Менің анам – жер бетіндегі ең аяулы жан. Мен оны шексіз жақсы көремін. Оны белгілі бір нәрсе үшін жақсы көремін деп айта алмаймын. Оған бар болғаны менің өмірімде бар болғаны үшін алғыс айтамын. Мен оны мақтан тұтамын. Одан асқан маған жақын жан жоқ. Ол өте сұлу. Оның сылдырлаған күлкісі мен қоңыр көздерін жақсы көремін. Аялы алақанындағы жылуын сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Менің анам өте мейірімді. Ол барлық адаммен тіл табыса алады. Қиын-қыстау кезеңде алақанымен аялап, қолдау көрсете біледі. Анам шыр етіп осы дүниеге келген сәттен бағып-қағып келеді. Анама маған осы күнге дейін жасағандарының барлығы үшін алғыс айтамын. Өзім де оған көмек қолын созып отыруға тырысамын. Әдетте үй ішін жинап, ауыр сөмкелерді көтерісуге көмектесемін.
ответ:Бала кезімізде ортаға буы бұрқырай келген тамаққа асығыстап қол сала бастасың, әжеміз білегіңді қағып: «алдымен «бисмилла» де, сосын нан үз, тамақ қайда қашар дейсің?» деп тыйып тастайтын. Сол әдет пе, құранды жиындарға барсам, имам дұға бағыштамай дастарханға тұра ұмтылған адамдардың әрекетін ерсілеу көремін. Тамаққа шыдамсыздық – нәпсінің бір түрі.
Қазір өлім-жітім көп. Азалы әулет бақилық болған жақынына ағайын-туысын, жақын-жамағайынын, құда-жегжатын шақырып, жетісінде, қырқында, жылында ас береді. Көпшілік жиылған асты имандылық асханаларында берген ыңғайлы, әрине. Бір мезгілде келеді, бір мезгілде қайтады. Бір өкініштісі, батаға ертелеу келген жамағат дастарханға отырысымен-ақ, имам дұғасын күтпей, қасық-шанышқыларын тәрелкелерге сүйкеп, сақырлата бастайды. Қайда келді? Не мақсатпен келді? Жайнаған дастарханды көрген соң барлығы әдірәм қалған. Қатырлатып шайнап жатыр, сылқылдатып жұтып жатыр. Бейне думанды тойға келген сияқты. Әлден уақ имамның құран бағыштай бастаған үні естіледі. Бұл кезде әлгілер кекірініп, тойынып-ақ қалған. Майлы қолдарымен бет сипап алып, тамақ жеуге қайта кіріседі. «Ұйқы арсыз, күлкі арсыз, тамақ арсыз» деуші едік, тым болмағанда осындай азалы жиындарда ас нәпсісін тыйуға ерік-жігер таба алмағанымыз ба? Әлде, әр үстелге «имам бисмилла десін де?» деп, білекті қағып отыратын бір-бір әжеден отырғызып қоямыз ба
Объяснение:
арен жаздым лайк басшы