Сutie2004
11.08.2020 14:59

сделать задание сам не могу​


сделать задание сам не могу​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
freax1613
02.06.2021 07:49

Әдемі көркімен, жанға жайлы нәзік табиғатымен есте қалатын Алматы, бүгінде әр адамның жүрегінен жылы орын тапқан болар, сірә?! Онсыз да әсем әнімен баурап алатын Алматы, күн өткен сайын құлпыра түскендей. Бұл қаланың тарихи, табиғи және мәдени орны да ерекше екені сөзсіз. Жетісудың еркесіндей елітіп әкетіп, арманды арманға жалғайтын да осы – Алматы. Алайда қазіргі Алматымыздың жағдайы қалай? Қаламыз жылдан жылға қарқынды дамып келеді. Оның дәлелін өзіміз де көре аламыз. Халықтың тұрмыс-тіршілігі, экономикалық жағдайы, шаһардың даму процесі де айтарлықтай жақсы болмаса, жаман емес. Сонымен қатар, Алматы – жаңа мүмкіндіктер мекені болып та саналады. Осында көптеген саяси, мәдени іс-шаралар өткізіліп те жатыр. Жастардың көбісінің жаңа өмірге қадам басуына да себепкер болып, қолынан жетектегендей болады.

Алматы – үлкен белестерді бағындырған қала. Оның тарихына көз жүгіртсек, басынан сан-қилы тарихи кезеңдерді өткерген. Мысалыға, қарапайым өзіміздің тәуелсіздік алған жылдардың тарихи маңызы өте зор екені белгілі. Ызғарлы желтоқсанның құрбанына айналған адамдардың өздері әлі күнге Алматының айбынды жерін еш естерінен шығармайды. Себебі бұл тарихи мекен әрі ұлы оқиға. Ал қазір тәуелсіз елдің көркем аймағына айналып отыр.

Алатауы айқарыла ашылып қарсы алса, Көктөбесі жайқала жадырап құшақ жаяды. Соңғы кездері қаламыздың экологиялық жағдайлары бәсеңдеп бара жатыр. Экологиялық апатты аймақтардың бірі екені де рас. Оның алдын алу шаралары да қарастырылуда. Дегенмен, ол шаралар шаһардың толық тазаруына көмек бере алмайды. Сол себепті әрбір алматылық азамат өз қоршаған ортасына септігін тигізіп, Табиғат-Ананы да естен шығармаған жөн. Тағы айта кетерлік жайт, бұл қала қазіргі қазақ қоғамындағы ірі мегаполистердің бірі. Жаңа заманға сай дамыған ғимараттарымен де ерекшеленеді. Бизнес пен бәсекенің орталығы және болашағынан біршама биік белестердің күтіп тұруы да ғажап емес.

0,0(0 оценок)
Ответ:
lanovoimaxoxpw94
25.08.2022 14:11

ответ: Әр адамның қиялы, арманы әр түрлі емес пе?! Кей адамдар: "Алтын баслық ұстап алсам, анама ұзақ ғұмыр тілер едім" , - дейді. Ал кейбіреулері: "Бар әлемде жақсылық орын алса деймін" ,- деп армандап жатады. Бұның барлығы, әрине, дұрыс. Аналарымыз жүз жасап, әлемде жақсылық орын алса керемет қой! Бірақ, барлығы өз орнымен болады. Егер де мен ертегілер әлеміндегі алтын балықты ұстап алсам, өзі сияқты алтын балықтар көбейіп, көмекке зәру адамдардың қармағына түссе екен дер едім. Мәселен, қазіргі заманда өкінішке орай экология салдарынан кемтар сәбилеріміз дүниеге келіп жатыр.Бұл - ең өзекті мәселе.Сондай-ақ қандай да бір қиын жағдайға душар болған, көмекке мұқтаж жандардың, сырқаттанған сәбилеріміздің жағдайы оңалып кетсе нұр үстіне нұр болар еді.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота