Адамның тұлғалық қасиетінің жақсы немесе жаман болып қалыптасуына әсер етуші фактор − жанұя. Бала кішкентай кезінде көрген-түйген дүниелерін кейін өзі бөлек отау құрғанда жаңа отанына алып барады. Және өзі көрген, ұққан дүниелерін өзінің бала-шағасына береді. Сол себепті, жанұя тәртібі, отбасылық тәрбие, былай қарағанда, мәнсіздеу дүние көрінгенімен, оның әулет, ұрпақ, ағайын, мемлекет, отан алдындағы маңызы өте терең.
Қазақта: «Отан отбасынан басталады», — деген дана сөз бар. Шынында да, а үшін Отаннан кейінгі қасиетті ұғым - отбасы болса керек. Отбасы – Отаннның әрбір мүшесін дүниеге әкеліп, қанатын қатайтып, қатарға қосатын маңызды мекеме. Данышпанның да, ғалымның да ең алғашқы тәлімі мен тәрбиесі осы мекемеде қаланған. Мемлекеттің мықты болмағы оның дана басшысына байланысты болғаны сияқты, отбасының берекесі – ері мен әйеліне байланысты екені даусыз. «Үйлену оңай, үй болу қиын» десек те, отбасын құрған әрбір жан үйленерде бақытты болам деп емес, жарымды бақытты қылам деген мақсатпен үйленсе, көп қиындықтың басы шешілер еді. Қазіргі қоғамымыздағы ажырасу дерегінің күн санап өсіп келе жатқандығы көңіл алаңдатады. Отанымыздың тұғыры мықты болуы үшін Отанды құрайтын отбасы мықты болуы керек.
Табанды Дәл осы тұлғалы сөз түсіндірме сөздікте — алған бетінен қайтпайтын тұрақты, сөзіне, уәдесіне берік мағынасында көрінеді. «Бұл шығармада қажырлы ерлердің, табанды большевиктердің кескіні-кейпі көрсетіледі» (Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов, Суреткер). Сәз төркіні парсы тілінен екенін бірден айтуға болады. Өйткені Сібірдегі түркі тілдері мен моңғол тобындағы тілдерде бұл тұлғалас сөздер ұшыраспайды. Парсыларда таб — төзімді, шыдамды, берік деген ұғымға ие болса, тәбан — қуат, күш дегенге нұсқайды. Әсіресе, соңғы «тәбан» сөзі қазақ тілінде -ды қосымшасын қабылдап, қазақ тіліндегі «мықты, төзімді» сөздерінің синониміне айналғаны көрініп тұр. Қазақ тіліне араб, парсы тілдерінен ауысқан сөздер жөнінде кітап жазған авторлардың тізіміне ілінбеген. Сол себептен де біз еңбегімізге кіргізіп отырмыз
Объяснение:
Вот