
Көмекші есімдер (вс слова) — негізгі сөздерге телене жұмсалып, олардың кеңістікке (мекенге), уақытқа (мезгілге) қатысын толықтырып, нақтылап тұратын сөздер. Оған алд, арт, аст, қас, маң, жан, іш, түп, сырт, бас, бет, шет, түс, бой сияқты толық лексикалық мағынасы жоқ сөздер жатады. Көмекші есімдер мекенді, заттың жақын-алыстығы (ауылдың шеті, жаны, төңірегі, маңы)\ қыры (көпірдің асты, үсті, бойы); аралығы (екі үйдің ортасы, екі көшенің арасы) тұрғысынан саралап атайды. Кейбір көмекші есімдер қыс, жаз, түн тәрізді сөздермен тіркәсіп келіп, оларды мезгілдік жағынан нақтылап, дәлдеп тұрады (қыстың басы, түннің ортасы). Көмекші есімдер өзі тіркескен негізгі сөздермен көбіне изафеттік байланыста қолданылады. Мысалы: өзеннің бойы, ауылдың сырты, қаланың маңы, құдықтың түбі, жолдың үсті, айдың ортасы, жылдың басы, аптаның аяғы т. б. Көмекші есімдер сөйлемнің дербес мүшесі болып жұмсалмайды. Негізгі сөздермен тіркесіп барып, сөйлемнің бір мүшесі болады: Мысалы, Ауылдың жаны — терең сай (Абай). Мұндағы ауылдың жаны — бастауыш.
Объяснение:
Ұлтымыздың ұлы ақыны, ойшыл Абай Құнанбайұлы «Дүние де өзі, мал да өзі, Ғылымға көңіл бөлсеңіз» деген. Хәкімнің ұлағатқа айналған осы сөзінің мәні уақыт өткен сайын көмескіленбей, есесіне мағынасы артып келе жатыр. Жаңалығы желмен жарысқан бүгінгідей заманда ғылым саласына мемлекет тарапынан зор көңіл бөлініп, елеулі қолдау көрсетіліп келе жатыр. Қазақстанның бұл тараптағы мақсаты – ғылымның дамуына жаңа қарқын беру, оның дамуы үшін дұрыс бағыттарды қабылдау және отандық бизнестің ғылыммен тығыз...