avitoritap016iq
17.07.2021 07:08

Б.Соқпақбаевтың "Менің атым Қожа" әңгімесін бойынша берілген үзінді қай бөлімнен алынған? -Мама.

Мамам жауап қатпады...

-Сен жылап жатырмысың?

-Иә, жылап жатырмын, - деді ол. Дауысы қарлығып, бітіп шықты.​


Б.Соқпақбаевтың Менің атым Қожа әңгімесін бойынша берілген үзінді қай бөлімнен алынған? -Мама.Мама

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Svetlanalitv
27.12.2021 00:57
Александр Сергеевич Пушкин (6 маусым 1799, Мәскеу, Ресей — 10 ақпан1837, Санкт-Петербург, Ресей) — Ресей ақыны, классикалық орыс әдебиетінің негізін салушы.
Александр Сергеевич Пушкиннің өмірі мен өнерпаздық жолы азаттық, адамгершілік идеялары үшін аянбай күресу жолы болды. Сөз өнерін дәуірінің озат тілек-мақсаттарымен ұштастыра білуі оған әдебиетте тың жол табуға, бүкіл елдің, орыс халқының әдебиетін жаңа арнаға бұрып, әдебиетті жаңаша дамытып, өркендетуіне мүмкіндік берді. Александр Сергеевич Пушкиннің шығармашылығы бір жарым ғасырға созылған орыстың ұлттық әдебиетінің қалыптасу кезеңін аяқтады.

Александр Сергеевич Пушкин 1799 жылы 6 маусымда Мәскеуде дүниеге келген. Ол дворян отбасында туылып, балалық шағын Мәскеуде өткізген.

12 жасынан Царское селода (қазіргі Пушкин қаласы) лицейде оқып, ақындық шеберлігін шыңдай түсті. Лицейді аяқтаған соң Петербургке қоныс аударып, әдеби-қоғамдық өмірге белсене араласты.
Жас Пушкин әдебиеттегі өз орнын табуға, өзінің шығармашылық бетін айқындап алуға үлкен мән берді. Оның әдебиетке алғаш келген жылдары жазған өлең-жырларының қай-қайсысын алсақ та, олардан біз азаттықты аңсауды, отаншылдықты, халық мұңын, тілек-мүддесін жақтауды шығармаларының негізгі арқауы еткен күрескер ақынның асқақ бейнесін көреміз. Жаңа ұрпақтың арман-мұраты, үміт-сенімі, ескіден безінуі, ізгілікті, бостандық пен бақытты армандауы - осының бәрі оның поэзиясынан бірдей-ақ жарқын көрініс берді. Ақынның ой-сезімінің қалыптасуына күшті әсер еткен зор тарихи оқиға 1812 жылғы Отан соғысы болатын. Ол Пушкиннің санасында мәңгі өшпес із қалдырды.

Ресейде отаншылдық, азаттық идеялары кең қанат жайды. Халықтың еркіндігін, бостандығын темір құрсаумен шырмаған патшалық құрылысқа наразылық үдей түсті. Патшаға қарсы күреске шығып, батыл қимылдаған революцияшыл декабристер ескі дүниені дүр сілкіндірді. Ол болашаққа, азаттық идеясының жеңетіндігіне кәміл сенді. Декабристер көтерілісінен кейінгі жылдарда Пушкин Ресейдің әр аймағында күн санап қанат жайып, күш алып келе жатқан шаруалардың революциялық қозғалысына үнемі көз тігіп, көңіл аударды, оған үлкен үміт артты. Жаңашыл, алғыр ойлы, күрескер ақын халықтың тарихын, әдебиетін, аңыз-ертегілерді, ескі жыр-дастандарды жақсы білді, қалыптасқан бай әдеби дәстүрлерден де іргесін аулақ салған жоқ. М. В. Ломоносовтың ірі қоғамдық мәселелерді толғай білгені, Карамзиннің адамның жан сезімін әсерлі суреттеуі, В. А. Жуковский өлеңдеріндегі ерекше әуездік, сыршылдық, И. А. Крыловтың қарапайым адамның мінез-әрекетін дәл бейнелеуі, А.С. Грибоедовқа тән қоғамдық өмірді суреттеудегі шынайылық, сыншылдық, К.Ф. Рылеев поэзиясындағы отаншылдық, адамзаттық әуен, революциялық сарын - бұлардың бірі де Пушкинге жат емес екенін ап-айқын аңғарамыз. Бірақ ақынның өз тұлғасы осы аталған ақын, жазушылардың біріне де ұқсамайды. Өйткені ол орыс әдебиетіне дәуір талабына сай тың ақындық ой-сөзім әкелді, орыстық ұлттық көркем ой жүйесін керемет өнерпаздық күш жұмсап, мүлдем басқаша қалыптастырды. Сондықтан Пушкиннің терең толғайтын ойшылдығы да, лирикадағы сезімталдығы да, шебер суретшілігі де, оның шығармаларындағы отаншылдық, азаттық аңсау идеялары да, революциялық жалын-леп те бәрі-бәрі де бұрынғыдан өзгеше, жаңаша сипатта танылады.

