den193p08o5z
16.03.2022 16:24

Казахский язык 1. Мәтіндегі мәселе бойынша ғалымдардың мақсаты қандай болуы мүмкін? 1 ұ

А) баламалы энергияны күнделікті өмірге енгізу

Ә) зауыттарға ауа тазартқыш фильтрлер орнату

С) қоқыстарды қайта өндейтін зауыттар салу

Д) балама энергияны зерттеуге грант жариялау

2. Бос орындарға қажетті сөздер мен сөз тіркестерін қойыңыз. 2

А) Профессор Ә. Жамалиев байланысты зерттеу жұмысына жарты ғасырда жуық өмірін арнады. Кейін Алматы қаласына келгеннен кейін де -

3. Мәтінде берілген сөздерге мағынасы жақын сөздерді табыңыз. 1

Пайдалану іс қажет баға болашақ үлкен

4.Сіздің ойыңызша, қазіргі кезде баламалы энергия көздерінің зерттеуіне неге көп назар аударады 1

Оқылым

Олар өз халқына тәуелсіздік және отаршылдық құлдықтан азатық алу жолындағы күресінде көмектесуге ұмтылады. Әрбір адамның және әрбір халықтың жеке өз бостандығына, құқығы мен бүкіл адамзат мәдениетінің жетістіктері мен табыстарына еркін қол жеткізуі үшін күресті. Қазақ зиялылары 1905 жылдан бастап осы мақсатта дала өңірінде қызу қызмет жүргізді. Қазақ зиялыларының көшбасшылары халықтың саяси жағынан көзін ашу үшін оның бойында білімге деген құлшынысты ояту, сауатсыздықты жою қажет екенін түсінді. «Қазақ», «Қазақстан» газеттерінің «Айқап», «Сарыарқа», «Абай» журналдарында олар тек білім ғана өркениетті дүниеге жол ашады, қазақтардың ұлт ретінде сақталуына көмектеседі деп, қазақ халқын білім алуға шақырды

А.Байтұрсынов балаларды мектептер мен медреселерде оқытудың маңыздылығын атап көрсетті. Ол балаларды міндетті түрде екі жыл қазақ тілінде оқытуды талап етті, «яғни әрбір халықтың өз тіліне, жазуына және дініне құқығы болуға тиіс» деп санайды. Сонымен бірге ол орысша сауаттылықты да үйрену қажет екенін атап өтті. ХХ ғасырдың басында қазақ зиялыларының қызметінде құқық проблемалары елеулі орын алды, өйткені патша заңдары көшпелі халықтың құқыған қорғамады. Олар патша өкіметіне қазақ халқының әлеуметтік жағдайы туралы хабар жеткізуге, оның құқықтық мүдделерін қорғауға тырысты. Олардың көпшілігі арнаулы заң даярлығынан өткендер еді. Бұл халықтың құқықтық білімін кеңейтуіне, олардың құқықтық білімін байытуы мен тереңдетуіне мүмкіндік берді.

5.Ахмет Байтұрсынов оқытудың маңыздылығын қалай атап көрсетті? 1ұ

ХХ ғасырдың басында қандай мәселелер пайда бола бастады? 1ұ

6. Берілген сөйлемдердің мәтін мазмұнына сәйкестігін анықтап, «+» «-» таңбасын қойыңыз. 3 ұ

Перифраздалған сөйлемдер «+» «-»

Олар өз еліне бостандық пен отаршылдық құлдықтан азаттық алу жолындағы күресінде көмек көрсетуге тырысқан

Олар сол кездегі бұқаралық ақпарат құралдарына білімнің дамуға жол ашатындығын айтып, халыққа үндеу тастады.

А.Байтұрсынов арнайы білім беру ұйымдарында оқудың маңыздылығына мән бермеді.

А.Байтұрсынов қазақ балалары алдымен өз ана тілінде білім алуы қажет деп санады.

А. Байтұрсынов орыс тілінде де білім алуды құптады

Қазақ зиялыларының көбісі арнаулы заңгерлік білімнен хабарсыз болды


Казахский язык 1. Мәтіндегі мәселе бойынша ғалымдардың мақсаты қандай болуы мүмкін? 1 ұА) баламалы э

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
donkikas
05.05.2021 18:05

Музыка аспаптарында орындалатын шығармаларды аспаптық музыка деп атайды.

Қазақтың домбыра, қобыз, сыбызғы, шертер сияқты ұлттық музыкалық аспаптарында орындалатын әуен-саз күй деп аталады.

Бізге жеткен ең көне күйлер – күй атасы Қорқыттың шығармалары.

Күй – бағдарлы мазмұны бар, көркемдігі жоғары аспаптық жанр. Онда табиғат құбылыстары («Алатау», «Саржайлау», «Көбік шашқан»), тарихи оқиғалар («Ел айырылған», «Жеңіс»), халық мерекелері («Тойбастар», «Балбырауын»), жан-жануарлар («Аққу», «Қоңыр қаз», «Көкала ат»), аңыз-ертегілер («Мұңлық-Зарлық», «Қос мүйізді Ескендір»), жеке адамдар («Байжұма», «Абыл»), адам сезімдері («Қуаныш», «Сағыныш»), т.б. түрлі оқиғалар мен құбылыстар суреттеледі.

Күйлер тақырыбы мен мазмұнына қарай аңыз-күйлер, тартыс күйлер, тарихи күйлер, арнау күйлер, лирикалық күйлер, психологиялық күйлер болып жіктеледі.

Қазақтың аспаптық музыкасы ХVІІІ ғасырдың соңында жоғары деңгейге көтерілді. Бұл кезде Байжұма, Баламайсан, Есжан, Байжігіт, Ұзақ, Боғда, Махамбет сияқты күйшілердің атағы халыққа кеңінен мәлім болды. ХІХ ғасырда ежелгі күйшілік өнердің одан әрі өрістеп дамуына Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Тоқа, Абыл, Есір, Ықылас, Байсерке, Қазанғап, Сейтек, Дина, Сүгір сияқты күйшілік өнердегі ірі тұлғалар елеулі үлес қосты.

Домбыра күйлері орындалу мәндері мен құрылымдылық ерекшеліктеріне қарай төкпе және шертпе деп аталатын екі үлкен түрге бөлінеді. Төкпе күйлер тұрақты екпін мен өлшемде, оң қолдың тұтас сілтенуімен орындалады. Ал шертпе күйлер көбінесе жалғыс дауысты болып, оң қол саусақтарының ұшымен орындалады.

Қазақтың ең көне күйлерінің көпшілігі – қобыз күйлері. Ежелгі түркі тектес халықтарда қобыз күйлері жыраулар өнерінен бастау алады. Жыраулар жырды қобызбен сүйемелдеп отырған. Қобыз күйлерінде бұрынғы бақсы сарындары да көп кездеседі. Бұл өнерді дамытуға Кетбұға, Кербала, Айрауық, Көккесене, Ықылас және Жаппас Қаламбаев, Дәулет Мықтыбаев сынды ұлы күйшілер зор үлес қосқан.

Қазақтың ежелгі аспаптық музыкасы аса бай көркемдік тереңдігімен ерекшелігімен , рухани мәдениеттің құнды қазынасы ретінде ұрпақтан ұрпаққа жалғаса бермек.

Қазақтың халық аспаптық музыкасының бүгінгі күнге жетуіне атақты домбырашылар Дина Нүрпейісова, Оқап Қабиғожин, Науша және Махамбет Бөкейхановтар, Лұқпан Мұхитов, Қали Жантілеуов, Ғылман Хайрошев, Төлеген Аршанов Смағұл Көшекбаевтардың сіңірген еңбектері ұшан-теңіз.

Домбыра – қағып, шертіп ойнайтын ішекті музыкалық аспап. Қазақтың ән-күй орындаушылық дәстүріне байланысты домбыра аспабының бірнеше түрі бар, олардың тек сырт пішіні ғана емес, ішек және перне саны да әр қилы болып келеді. Қазір домбыраның екі түрі кездеседі. Негізінен 2 ішекті болып келеді. 3 ішекті домбыралар да бар. Қазақстанның батыс өңірі, Арқа мен солтүстік-шығыс өңірлерінің домбыралары ел арасында көп пайдаланылады.

Қобыз – ысқышпен ойналатын ішекті музыкалық аспап. Мойны имек келетін бұл аспап сол қол саусақтары тырнақтарының сыртын ішекке тигізу арқылы ойналады. Аспатың шанағы терімен қапталып, ысқыштары мен ішектері жылқының қылынан жасалады. Ертеде қобызды бақсылар құдіретті кш ретінде пайдаланған. Бүгінде қобыз аспабында ойнау шеберлігінің күрделенуіне байланысты төрт ішекті қобыз да пайда болды. Бұл қобыздың ішектері сымнан жасалады.

0,0(0 оценок)
Ответ:
Шмигельська
16.04.2021 03:57

Көңілімді шаттыққа бөлеп, жүрегіме ерекше жылулық сыйлайтын мерекелердің бірі – Жаңа жыл. Оның әлем халықтары үшін ортақ мереке болғандығы үшін қатты қуанамын. Жақындаған сайын қоршаған ортада өзгерістер болып жатқан секілді көрінеді. Құдды күллі әлем ертегі әлеміне саяхат жасайтындай.

Бұл мерекені жүрегі мен тілегі бір үлкен отбасыммен өткізгенді жақсы көремін. Және отбасы мүшелерінің үйде болуының маңызы зор. Бірге болған кезде жаңа жылдық дастархан жайып, қызықты тақырыптарда әңгіме-дүкен құрамыз. Жыл сайынғы дәстүрлі тағамдарды дайындап, бір-бірімізді сыйлықпен қуантуға асығамыз. Алдын ала отшашудың түрлісін сатып аламыз.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота