onkyyyyyyy
21.01.2021 21:41

1. Зерттеушілердің болжамы бойынша, болашақта қандай мамандық иелеріне сұраныс көбейеді? А) инженерлерге
Ә) қаржыгерлерге
Б) заңгерлерге
В) тігіншілерге
Г) медбикелерге
2. «Жер астына саяхат» деп аталатын кітаптың авторы кім?
А) Д.Досжан
Ә) А.Машанов
Б) Қ.Сәтбаев
В) Д.Құдайберген
Г) Д.Жолжақсынов
3. Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар және жасөспірімдер театрының әртісі кім?
А) Д.Досжан
Ә) А.Машанов
Б) Қ.Сәтбаев
В) Д.Құдайберген
Г) Д.Жолжақсынов
4. «Жібек жолы» романының авторы кім?
А) Д.Досжан
Ә) А.Машанов
Б) Қ.Сәтбаев
В) Д.Құдайберген
Г) Д.Жолжақсынов
5. Ауыспалы келер шақ қалай жасалады?
А) етістіктің түбіріне –ған, -ген, –қан, -кен жұрнақтарының жалғануы арқылы;
Ә) етістіктің түбіріне –а, -е, -й жұрнақтарының жалғануы арқылы;
Б) етістіктің түбіріне –ды, -ді, -ты, -ті жұрнақтарының жалғануы арқылы;
В) етістіктің түбіріне –ып, -іп, -п жұрнақтарының жалғанунуы арқылы;
Г) барлық жауап дұрыс.
6. «Жібек» сөзінің орыс тіліндегі баламасын табыңыз:
А) ткань
Ә) бархат
Б) шёлк
В) плюш
Г) хлопок
7. Түркістан қаласы бұрын ... деп аталған.
А) «Сайрам»
Ә) «Испиджаб»
Б) «Ясы»
В) «Отырар»
Г) «Фараб»
8. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі қай қалада орналасқан?
А) Тараз
Ә) Талдықорған
Б) Шымкент
В)Түркістан
Г) Алматы
9. «Әлемнің екінші ұстазы» атанған кім?
А) Әбу Насыр әл-Фараби
Ә) Иланшы Қадырхан
Б) Қожа Ахмет Ясауи
В) Арыстан баба
Г) Дүкенбай Досжан
10.Қазақстан шегарасының ұзындығы:
А) бес мың километр
Ә) он мың километр
Б) он бес мың километр
В) жиырма мың километр
Г) жиырма бес мың километр
11. Мен күрішті онша жақсы көрмеймін. Сөйлемнен мөлшер үстеуін тап.
А) Мен
Ә) күрішті
Б) онша
В) жақсы
Г) көрмеймін
12. Елімізде қанша климаттық аймақ бар?
А) бір
Ә) екі
Б) үш
В) төрт
Г) бес
13. Ұлы ... біздің ата-бабаларымыз өмір сүрген. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қой.
А) шексіз
Ә) қоңыржай
Б) бидай
В) далада
Г) алқапта
14. Шыңғыс Айтматов кім?
А) сазгер
Ә) әртіс
Б) ақын
В) жазушы
Г) ғалым
15. Шыңғыс Айтматовтың «Ана-Жер-Ана» деп аталатын повесінің негізгі кейіпкері кім?
А) Әлиман
Ә) Толғанай
Б) Қасым
В) Сұбанқұл
Г) Жайнақ
16.Жедел өткен шақ қалай жасалады?
А) етістіктің түбіріне –ған, -ген, –қан, -кен жұрнақтарының жалғануы арқылы;
Ә) етістіктің түбіріне –а, -е, -й жұрнақтарының жалғануы арқылы;
Б) етістіктің түбіріне –ды, -ді, -ты, -ті жұрнақтарының жалғануы арқылы;
В) етістіктің түбіріне –ып, -іп, -п жұрнақтарының жалғанунуы арқылы;
Г) барлық жауап дұрыс.
17. Қазақ спортшыларының арасында Вэл Баркер кубогының тұңғыш иегері кім?

