Kristina2003star1
13.06.2020 18:16

Мәтіндерді оқып, құрылымдық және жанрлық ерекшелігін ажыратыңыздар.

1-мәтін
Он бестегі ұлына ел басқартқан халық
Қазақ халқы «Атадан бала тусайшы, ата жолын қусайшы» деп, атадан балаға мұра болып келе жатқан жақсы қасиеттерді келер ұрпақтың бойына сіңіріп, ізгілікке тәрбиелеуге тырысқан.
Атасы немересіне жылдың маусымы ауысымен көштің қалай, қайда көшуін, суды қайдан тауып ішетінін, жеті атасын білуі, елдің батыраларының ерлік хиқаяларын әңгімелеп, адамды жақсы ететін де, жаман ететін де тәрбие екенін жастайынан баланың бойына сіңіріп отырған. Жас ұрпақты бұлай тәрбиелеудің маңыздылығын қазақ халқы ерте түсінген. Ешқандай жоғарғы білімсіз-ақ тәрбиенің небір оңтайлы әдістерін баласының бесігінен бастаған халқымыздың елден шыққан тентегіне де «Сен оңбассың, адам болмассың» дегенді тұқыртып бетін қайтарып айтуды жөн көрмеген. Адамдықтың парызын перзентінің көкірегіне құйып, іс-әрекетін қадағалап отырған.
Қазақ баласының санасына қарнының қамын емес, халықтың қамын ойлауды о бастан-ақ сіңіріп өсірген. Осы қасиеттердің барлығын бала санасына ертеден құя білген қазақ халқы он бестегі ұланына ел басқартқан, шешендік сөз өнеріне қатыстырып тәлім берген.
2-мәтін
-Ауылдағы балалардың ең ересегі-сенің ұлың. Үлкендердің бірнеше рет ескерткеніне қарамастан олар үй маңында доп ойнауды доғармады. Балаңыздың қатты тепкен добы ақыры көршінің терезесін сындырды.
-Ересек екен деп менің баламнан көресіңдер-ау, бос сөйлеме!

-Сенің ата-ана болып тәрбие бергенің осы ма? Немене айқайлайсың?-Менің қалай тәрбие беретінімде шаруаларың болмасын! Басымды ауыртпай...Әй, кел бері жүгрімек... Сен тағы неге соқтығып жүрсің? ...Сені ме...
-"Балаңа адам жоқ жерде ақыл айт» дейтін сөз бар. Сіз қалай ақыл айтасыз?
-Ойбай-ау, енді сен маған ақыл үйретпекшісің бе? Өз ақылым өзіме жетеді. Барыңдар, көзіме көрінбеңдер!
Төмендегі үлгі бойынша жазыңыздар.
1-мәтін
Стилі-
Құрылымы-
Кіріспе
Негізгі бөлім
Қорытынды
Тілдік ерекшелігі-
2-мәтін
Стилі-
Құрылымы-
Кіріспе
Негізгі бөлім
Қорытынды
Тілдік ерекшелігі-

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
kovalenkodenis6
10.09.2020 21:49
Наурыз — өте көнеден келе жатқан мейрам. Халқымыздың ежелден желісі үзілмей жеткен көне салт - дәстүрлері мен әдет - ғұрыптары рухани, мәдени және адамгершілік дүниеміздегі қымбат қазыналарымыздың бірі. «Халқым қандай десең, салтымнан сынап біл» демекші, салт -дәстүрлерден этностың мінез - құлқы, үлгі- өнегесі, зейін- зердесі, даналығы мен даралығы, шешендігі мен тапқырлығы, ақыл - ойы, сондай- ақ, жаратушы мен жаратылысқа, өзін қоршаған жанды, жансыз әлемге деген моральдық, танымдық, этикалық көзқарастары көрінеді. Яғни, салт - дәстүр дегеніміз — халықтың рухани өзегі, мәдениетінің діңгегі, тілінің тірегі.
0,0(0 оценок)
Ответ:
lesenok277
13.01.2022 19:34
1. Мен үшін шет тілі сабағы өте қызықты өтеді. Мен шет тілінің ішінде ағылшын тілін меңгеруді жөн көрдім. Қазір ағылшын тілінде шағын кітаптарды оқып, жаттығудамын. Өзіме бұл жақсы көмек.

2. Ағылшын тілінің мұғалімі сабақты қызықты етіп түсіндіріп жатқанда, мен зейін қойып тыңдаймын. Сондықтан үй тапсырмасын үйде қиналмастан орындаймын. Және үйде өздігімше тағы дайындаламын.

3. Сабақ үстінде көптеген жаңа мәліметтерден хабардар боламын. Ол мәліметтермен үйде бауырларыммен бөлісемін. Оларда қызыға тыңдайды.

4. Мен үй тапсырмасын қуана орындаймын. Өйткені ағылшын тілін жетік меңгеру менің арманым. Келешекте ағылшын тілі маманы боламын.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота