Мәтін стильдері дегеніміз - қаламгердің жазу мәнері,мәтінді оқырманға жеткізу үшін қажетті тілдік тәсілдерді сұрыптап қолдануы, ой түйінін ашу тәсілі.
Қазақ әдеби тілінің бес түрлі стильд
Ғылыми стиль – ғылыми еңбектерде, ғылыми баяндамаларда,
лекцияларда, ғылыми оқулықтарда қолданылады.
Ресми іс-қағаздар стилі - іс-қағаздарда, нұсқау хаттар мен
кеңсе құжаттарында қолданылады.
Публицистикалық стиль - газет-журналда, жиналыстар мен
митингілердегі сөздерде қолданылады.
Көркем әдебиет стилі - көркем әдеби шығармаларда
қолданылады.
Ауызекі сөйлеу стилі – адамдармен еркін әңгіме кезінде
қолданылады
Хеопс пирамидасы - дүние жүзіндегі
аса ірі пирамидалардың бірі . Бұл
пирамиданы перғауын Хеопс (Хуфу)
көзі тірісінде өзіне арнап б.з.б. 3 -
мыңжылдықтың 1 - жартысында Гиза
қаласы маңындағы Ливия шөлінде
салғызған . Кезінде ежелгі мысырлықтар
осынау алып кесене-пирамиданы
"Хуфу көкжиегі" деп атаған . Хеопс
пирамидасының табаны төрт бұрышты
болып басталады да , жоғары қарай
басқыш тәрізді көтеріліп , көп сатылы
құрылыс түрінде тұрғызылған .
Ұшар басы сүйірленіп бітетін Хеопс
пирамидасының архитектуралық
құрылысына сәулетші Хемиун басшылық
жасаған.