ninaemelyanova2
21.03.2023 08:53

с ТЖБББ 1-тапсырма. Мәтіндерді оқып, оларды тақырыбы, жалпы мазмұнын салыстырыңыз. олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтаңыз. [5]
1-мәтін.
Байғазы беру. Үлкеннің кішіге, яғни балаға беретін сыйы. Жас ұл-қыз, бойжеткен,
бозбала жаңа киім кигенде, жаңа зат алғанда аға, апа, ата-әжесінен, туған-туыстарынан оған байғазы сұрайды. Олар байғазыға ақша, мал, мүлік, әйтеуір бір зат
беріп, құтты болсын айтады.
Базарлық әкелу. Алыс сапарға шыққан, қыдырып қайтқан, сауда жасап келген адамдар туған -туысқандарына, көрші-көлемдеріне, досжарандарына ірілі-ұсақты сыйлықтар әкеліп береді. Мұны базарлық деп атайды. Ол - жақсы көргеннің, сыйлағанның белгісі.
Бастаңғы жасау. Үйдегі үлкендер жолаушылап кеткенінде қалған жастар өздері бас
қосып (келіндер, абысындар, күйеулер, балдыздар болып), немесе замандастарын шақырып ойын-суық өткізеді, әңгіме-дүкен құрады, әртүрлі дәмді тағамдар жасап
ішеді. Бұл әдет-ғұрыпты бастаңғы жасау деп атайды.
Көрісу. Қазақ салты бойынша сағынысып кездескен адамдар бір-бірімен құшақтасып амандасады, кісі қайтыс болғанында құшақтасып жыласады, қыз ұзатылғанда да қимастықпен қоштасып, жылайды. Мұны көрісу деп атайды.
2-мәтін.
Қазақ халқы «Атадан бала тусайшы, ата жолын қусайшы» деп, атадан балаға мұра
болып келе жатқан жақсы қасиеттерді келер ұрпақтың бойына сіңіріп, ізгілікке
тәрбиелеуге тырысқан.
Атасы немересіне жылдың маусымы ауысымен көштің қалай, қайда көшуін, суды
қайдан тауып ішетінін, жеті атасын білуі, елдің батыраларының ерлік хиқаяларын
әңгімелеп, адамды жақсы ететін де, жаман ететін де тәрбие екенін жастайынан
баланың бойына сіңіріп отырған. Жас ұрпақты бұлай тәрбиелеудің маңыздылығын
қазақ халқы ерте түсінген. Ешқандай жоғарғы білімсіз-ақ тәрбиенің небір оңтайлы
әдістерін баласының бесігінен бастаған халқымыздың елден шыққан тентегіне де
«Сен оңбассың, адам болмассың» дегенді тұқыртып бетін қайтарып айтуды жөн
көрмеген. Адамдықтың парызын перзентінің көкірегіне құйып, іс-әрекетін қадағалап
отырған.
Қазақ баласының санасына қарнының қамын емес, халықтың қамын ойлауды о
бастан-ақ сіңіріп өсірген. Осы қасиеттердің барлығын бала санасына ертеден құя
білген қазақ халқы он бестегі ұланына ел басқартқан, шешендік сөз өнеріне
қатыстырып тәлім берген.
1-мәтін
2-мәтін
Тақырыптары

Мазмұны не туралы?

Ұқсастықтары

Айырмашылықтары

2-тапсырма. 1-мәтін бойынша негізгі және қосымша ақпаратты сәйкестендір [2]

1. Байғазы

А. Үлкеннің кішіге, балаға беретін сыйы.

2. Базарлық

Б. Сағынысып кездескен адамдар бір-бірімен құшақтасып
амандасып, кісі қайтыс болғанында құшақтасып жыласады, қыз ұзатылғанда да қимастықпен қоштасатын дәстүр.

3. Көрісу
В. Үйдегі үлкендер жолаушылап кеткенінде үйдегі жастар өздері
бас қосып немесе замандастарын шақырып,

4. Бастаңғы

С. Алыс сапарға шыққан, сауда жасап келген адамдар туған
-туысқандарына, досжарандарына ірілі-ұсақты беретін сыйлықтар.

3-тапсырма. Мәтінге қатысты ой-тұжырымыңызды 3-4 сөйлеммен жазыңыз.


[3]

2-мәтінді оқып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңдер.
1. Мәтінге сай келетін мақал-мәтелді көрсетіңіз.
2. Баланы тәрбиелеу жолдары қай абзацта айтылған?
3. Мәтіндегі "ізгілік" сөзіне синоним болатын сөзді табыңыз.
А. 1. Бала тәрбиесі бесіктен. 2. 2-абзац. 3.кішіпейілділік.
В. 1. Су ішкен құдығыңа түкірме. 2. 2-абзац. 3. шешендік.
С. 1. Тәртіпті-елдің құлы. 2. 1-абзац. 3. қамқорлық.

Жазылым

​Төменде берілген үш тақырыптың бірін таңдап, жазба жұмысын орындаңыз. Жазылым жұмысында тақырыптан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып, орфографиялық, пунктуациялық нормаға сай жазыңыз. [5]
1. Қазіргі кездегі қазақтың салт-дәстүрлерін заман ағымына сай өзгертуі дұрыс па, бұрыс па? Көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазыңыз. 120-130 сөз

2. Үстеу түрлерін қатыстырып, өздерің білетін бір салт-дәстүр туралы жинақы мәтін жазыңыз. 60-70 сөз.
3. Есімдіктерді қатыстырып, ойыңызды өрбітіп, «Қазақ спортшылары – әлем деңгейінде» деген тақырыпқа эссе жазыңыз. 120-130 сөз

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
sofikri2007
29.01.2022 12:44

Объяснение:

3- тапсырма. Сұрақтарға толық әрі қысқа жауап беріңдер.

Сұрақ: Саржан аңшының ұлы кім?

Толық: Саржан аңшының ұлы – Толағай.

Қысқа: Толағай.

Сұрақ: Толағай неше жасында батырға айналады?

Толық: Толағай 4 жасында батырға айналады.

Қысқа:4 жасында

Сұрақ: Толағай әкесімен бірге қайда шығады?

Толық: Толағай әкесімен аңға шығады

Қысқа:Аңға шығады

Сұрақ: Толағай қайда барады?

Толық:Толағай тауға барады

Қысқа:Тауға барады

Сұрақ: Толағай арқасына нені салады?

Толық:Толағай арқасына тауды салды

Қысқа:тауды салды

0,0(0 оценок)
Ответ:
Ania151
14.01.2020 01:48

Объяснение:

Әлемдік мәдениет — жалпыадамзаттық мазмұны бар рухани құндылықтар сипатын айқындау үшін қолданылатын күрделі ұғым. Әлемдік мәдениетті дүние жүзі сипат алған діндерге негіздеп христиандық, исламдық, буддалық мәдениет деп бөлу бар. Еуропалық әдебиеттерде кең тараған бұлай бөлуді шартты деп бағалаған жөн. Өйткені мұнда құндылық мәніне тек діни талаптар тұрғысынан ғана қарау нышаны байқалады. Әлемдік мәдениет адамзаттың рухани дамуына тікелей әсер еткен және жоғарыда аталған діни мәдениеттерге де өз ықпалын тигізген жалпыадамзаттық мазмұндағы мұралар болып табылады және олар тарихи сабақтастық тұрғысынан қарастырылады. Ертедегі Үнді, Қытай, Мысыр, Грек, Рим мәдениеті, Орхон-Енисей ескерткіштері, ортағасырлық мұсылмандық және еуропалық қайта өрлеу дәуірлерінің мәдени ескерткіштері, Конфуций, Аристотель, Әбу Наср әл-Фараби, Августин Б., Гегель еңбектері, М. Қашғари, Ж.Баласағұн шығармалары, Тәурат, Інжіл, Құран сияқты діни кітаптар адамгершілік ережелеріне халықар. дәрежеде негіз болған әлемдік мәдениет мұралары. Музыкалық әуендер, саз аспаптары үндестігінің күшеюі, Қорқыт ата, Асан қайғы сияқты аңыз алыптарының халықаралық кейіпкерге айналуы әлемдік мәдениет мазмұнын толықтырды. Науаи, Абай, Низами, Пушкин, Байрон, Петефи, Мицкевич, Әуезов және т.б. ұлы есімдер тілі де, діні де бөлек елдердің рухани туыстығын жер жүзіне танытты. Чайковский мен Бетховен, Құрманғазы мен Шопен музыкалары әлемдік мәдениет болып табылады. Әлемдік мәдениет өзінің ұлттық өрісін дүние жүзілік дәрежеге көтерген мәдени туындылардан тұрады, адамзаттың рухани өркендеуінің куәгері болып саналады.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота