Ania07
05.06.2023 16:24

Жазылым. Ұсынылған тақырыптардың бірін таңдап, эссе жазыңдар.
Выберите одну из предложенных тем и напишите эссе.
1)Төрт түлік малдың пайдасы.
2)Қазақ халқының ұлттық аспаптары.
3)Наурыз мейрамы
4)Ұлыстың ұлы күні құтты болсын. ​


Жазылым. Ұсынылған тақырыптардың бірін таңдап, эссе жазыңдар.Выберите одну из предложенных тем и нап

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
JeepandChira13
09.07.2022 15:40

еліміздің «Қазақстан» деген атпен бүкіл әлемге алғаш қадам басқан жылы. Сол сәттен бері міне 20 жыл да өте шықты. Қазіргі Қазақстан әлем сахнасында мақтанарлықтай беделге ие. Жас мемлекетіміз осындай аз ғана уақыттың ішінде көптеген ірі экономикалық, саяси және әлеуметтік жетістіктерге қол жеткізді. Қазіргі таңда Қазақстан жас мемлекет бола тұра, көптеген елдерден әлдеқайда алда. Еліміздің аяғынан нық тұруы, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және экономикамыздың жедел қарқынмен дамуы - қазіргі таңда негізгі стратегиялық бағыттар. Бүгінгі Қазақстан – тек өзі орналасқан аймақта ғана емес, бүкіләлемдік проблемаларды талқылауда және шешуде ықпалды рөл атқаратын ел. «Қаз тұрып, қадам басқан тәуелсіздік сәбилік тұсауын өміршең уақытқа кестірген кезден бастап, осынау 20 жылдың бедерінде айшылық жерді алты рет аттаған алып секілді, дәуір жалынын мығым ұстап, тізгінін бекем қаға білді» - деп Елбасымыз айтқандай, егемен Қазақстанды бүгінде барша  әлем танып отыр.Тәуелсіздік алғандағы алғашқы әрекеттердің арасында мемлекетіміздің ұлттық валютасы - теңгені енгізу, көршілес мемлекеттермен шекараны белгілеп алу, Конституциямызды бекіту бар еді. Ата Заңымызға сәйкес Қазақстан және қазақстандықтар ешкімнің жеріне көз салмайды, бірақ өз жерінің бір сантиметрін де ешкімге бермейді. Мұндай істердің орындалуы - ерекше тарихи жетістік. Айта берсек 20 жылда жеткен еліміздің жетістігі өте көп. Дегенмен, бұл жетістіктерге жетуде еліміз көп қиыншылықты көргенін ұмытпағанымыз жөн.

Өз басым тәуелсіздіктен кейін туылған буынның өкілі бола тұра, бұл Егемендіктің қандай жолмен келгенін жақсы білемін. Қазақстан үшін, қазақ халқы үшін тәуелсіздік аспаннан түскен сый емес еді. Халқымыз бостандықты аңсап, Тәуелсіздікке зарығып жетті. Тәуелсіздік жолында еліміз аз қиыншылық көрген жоқ. Тәуелсіздік – ата-бабамыздың ежелден келе жатқан арманы. Халқымыздың бостандыққа ұмтылысының және өшпес қайсар рухының  арқасында тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл күнге дейін жеткен ұмытылмас оқиғалар – ел бостандығын қорғау соғыстары мен ұлт-азаттық көтерілістердің тарихымызда өшпес өнеге, өлмес мұра ретінде сақталатыны рас. Елдің біртұтастығы мен тыныштығын сақтауға хан-сұлтандар, батырлар, қарапайым халықтың өзі де жандарын пида еткен. Тәуелсіздік деген ұлы жеңіске қол жеткізуде әлі де жаңғырып тұрған кешегі Желтоқсанның да септігі аз болған жоқ – студент жастардың көшеге шығып үндеуі және егемендік үшін зардап шегуге дайын екендігін көрсете білуі барша халыққа сенім мен жігер берген болатын.

Қазіргі таңда Тәуелсіздік - барлығымыз үшін ерекше қасиетті күн. Бірліктің, ынтымақтастық пен татулықтың күні. Мемлекетіміздің тәуелсіздігі - ең алдымен халқымыздың бақыты. Алғашқы жылдарда басым мақсаттардың қатарында егемендікті нығайту, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, экономикадағы қиыншылықтарға жауап беру болған еді. Сондықтан бүгінгі күні халқымыз өткеннен қалған тарихи өнегені, отансүйгіштікті, ұлтына деген махаббатты жоғалтпай, әрі қарай жастардың патриоттық сезіміне енгізуге ерекше көңіл бөлуі керек деп ойлаймын.

Тәуелсіздігімізді жариялағаннан бергі мезгіл ішінде көптеген елеулі табыстарға қол жеткіздік. Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігі, көп ұлтты Қазақстан халқының жарастығы мен ынтымақтастығы Президентіміздің жүргізіп отырған парасатты көреген саясатының нәтижесі.

Қазақстан - қазақ халқының ата-баба мекені, ежелгі қонысы. Еліміз өлшеусіз табиғат байлығымен ғана емес, ең алдымен сан түрлі ұлттардан құралған халқымен ерекше екенін ұмытпаған абзал. Бүгінгі бейбіт те шуақты күндерді бағалай отырып, жаңа биіктерге ұмтылу – біздің буынның бағыты болуы тиіс.

0,0(0 оценок)
Ответ:
margarita4278
26.04.2023 22:41
Мектеп жәрмеңкесі

Біздің мектептің бір керемет  дәстүрі бар.  Жылына бір рет мектеп жәрмеңкесін өткізу. Бірақ бұл жәрмеңке оңай емес деп атап өту керек. Мұғалімдер мен оқушылардың арқасында әрдайым мектеп жәрмеңкесі қызықты өтіп отырады.

Осы жылы да біз өз дәстүрімізді бұзғанжоқпыз. Мектеп аланыңда ұзын үстелдерді қойып, үстіне түрлі-түсті матаны жайып қойдық. Үстелдердің жартысы, жәрменкелердің қонақтары біздің баларға әкелінген тауарлармен толып тұрды. Әдемі мұқабамен қапталған дәптерлер, жаңа кітаптар, музыка дәптердері, көркем әдебиеттер мен сурет салуға арналған альбомдардың көптеген түрлері үстелде тізіліп түрді. Әрбірі өзіне керекті затты таба алды. Қалған үстелдердегі заттар жоғарғы сынып оқушыларына арналған. Үстелдегі тұрған заттар барлықтарының қызуғышылығын тудырды. Бұл таңғарлық емес, өйткені сувенирлер қолдан істелінген болды. Балалардың тырысқаны көрінді. Сатып алушылардың бәрі риза болды. Мен сенімдімін, мұндай жәрменке балаларға ғана емес, мектепке де пайдасы бар. Барлық сатылған тауарлардың бағасы да қымбат емес, өте арзан бағамен болғаннан аз уақытта сатылып кетті. Тапқан ақшаға көмек керек адамдарға және мектепке жұмсалады.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота