сөйлемдегі әрбір сөйлем мүшесі – бір ғана сөзден құралып тұрған дара мүшелер.
Күрделі сөйлем мүшесі күрделі сөзден, тұрақты тіркестен не сөз тіркесінен, шылаулы сөзден құралады.
Мысалы, Еңбек Ері Ыбырай Жақаев екі рет Алтын Жұлдыз медалімен марапатталған еді.
Сөйлемдегі Еңбек Ері Ыбырай Жақаев – күрделі бастауыш, екі рет – күрделі пысықтауыш, Алтын Жұлдыз медалімен – күрделі толықтауыш, марапатталған еді – күрделі баяндауыш.
Үйірлі мүше – кемінде екі не одан да көп сөзден құралып, бастауыштық-баяндауыштық қатынастан тұратын, бір сөйлем мүшесінің қызметін атқаратын сөздер тобы. Үйірлі мүшелер көбінесе бар, жоқ, аз, көп тәрізді сөздерге және сын есімдер мен есімше тұлғаларына аяқталады.
Мысалы, Білімі көп адам жерде қалмайды. Білімі көп – қандай? адам – үйірлі анықтауыш. Сөйлемнің бес мүшесі де үйірлі бола алады.
Қазақстан халқы бірлігін нығайту, қоғамды Мемлекет басшысының бейбітшілік пен келісім саясаты аясында шоғырландыру мақсатында орайластырылған мерекелік шаралар «Біздің күшіміз – бірлікте!» ұранымен өткізілетін болады. Әрбір қазақстандық елімізде болып жатқан оқиғаларға өзінің де қатысы бар екенін сезіну үшін мерекелік шараларға халықтың барлық әлеуметтік санатын тартатын бұқаралық сипатына мән беріледі. Әр қалада, әр ауданда, әр ауылда өтетін әрбір шара республикалық шаралар желісінің құрамдас бөлігі болуымен ерекшеленетін болады.
Бірлік пен ынтымақты ту еткен халықтың салтанатты мерекесі – елордамыз Астанада да ерекше мазмұнмен аталып өтпекші. Оның да үлкен себебі бар. Өйткені, Астана – мемлекет дамуының басты орталығы. Экономикалық, рухани, мәдени жетістіктерімен өзге өңірлерге үлгі қала, еркіндігіміз бен тәуелсіздігіміздің басты нышаны. Мұндай тарихи миссия бәрімізді жауапкершілікке жетелейді. Алдағы жылдағы мерекелік шараларымыз да еліміздің жетістіктерін насихаттап, бірлігімізді нығайтып, бәрімізді бір кісідей жұмылдыруға негізделеді.
Алдағы 6 ақпанда Бейбітшілік және келісім сарайында Ассамблея жылы ресми түрде ашылады. Мерейлі жылды насихаттайтын көрнекі құралдар мен кәдесый өнімдерін шығаруды да көздеп отырмыз. Жыл бойына қаланың оқу орындарында, мәдени ошақтарында бейбітшілік пен келісім сабақтары өткізіледі. Түрлі акциялар, фестивальдер мен концерттер, ұлттық ойындар сайысы да жылдың маңызды уақиғаларына айналмақшы. Оның ішінде «Менің Қазақстаным» этномәдени бірлестіктердің қалалық музыкалық фестивалі, «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз» патриоттық кеші, «Туған елге тағзым» акциясы, «Мен достықты таңдаймын» атты флэшмобы, «Біздің ел осындай!», «Елім бір, тілегім бір, жүрегім бір» этнофестивальдері «Достық әнін шырқаймыз» оқушылар фестивалі, «Тілдарын-2015» қалалық байқауын айтуға болады. Сонымен қатар, «Мақсұтым – тіл ұстартып, өнер шашпақ…» атты этнос өкілдері арасында Абай шығармалары оқуынан байқау мен Қазақстан халқының тарихы мен салт-дәстүрін насихаттауға бағытталған «дөңгелек үстел» отырысын және «Қазақстан – достық аумағы» атты поэзия кешін өткізу жоспарда бар.