А) Бекзат Саттарханов
Ә) Ермахан Ибраимов
Б) Бақтияр Артаев
В) Серік Сәпиев
Г) Бақыт Сәрсекбаев
18. «Жеңімпаз» сөзінің орыс тіліндегі баламасы:
А) болельщик
Ә) победитель
Б) призёр
В) спортсмен
Г) тренер
19.Серік Сәпиев қай олимпиаданың жеңімпазы болды?
А) Сидней олимпиадасының
Ә) Грекияда өткен Олимпиаданың
Б) Пекин олимпиадасының
В) Лондон Олимпиадасының
Г) барлық жауап дұрыс
20. «Атақты» сөзінің синонимін тап:
А) қатал
Ә) танымал
Б) мықты
В) күшті
Г) тынымсыз

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
sevsdasdaddd
27.06.2021 13:18
Меде́о (каз. Медеу) — спортивный комплекс, построенный в горном урочище Медео на высоте 1691 метр над уровнем моря, вблизи «южной столицы» Казахстана — города Алматы.
На данный момент Медео — самый высокогорный комплекс в мире для зимних видов спорта с самой большой площадью искусственного ледового поля — 10,5 тыс. м². Высокогорье и чистейшая горная вода для заливки льда достижению высоких результатов в конькобежном спорте, за всё время здесь было установлено 170 мировых рекордов.

Строительство спорткомплекса началось осенью 1949 года, первые официальные соревнования состоялись 4 февраля 1951 года.

В 1990 году на катке проводился чемпионат мира по мотогонкам на льду.
0,0(0 оценок)
Ответ:
lolkek87
02.08.2021 20:28
Қаз дауысты Қазыбек би, Қазыбек Келдібекұлы – қазақ халқының XVII – XVIII-ғасырлардағы ұлы үш биінің бірі, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері. Орта жүз арғын тайпасының қаракесек руына кіретін болатқожа атасынан шыққан ол 1667 жылы Сыр бойында дүниеге келген. Арғы аталары Шаншар абыз, Бұлбұл, өз әкесі Келдібек — есімдері елге белгілі әділ билер болған.Қаз дауысты Қазыбектің оқыған жерлері, алған білімі туралы нақты дерек жоқ. Дегенмен, ел аузындағы әңгіме, аңыздар мен биден жеткен шешендік сөздер оның өз заманында білімді де жетелі, халықтың ауыз әдебиеті мен салт-дәстүр, рәміздерін, ата жолы заңдарын мейлінше мол меңгерген, озық ойлы, әділ де көреген, батыл да батыр адам болғандығын айқын аңғартады. Әділдігі мен алғырлығы үшін Тәуке хан Қазыбекті Орта жүздің Бас биі еткен. Би Әз Тәукенің тұсында хан кеңесінің белді мүшелерінің бірі болса, Сәмеке, Әбілмәмбет, Абылай ел билеген кезеңдерде де мемлекет басқару ісіне жиі араласып, ішкі-сыртқы саясатта ақыл-кеңестер беріп отырған.[1]Бидің жастық шағы мен бүкіл саналы өмірі қазақ елінің өз ішінде рулық-тайпалық алауыздықтар мен хандық билікке таластың неғұрлым өршіген, көрші мемлекеттердің көз тігуі жиілеп, Жоңғар шапқыншылығы үдей түскен кезеңге тап келді. Ел аузындағы аңыз-әңгімелерге қарағанда, ол Тәуке ханның белгілі би-батырлары бастаған елшілігіне ілесіп алғаш рет қалмақ қоңтайшысы Цэван Рабданға барғанында 14 жаста екен. Қылышынан қан тамған қаһарлы қалмақ ханының алдында қазақ билері жасқаншақтық танытып, күмілжіңкіреп қалған сәтте жасөспірім Қазыбек: “Дат, тақсыр!” деп жұлқынып алға шығады да:“Қазақ деген мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау ба деп найзасына жылқының қылын таққан елміз. Дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз. Досымызды сақтай білген елміз, дәм-тұзын ақтай білген елміз. Бірақ асқақтаған хан болса – хан ордасын таптай білген елміз. Атадан ұл туса – құл боламын деп тумайды, анадан қыз туса – күң боламын деп тумайды, ұл мен қызын жатқа құл мен күң етіп отыра алмайтын елміз. Сен темір болсаң, біз көмірміз – еріткелі келгенбіз, қазақ-қалмақ баласын теліткелі келгенбіз. Танымайтын жат елге — танысқалы келгенбіз, танысуға көнбесең – шабысқалы келгенбіз. Сен қабылан болсаң, мен арыстан – алысқалы келгенбіз, тұтқыр сары желіммен жабысқалы келгенбіз. Бітім берсең – жөніңді айт, бермесең – тұрысатын жеріңді айт!” – депті.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота