Әже - баланың әкесінің, сондай-ақ, анасының шешесін атайтын, туыстық қатынасты білдіретін атау. Одан арғылары үлкен әже немесе ұлы әже деп аталады.[1]
Қазақ отбасындағы әже орны ерекше әрі қадірлі. Әже - отбасының ғана емес, әулеттің де ұйытқысы, ағайын- абысындардың бірлігін, татулығын сақтайтын сыйлы анасы, кейінгі жастардың, келіндердің тәрбиешісі әрі ақылгөйі Қазақ қоғамында әдетте жас отау иелерінің тұңғыш баласын әжесі бауырына салады. Бала ата-әженің кенжесі саналып, немерені әжесі тәрбиелеп, бағып-қағады. Әже мен немере арасындағы туыстық байланыс өте нәзік әрі берік. Балажан қазақ үшін ата мен әжеге жас сәби жай ғана ермек емес, тәрбиеленуші ерекше субъект. Тарихта күллі рулы елге ана болып саналған Айпара әже, Домалақ ене, Зере, Айғаным секілді әжелердің бейнесі аңыз-әңгімелерде, әдеби шығармаларда сомдалған.
Эссе.Жол ережесінбілудіңмаңызы.
Жол ережесін білу маңызды! Жол қауіпсіздік ережелерді бәріміз сақтаумыз қажет, ол өзіміздің қауіпсіздігіміз үшін. Жаяу жүруші де көліктегі жүргізушіде қауіпсіздік ережені сақтау керек, яғни ережеге сай жүруі шарт! Балаларды кішкентай күнінен бастап, жол қауіпсіздік ережелерін сақтауға үйрету керек. Жолдан бағдаршамның тек жасыл шамы жанғанда жолдан өтіп, қызыл шамы жанғанда жолда тоқтап түруы түралы үйрету керек.
Бағдаршам болмаған жағдайға, жаяу жүргіншілерге арналған жолдан өту керек. Бірақ соның өзіндеде абай болып, сол жаққа сосын оң жаққа қарап, көлікттің жоқ екеннін немесе тоқтап тұрғанына көз жеткізіп өтуге болады! Көліктегі жүргізуші болса, жол ережелеріне сай жүріп, оларды бұзбау керек. Жаяу жүргіншілер жолына жақындағанда жылдамдықты азайтып, жүргіншілер болған жағдайда оларға жол беріп, сосын әрі қарай жүре беруіне болады!