Осы жылдары «Свобода», «Чаадаеву», «Деревня» секілді өлеңдерін, «Руслан и Людмила» атты тұңғыш поэмасын жазды. Кишинев, Одессаданкейін патшалық Ресей үкіметі Пушкинді әдеби-мәдени ортадан алыс жатқан Михайловское селосына жер аударды. Бұл тұста қаламгер өлеңмен жазылған «Евгений Онегин» романы мен «Граф Нулин», тағы басқа көптеген өлеңдер мен сын мақалаларын (1824), «Борис Годунов» (1825) тарихи трагедиясын жазды. Орыс халқының тұрмыс-тіршілігіне, халықтық сөз қорына дендей енген А. С. Пушкин шығармалары енді көркемдік-реалистік арнаға бет бұрды. Халықтың тұрмыс-тіршілігін, әдет-ғұрпын, адамдардың әр алуан мінез-құлқын терең бейнелеген «Евгений Онегин» романы «орыс өмірінің энциклопедиясы» (В. Белинский) атанды. А.С. Пушкин шығармаларының бір қыры — тарихи таным, «Борис Годунов», «Полтава», «Медный всадник» және тағы басқа да туындысы арқылы ол әрі ақын, әрі тарихшы ретінде танылды.

А. С. Пушкин Орынбор, Орал қалаларында болған кезінде (1833) қазақтың лиро-эпостық жыры «Қозы-Көрпеш — Баян сұлуды» жаздырып алып, осы тақырыпта шығарма жазуды жоспарлады. Құран сүрелерін өлеңмен жырлады.
0,0(0 оценок)
Ответ:
jru77
08.01.2020 05:25

Еліміздегі тасқа қашалып жазылған жазуларды мерзімдік кезеңделуі жағынан тас дәуіріне жатқызуға болады.

Қазақстанда бұл жазулардың бүгінгі күнге дейін төрт түрі сақталған. Олар: Ескі ғұн, үйсіндер пайдаланған руна жазуы, Орхон дәуіріндегі руна жа¬зуы, шығыс Түркістанда ұйғырлар пайдаланған арамен жазуы.

Жалпы бұл жазулар "Қазақ елінде жазу болмаған, бұл тағы ел" деген пікірлерді жоққа шығарады.

Бұл жазуларды нақтылап қарар болсақ, ел басқବрушылар¬дың қол қойған аттары, ұрандар, тасқа қиып түсірген, әдемі өрнектер, «қош¬¬қар мүйіз», «түйе табан», «кісінің ізі», «аттың ізі», т.б. секілді жазуларды көруге болады екен.

Мысалы, Ертіс өзенінің оң жағалауынан 1960 жылы сақ дәуірінің б.з.д. V-IV ғасырларға жататын ескерткішінен марал сүйегінен жасалған тұмардан жазу табылған. Оны танымал түрколог ғалым А. Аманжолов оңнан солға қарай “Ақ сықын” — “Ақ марал” деп оқыған.

Сонымен қатар Есік қаласы маңындағы “Алтын адам” қабірінен шыққан күміс тостағанның сыртында екі жолға жазылған 26 таңбалы жазу табылды. Бұл жазулар байырғы түркі руно жазбаларына, екіншіден, Жерорта теңізі жағалауындағы елдерде таралған көне алфавиттік таңбаларға, әсіресе, грек, арамей әріптеріне ұқсас болған екен.

Бұл тек екі мысал, ал еліміздің аумағында мұндай жазулар көптен көп. Соларды зерттеуді ғалымдар соңғы кезде ден қойып, тарих қойнауындағы ақпаратпен көпшілікпен бөлісуде.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота