
Егемен Қазақстан осы сөздерді естігенде менің ойыма алтын күндей елтаңбамыз,көгімізде желбіреген көк байрағымыз,аспанымызда әуелеген әнұранымыз есіме түседі. Біз дәл осындай тәуелсіз елдің болашағымыз.Біздің еліміз жылдан-жылға дамып, көркейіп, көптеген жеткістіктерге аз ғана жылдар ішінде қол жеткізіп келеді. Олардың барлығын тізбектеп айту мүмкін емес. Атап айтар болсақ,еліміздің қол жеткізген жетістіктернің бірден-бірі Елордамыз Астана.Олай айтуымыздың себебі, аз ғана жылдар ішінде Астанамыз бой көтерді. Қазіргі Астанамыз болашақтың,жастардың арман қаласы.Еліміздің көгілдір туы желбіреген тәуелсіздігіміздің ордасы. Ғасырлар бойы ата-бабларымыз арман еткен, бас-аяғы төрт-бес жылда бой көтерген Астана тарихта болған емес. Елорадамыз Астана жайлы өз ойымды жүрек жарды өлеңіммен аяқтағым келеді:
Армандар сүйреді алға әрқашанда,
Тек арман мені артқа тарта салма,
Менің де таңғажайып ертеңім бар.
Қазақта Астанадай қала барда.
Объяснение:
Қазақ халқының жазу мәдениетінің қалыптасуы тарихына.
Қазақтар өзінің халық, ұлт болып қалыптасу жолын көне түркілер заманынан бастаса, оның жазу
мәдениетінің тарихы да сол дәуірден бастау алады.
Ол кездегі түріктердің тілін қолданылу барысына қарай , әдетте, тіл мамандары үш кезеңге бөліп
қарастырады: а) тукю тілі қолданылған дәуір (V-VIII); ә) көне ұйғыр тілі қолданылған дәуір (VIII-
IX); б) көне қырғыз тілі қолданылған дәуір (X-XI). Осы кезеңдер ішінде Орхон-Енисей жазу
ескерткіштері жазылған, ежелгі ұйғыр жазуының үлгілері пайда болып, оғыздар мен
қыпшақтардың аралас әдеби тілі жасала бастаған. (1)
Орхон-Енисей жазуы Қытай іргесінен бастап Орта Азия, одан әрі Венгрия жеріне дейін тарап, кең
жайылған. Оның қолданылу тарихы V және IX-X ғасырлар аралығын қамтиды. ТекX-XI ғасырдан
бастап, Орхон-Енисей жазуының орнына біртіндеп ұйғыр жазуы, кейін түгелдей араб жазуы
қолданылатын болды.
X-XI ғасырлардан бастап қолданыла бастаған араб жазуы түркі халықтары тілдерінің
ерекшеліктеріне сәйкестендірілмей, арабтарда қалай қолданылса, сол қалпында өзгеріссіз түркі
тілдерінде де қолданылды. Бірақ соған қарамастан ол оншақты ғасыр бойы түркі халықтарының,
соның ішінде, қазақ халқының да мәдени-рухани дамуына қызмет еттіп келді.
Латыннан кирилл жазуына көшу. (2)
Араб графикасының қазақтың дыбыстық жүйесіне сай еместігін турколог ғалымдар ХІХ ғасырдың
ІІ жартысында-ақ байқаған. Осыған байланысты Ш. Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А. Ильминский, П.
Милиоранский сияқты ғалымдар араб графикасын тастап, орыс графикасын алуды ұсынған.
Жазу мәдениетіне байланысты бірқатар пікір “Дала уалаяты” газеті бетінде де жарияланды: “Араб
әліпбиінде әуезбенен келетін жұмсақ әріп аз. Алайда болса араб әліпбиіменен қазақтар һәм басқа
мұсылман халықтары пайдаланып хат жазады. Ләкін қазақ сөздерінде жұмсақ әріптерменен
жазылатын әр түрлі әуездер көп”,- деп жазады Д.Сұлтанғазин. (3)
Байтұрсынов та атсалысып, араб графикасын қазақ тілі жүйесіне сәйкестендіруде зор еңбек етті.
Ол 1912 жылғы жарияланған мақаласында балалардың оқу саласында тез өсіп жетілуінің бір кілті
жүрген жазуымызды өз тіліміздің дыбыстық жүйесіне сәйкестендіру, оны сәйкестендіру үшін
тілімізде қандай және қанша дыбыстар бар екенін ашып, соларға үйлесімді әріпті айқындау қажет
деп есептеді. А.Байтұрсынов араб графикасын реформа жасап, дүниеге өзінің “төте жазуын” алып
келді.