raykyoko
10.01.2021 01:59

Мәтінді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз. Қазір Қазақстанда спорттың барлық түрі дамыған. Әр спорттың түрінен әлемге танылған спортшылар аз емес. Қазақстан спорты жылдан жылға дамып келеді. Қазақстаннан 1996 жылы Атланта қаласында өткен олимпиадаға 94 спортшы қатысса, 2000 жылғы Сидней олимпиадасында 130 спортшы бақ сынады. 2004 жылғы Афины олимпиадасына 114 спортшы, 2008 жылғы Бейжің олимпиадасында 129 спортшы додаға түсті. 2012 жылғы Лондон олимпиадасы аса сәтті болды, 7 алтын, 1 күміс, 5 қола медаль алған қазақстандықтар 204 елдің арасынан 12-орынды еншіледі.

XXXI жазғы Олимпиада ойындары Бразилия мемлекетінде, Рио-де-Жанейро қаласында ұйымдастырылды. Бұл олимпиада 2016 жылдың 5 - 21 тамыз аралығында өткізілді. Бұл олимпиадаға 146 елдерден 5412 спортшылар қатысты. Спорттың 28 спорт түрінен 306 комплект медальдар берілді. Ойындар Рио - де – Жанейро қаласындағы «Маракана» атты спорт кешенінде өтті. Рио Олимпиадасына Қазақстаннан әлемдік бәсекеге 26 спорт түрінен 104 спортшы қатысып, бақ сынады. Қазақстандықтар барлығы 17 медаль (3 алтын, 5 күміс, 9 қола) жеңіп алды.

Біз жүзуден - Дмитрий Баландин, боксшы - Данияр Елеусінов, Василий Левит; дзюдодан - Елдос Сметов; ауыр атлеттер – Жазира Жаппарқұл, Ниджат Раxимов және басқа да спортшыларымызбен мақтанамыз.

1.Берілген сөйлемдерден бір «жалған» ақпаратты анықтаңыз. [1]

Тұжырым Шын Жалған

Қазақстанда спорттың көптеген түрлерінен әлемге танылған спортшылар аз.

XXXI жазғы Олимпиада ойындары Бразилия мемлекетінде, Рио - де – Жанейро қаласында ұйымдастырылды.

Рио Олимпиадасында Қазақстандықтар 3 алтын, 5 күміс, 9 қола жеңіп алды.

2-3. Мәтіннен берілген сөздердің антоним, синонимдерін табыңыз.

көп (антоним) - [1]

дүние жүзіне (синоним) - [1]

4. Сөйлемдерді мәтін мазмұны бойынша рет-ретімен орналастырыңыз (1, 2, 3). [1]

Мәтіндегі ақпараттар Реті

А Рио олимпиадасы 2016 жылдың 5 - 21 тамыз аралығында өткізілді.

В Біз танымал спортшыларымызбен мақтанамыз.

С Қазақстанда спорттың барлық түрі дамыған.

5. Сұраққа толық жауап жазыңыз.

Рио Олимпиадасы қайда өтті? [1]

ЖАЗЫЛЫМ [10]

Берілген екі тапсырманың бірін таңдап, жазба жұмысын орындаңыз. Сөздерді орфографиялық нормаға сай жазып, қосымшаларды дұрыс жалғаңыз, жазба жұмыста етістіктің шақтарын, сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді орынды қолданыңыз.

1. Олимпиада жеңімпаздары – Қазақстан мақтанышы.

Бір күні кішкентай бауырыңыз сізден көмек сұрады. Оған пән мұғалімі «Олимпиада чемпионы» деген тақырыпқа ақпарат жазып келуді тапсырған. Сіз бауырыңызға көмек көрсету үшін қандай олимпиада чемпионы туралы ақпарат айтасыз? Ақпаратты жазыңыз.

2. Жер байлығына аяулы көзқарас.

Еліміз қазба байлықтарға бай. Қазақстанның әр жерінен түрлі қазбалар кездеседі. Бірақ қазіргі кезде Жер-Ана адамдарға өте ашулы. Жер-Ана не себептен ашуланды деп ойлайсыз? Жер-Ананың монологін жазыңыз.

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
СашаВай1
24.07.2021 00:02

ответ:1994 жылы алғашқы алтын алтын тәуелсіз Қазақстан алды. Сол кезде белгілі болған шаңғышы Владимир Смирнов жеңіске жетті. Ол 50 шақырымға созылған классикалық жарыста жеңіске жетті, 1998 жылы Жапониядан екі қола медаль алып, Атлантада өткен 1996 жылғы жарыста Қазақстан 24-ші орынға ие болды. Алтын жеңіп алды: боксшы Василий Жиров, грек-рим күресі бойынша әлем чемпионы атанған Александр Парыгин мен Юрий Мельниченко, 4 күміс және қола медальді жеңіп алды. Қазақстандық боксшылар Болат Жұмаділов, Ермахан Ибраимов пен Болат Ниязымбетов үздік өнер көрсетті.

Объяснение: дұрыс

0,0(0 оценок)
Ответ:
kostina68
24.07.2021 00:02

Наурыз мейрамы ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Наурыз мейрамы 22 наурыз күні аталып өтіледі. Наурыз парсы, кавказ және түрік халықтарының арасында көктем мейрамы және жаңа жылдың басталуы ретінде тойланады. Халықтың баяғы түсінігі бойынша бұл түні даланы Қыдыр аралайлы.  

Ұлыс күні қазақ елі үшін әрқашан қасиетті, киелі саналған. Халық таза, жаңа киімдерін киіп бір–бірімен қол алысып, амандасып төс қағыстырып жақсы тілектер айтылады. Мерекеге арнап жеті түрлі дәннен наурыз көже дайындалады. Осы күні адамдар арам пиғыл, пендешілік атаулыдан тазарып арылады.  

Ауыл ақсақалдары араларына жік түскен бауырлас ел, дастарханнан дәм таттырып, табыстырған, жалғыз жарым жетімдерді үйлендіріп, жеке отау тіккен. Алтыбақан басында ән айтып күй тартады. Дәстүрлі ұлттық ойындар: көкпар, аударыспақ, күрес, қыз қуу, тағы басқа ойындар ойналады. Таң ата көпшілік биік төбенің басына шығып, атқан таңды қарсы алады. 22 наурыз күні күн мен түн теңеледі. Табиғат та жер ана да, жан-жануарлар да оянады. Ынтымағы жарасқан көп ұлтты еліміздің осы бірлігін құдай ұзағынан сүйіндірген. Әрбір шаңыраққа қыдыр дарып бақ қонсын!  

Мұлсылман қауымына исламның жеті байлығын тілейміз. Ұлыстың ұлы күні құтты болсын ағайын!  

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота