"Үш, жеті, тоғыз сияқты сандар қатарын қазақ халқының дәстүрінде, сенімінде, тиымында, сөз саптауында, мақал-мәтелдерінде жиі кездеседі. Бірден онға дейінгі сандардың біздің өмірімізде теңдесі жоқ орыны бар, оларсыз мүмкін емес. Ескі сенімдер түрлерінде олар тілде жиі кездеседі. Қазіргі дамыған елдердің халқы арасында әлі де он үш санын құбыжық санайтын адамдар аз емес. "Жеті" саны көптеген халықтар үшін, оның ішінде мұсылман мемлекеттері халықтары, қазақ халқы арасында да киелі сан болып саналады.
1. Оқжетпес деп аталу себебі; көп аңыздарда айтылады. соның бірі: бұдан көп жыл бұрын Арқаның Көкшетауының бір алқабында әрі батыр, әрі аңшы бір адам өмір сүрген екен. Батыр аңшы бір күні аң аулап келе жатып, қазіргі «Оқжетпес» аталатын, бейне алып күшті дәу қолмен текшелеп үйіп қойғандай үшкір найзаланған биік тас таудың шың басына бір бүркіт адам тәрізді жәндікті бүріп қона бергенін көріп қалыпты. Сол арада: «Апырмай, мұның жемі адам тәрізді ғой», - деп ойлайды да, жалма-жан садағын ала салып, бүркітті көздеп тартып жіберіпті. Зулаған оқ үшкір таудың ортасынан аса, көзделген шың тасқа жетпей жерге түсіпті. Құтқара алмайтынын сезген батыр аңшы көңіліне жаман ой түсіп, дереу үйіне жүгіріп келсе, әйелі зарлап жылап отыр екен. Жаңағы бүркіттің бүрген жемі батыр аңшының жалғыз баласы екен. Ашына күйінген батыр аңшы: «Ең болмаса, қызымның сүйегін көмейін» деген оймен «Құлап өлсем, жаным артық па», - деп тәуекелге бел байлап, құс болмаса бұрын адам шықпаған найза тауға шығып, қызының сүйегін алып, түбіне жерлепті. Ал тас тауға «Оқжетпес» деп ат қойған екен. 2. Ақмола облысындағы Бурабай және Шабақты көлдерінің аралығындағы биік жартас.( сол жерде орналасқан)
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota
Оформи подписку