1dianalady1
23.11.2021 02:46

2- нұсқа. Тапсырма
1. Мәтіндерді оқып, оларды тақырыбы, жалпы мазмұнын салыстырыңыз. Олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтаңыз.[8]
1-мәтін
Қасиетті қазақ халқының салт-дәстүрлері өте көп. Соның ішінде қазіргі жастар біле бермейтіндеріне қысқаша тоқталсақ. Ат тергеу. Ол – адамды сыйлауға арналған ізеттілік әдет-ғұрып. Ұлттық болмыс бойынша әйелдер атасына, қайнағасына, қайнысына, қайын-сіңілісіне атын атамау үшін қосымша ат қояды. Мұны ат тергеу деп атайды. Мұндайда қойылатын аттардың кейбірі мынандай: «Мырза қайнаға», «бай атам», «би аға», «тентегім», «еркежан», «шебер шешей», «ақ әже», «сырғалым», «шашбаулым». Жеңгелері қайныларына әзілдеп, бойлары тапал болса «сұңғақтым», жайбасар болса «жүйрігім» деп те ат қояды. Ер адамдар да өзінен үлкендерді Мәке, Сәке деп құрметтейді. Анттасу. Жаудан кек қайтару үшін, адамдар бір-біріне деген адалдықтан айнымау үшін, еларалық тату келісімді сақтау үшін ант айтатын салт-дәстүр бар. Халық антын бұзған адамды «Ант атқан» деп жек көріп, «Уа, айтылған ант, серттескен уәде, алысқан қол қайда?»» - деп, кінәласады.
2-мәтін
Байғазы беру. Үлкеннің кішіге, яғни балаға беретін сыйы. Жас ұл-қыз, бойжеткен, бозбала жаңа киім кигенде, жаңа зат алғанда аға, апа, ата-әжесінен, туған-туыстарынан оған байғазы сұрайды. Олар байғазыға ақша, мал, мүлік, әйтеуір бір зат беріп, құтты болсын айтады. Базарлық әкелу. Алыс сапарға шыққан, қыдырып қайтқан, сауда жасап келген адамдар туған -туысқандарына, көрші-көлемдеріне, дос-жарандарына ірілі-ұсақты сыйлықтар әкеліп береді. Мұны базарлық деп атайды. Ол - жақсы көргеннің, сыйлағанның белгісі.

Бастаңғы жасау. Үйдегі үлкендер жолаушылап кеткенінде қалған жастар өздері бас қосып (келіндер, абысындар, күйеулер, балдыздар болып), немесе замандастарын шақырып ойын-суық өткізеді, әңгіме-дүкен құрады, әртүрлі дәмді тағамдар жасап ішеді. Бұл әдет-ғұрыпты бастаңғы жасау деп атайды.
Көрісу. Қазақ салты бойынша сағынысып кездескен адамдар бір-бірімен құшақтасып амандасады, кісі қайтыс болғанында құшақтасып жыласады, қыз ұзатылғанда да қимастықпен қоштасып, жылайды. Мұны көрісу деп атайды.

1-мәтін 2-мәтін
Тақырыптары

Мазмұны не туралы?

Ұқсастықтары

Айырмашылықтары

2. 1-мәтіннен негізгі және қосымша, детальді ақпараттарды (кем дегенде 1-еуден) табыңыз. Неліктен бұл ақпарат негізгі (қосымша, детальді) ақпарат болып табылады? (3 )

Негізгі ақпарат Қосымша ақпарат Детальді ақпарат
1-мәтін

Жазылым
Төменде берілген тақырып бойынша үстеудің мағыналық түрлерін қолдана отырып, құттықтау құрастырып жазыңыз.

Наурыз – Ұлыс меркесі. Барша қазақстандықтарды төл мерекемізбен құттықтаңыз. [4]
Құттықтау хат үлгісі:
Құттықтаухат құрметті, қадірлі, аса қадірлі, қымбатты деген сөздермен басталады.
Содан кейін құттықтау себебі жазылады. Сосын құттықтаушы қуаныш иесінің жетістіктері туралы хабардар екенін білдіруі қажет.
Мысалы:
• Сіз осы жылдар аралығында зор жетістіктерге (табыстарға) жеттіңіз.
• Біз сізді әділ басшы, іскер маман ретінде жақсы білеміз.
• Қызметкерлер арасында сіздің беделіңіз жоғары.
• Сіз өзіңізді іскер маман ретінде көрсете білдіңіз.
• Сіздің медицина (экономика, филология т.б) саласына, фирманың (кәсіпорынның, мемлекеттің) өркендеуіне қосқан үлесіңіз зор т.с.с.
Осыдан кейін ізгі тілектер жазылады. Соңында құттықтаушының аты- жөні шын жүректен, ізгі тілекпен, шынайы көңілден деген сөздермен аяқталады.
Құрылымы:
• Қосымша сөздерден басталып, (мерейтой иесінің) аты-жөнінің жа-
зылуы.
• Құттықтау себебі.
• Құттықтау иесінің жетістіктері жайлы ізгі тілектер.
• Қосымша сөздермен аяқталады, құттықтаушының аты-жөні.
Дескриптор:
1. Үлгіге сай құттықтау жазады
2. Құрылымын сақтайды
3. Үстеудің мағыналық түрін қолданады
4. Сауатты, көркем жазады

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
KeeRuSha
30.08.2022 15:30

Ақ дегелек немесе ақ ләйлек — әркімге бала кезден әдеби шығармалардан және суреттерден таныс бейне, биіктігі бір метрдей, қанаттарының ұшы қара, тұмсығы мен аяғы қызыл түсті ақ құс. Әуелде Оңтүстік Қазақстандағы сазды жерлерде кең таралған болатын. Қазір су жағдайының өзгеруіне және шөбі қалың таяз сулар мен шабындықтардың жоқ болуына байланысты, тіптен жоғалып кетті. Тек Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының кейбір жерлерінен кездестіруге болады. Дегелектер адамнан қорықпайды, үлкен ұя салады. Бұлар көп жылдар бойы бір ұяда қоныстайды, сондықтан осыған байланысты махаббат пен сенімділік туралы аңыздар туған. Дауысы жоқтың қасы, күй-ойнақ кезеңінде аталығы басын арқасына қойып, тұмысығымен жиі соғып, барабан даңғылығындай дыбыс шығарады, ол кәдімгідей қашықтықтан естіледі. Ұясында 3-6 кұңгірт ақ жұмыртқасы болады. Ақ дегелек тек жануар тектес қорекпен (ірі жәндіктер, бақа, кесіртке, балапандар және көжектермен) қоректенеді. Қазіргі кезде ақ дегелек өте сирек кездеседі. Бұл құстың әрбір ұясын қорғауға алу қажет.

Объяснение:

Маған ❤ басшы ком жазшы

0,0(0 оценок)
Ответ:
Stasonka
23.07.2022 10:37

Зар заман толғауына пікір

Объяснение:

Зар заман Шортанбай Қанайулының шығармасы .Бұл Зар заман кезеңі туралы жазылған толау болып саналады ,Ал зар заман дегеніміз не

Зар заман дегеніміз -Қазақ әдебиетіндегі кезең атауы. Аталған кезең Ресей империясының отарлау саясаты салдарынан Қазақ хандығындағы бұрынғы ел басқару жүйесінің жойылып, халықтың саяси, экономикалық және рухани езгіге ұшыраған тарихи уақытты сипаттайды. Алғаш Шортанбай Қанайұлы осы кезеңнің ауыртпалықтары туралы “Зар заман” атты зарлы толғау шығарып, ол ел ішінде кең таралды. Бұдан кейін басқа да ақындар осы тақырыпқа көптеген өлең-жырлар шығарды. Оларды қазақ әдебиетінзе "Зар Заман ақындары" деп атайды .Шығармада сол замандағы  әділетсіздіктер туралы айтылған

Зар заман, зар заман,

Зарлап өткен бір заман.

Сөздің басы — бисмілла,

Біз айталық, сіз тыңда

Мұсылманның тарихын:

Төрт аяқты хайуан —

Бұ дүниенің жарығы.

Бағасы кеткен жігіттің

Бетінен алар зайыбы.

Бір алладан басқаның

Көпті қылған айыбы.

Кесапаттың кесірі

Келе ме деп керт басқа,

Сол себептен қорқамын!

Әуелгі қорлар зор болды,

Сондай зорлар қор болды,

Әуелгі барлар жоқ болды,

Сондай жоқтар тоқ болды,

Жөн білмеген жамандар

Ел билеген бек болды,

Көтере алмай билігін,

Ұласқан үлкен кек болды,

Ниетіне қазақтың

Тым - ақ тәуір еп болды —

Заманақыр болар деп,

Сол себептен қорқамын!

Қыс көбейді — жаз аз боп,

Бай таусылды — мал аз боп,

Ағайыны көре алмай,

Атаға бала араз боп.

Әр нәрсенің болжалы

Келе жатыр жақындап.

Ағашты тауға үй салып,

Алды кәпір ақында,

Елді еркіне қоймады

Буыршындай тақымдап.

Дуан басы, болыс тұр

Кәпірдің сөзін мақұлдап,

Бейшараның пұлы жоқ,

Қорыққаннан қақылдап.

Жарысқа кірген жақсылар,

Аша алмассың көзің деп,

Сол себепті қорқамын!

Елге егін жайылды,

Байға қоңсы жоламас.

Алдап-арбап жүрем деп,

Өз тілегін тілемес.

Арам сулы балаға

Атаның сөзі ұнамас.

Заманақыр боларда

Алуан-алуан жан шықты,

Қайыры жоқ бай шықты.

Сауып ішер сүті жоқ,

Мініп көрер күші жоқ,

Ақша деген мал шықты.

Жарлы - кедей жоқ десек,

Қорлықпенен күн өтер.

Таңда махшар күн туса,

Таразыны аударар

Жаһаннам деген дозақта.

Шайтан болар жолдасы,

Құбыласын білмей құл,

Сонда тартар жазасын.

Кешірмейді құдайым

Бес намаздың қазасын.

Құрт-құмырсқа жиылып,

Сонда алады мазасын.

Жаһаннамның белгісі —

Жалғанға болар расың.

Мұқым қылмай құдайым

Ол залымның тау басып.

Сақта құдай солардан,

Сол себепті қорқамын!

Байлар ұрлық қылады,

Көзіне малы көрінбей,

Билер жейді параны

Сақтап қойған сүрін.

Заманың сенің құбылды

Текеметтің түріндей.

Ойлағаны жамандық,

Жарадан аққан іркіл.

Жеті жұрт кеткен қожадан,

Сен тұрмайсың бүлінбей.

Қазақ ұлы жиылып,

Құдайыңа сыйынып,

Қондыгерге хат жазып,

Кешіктірмей дат жазып,

Өлместің де қамын қыл,

Басың сотқа ілінбей.

* * *

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота