miki745
02.08.2022 22:12

Оқылым . 1-мәтін Қыс қатты. Қар қалың. Қасқырды қар көтереді. Атты көтере алмайды. Мұның бәрі екі қасқыр жайындағы Қараадыр елінің аңыз-әңгімесі еді. Жиын болып көпшілік бас қосса, көп әңгімелері екі қасқыр жайында болатын. Көксерек семіргенде, ірілеп өскенде — осындай даңқ, атақ ішінде семіріп, өсіп келе жатыр еді. Осы күйлердің бәрімен қатар, Көксерек оңашада елсізде қатты ойыншы болатын. Түс кезінде, я таңертең бір малды тасада аунатып жеп алып, елсіздегі қашандау жатақтарына қайтады. Сондайда ақ қасқыр жүрістен талып келіп тынығып жатса, Көксерек айналасында қар боратады. Жүгіріп екпіндеп кеп тістеп өтеді. Басынан асып аунап түседі, кейде ақ қасқыр ырылдап тісін сақылдатып, құлағын жымитып, ашумен тап береді. Ондайда Көксерек те қатты қорылдап гүр-гүр етеді. Кейде секіріп кеп ақ қасқырдың желкесінен қапсыра тістеп алып, қысып тұрып-тұрып барып қоя береді. Екеуі осыдан әрі ұзасып барып таласпайды. Артынан Көксерек қайта ойнайды.
2-мәтін
Мұхтар Әуезовтің «Көксерек» әңгімесінде ауыл баласы Құрмаштың қасқырдың күшігін асырап алуы жайында. Қаламгер туындысында табиғаттағы тағылық заңы, адам мен жан-жануар арасындағы шекараны шебер суреттейді. Көксеректі күшік кезінен қамқорлықпен құшағына алып, мәпелеп өсірген Құрмаш сүйкімді бөлтірігін кімнен де болсын қорғаштағанымен, ауыл ақсақалдары қасқырдың бөлтірігінен секемденіп, тағылық заңның өзгермейтінін бала Құрмашқа түсіндіруге тырысады. Әйткенмен, өсе келе далаға қашып, бірнеше күн қатарынан бой көрсетпеуге дағдылана бастаған Көксерек арада біраз уақыт өткен соң бір топ қасқырды бастап, өзге ауылдармен қатар Құрмаш ауылының қойларына да шабуыл жасай бастайды. Мұның арты Көксеректің қой бағып жүрген Құрмашқа шауып, қамқор болған иесін өлтіруіне ұласады. Адамзат пен жануар әлемінің заңы басқа және ол тоғыспайды да. Тоғысқан жағдайда, артының жақсылыққа апармасын әңгімеден ұғынғандаймыз.
1. Қай тақырып екі мәтінге де ортақ?
А) Тазыны асырап алу
В) Қараадыр қасқыры
С) Ауылдың аңыз-әңгімесі
Д) Қасқырлардың қырылуы

2. Екі мәтіннен мына сөздердің синонимін табыңыз.
а. тойынып -
б. жабайы -

5. Сұраққа жауап беріңіз. Егер сіз автор болсаңыз, әңгіме мазмұнына қандай өзгеріс енгізер едіңіз?


Жазылым . Бұл бөлімде 2 сұрақтың біреуіне жауап жазыңыз. Жауапты тиісті стильге келтіріңіз. Жазба жұмысында демеулік шылауларды тиімді пайдаланып, сөздерді орфографиялық нормаға сай жазып, қосымшаларды дұрыс жалғауға мән беріңіз, сөйлем ішінде, соңында қойылатын тыныс белгілерін орынды қолданыңыз.
Қай сұраққа жауап беретініңізді көрсетіңіз. Тиісті шаршыға қанат белгісін (•) қойыңыз.

1. Табиғатқа, жануарларға, құстарға адам қолынан қастандықтар көптеп жасалуда деген пікір айтылады. Бұған кім кінәлі? Осы көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқындап, эссе жазыңыз.

2. Халқымыз бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Бала – өте нәзік те сезімтал а қалайша тәуелсіз, бірегей, мақсатты етіп тәрбиелеуге болады? Өз позицияңызды ұстанып, аргументтер келтіре отырып, эссе жазыңыз.

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
lol1045
25.08.2021 12:38
Биыл Тәуелсіз Қазақстанның егемендігіне 25 жыл толып отыр. 1991 жылы 16 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы өз тəуелсіздігін жариялады. 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі Қазақстанның тəуелсіздікті алуына себепші болды. 1995 жылы 30 тамызда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды. 2016 жылға дейін Қазақстан Республикасы өркениетті, дамыған, зайырлы мемлекет болды. Бұл əрине Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті Н.Ə.Назарбаевтың арқасы! Еліміздің Тәуелсіздігіне 25 жыл толуымен шын жүректен құттықтаймын! Еліміз дами берсін!
0,0(0 оценок)
Ответ:

Құстар – табиғаттың көркі! (шығарма)

Құстар өзгеше болып жаратылған құбылыс иесі. Бейне біздің аспан Әлеміндегі қорғаушымыз сияқты. Сияқты емес солай да. Себебі көк аспан олардың туған мекені. Көкті құссыз, құсты көксіз елестету қиын. Біздің көгімізде құстар сайрап жүрсе, жердегі адамдар да тыныш, бейбіт өмір сүре алады. Біз көкке қарағанда көзіміз ең әуелі ұшқан құсқа түседі. Көп жағдайда күйкі тірлікпен олардың тыныс - тіршілігіне мән беріп, тіпті көкке көз тастап, бір де қарамаймыз. Ал, олардың көкте ұшқанын, жерге қонғанын зер салып, бақылап қарайтын болсаң, олар бейне бір жұмбақ құбылыс сияқты. Ешнәрсені ашып айта алмайды. Қуанышы да, реніші де ішінде сияқты. Бір құдіретті күшің болып, құстардың тілін меңгеріп алсаң, яғни құстардың тілін түсінер болсаң, тіпті басқаша әлемде өмір сүрген болар ма едік. Өзім солай ойлаймын, себебі, құс киелі жануар. 

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота