Дамға ең бірінші білім емес, рухани тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі..."(Әл – Фараби) - дегендей балаға әуелі білімнен бұрын, тәрбие берілуі тиіс.
Балаға анықтама беретін болсақ Бала - жасы кәмелетке толмаған, жан - жақты тәрбиені қажет ететін, болашағынан көп үміт күттіретін жеке тұлға олай болса, балаға тәрбие берушілер Бала: Жанұя, ата - ана Ортасы, жолдастар Мектеп мұғалім Осының ішінде бүгін ата - ана, жанұя тәрбиесіне тоқталып өтсек. «Адамның бір қызығы бала деген» Абай айтқандай, бала адамның да өмірдің де қызығы. Ата - ана - тәрбие өнегесі, сондықтан, мынадай қазақ мақал мәтелдері ертеден жатталып, айтылып келеді. «Ата көрген - оқ жонар, Ана көрген - тон пішер, Баланың ұяты - әкеге, Қыздың ұяты - шешеге» Баласының келешегін ойлаған ата - ана өз мекенін ауыстыруға дейін барып жатады. «Ұлың жақсы болсын десең, ұлы жақсымен көрші бол, қызың жақсы болсын десең, қызы жақсымен көрші бол» деген өнегелі сөз де содан шықса керек. Бала тәрбиесі туралы сөз ете қалғанда «Алты айлық баласын тәрбиешіге әкелген ата - анаға, сіз балаңыздың 1, 5 жыл тәрбиесін өткізіп алдыңыз, баланы іштен тәрбиелеу керек» деген еврей халқының мысалын келтіріп жатамыз. Бала тәрбиесі - қиын да күрделі процесс. Біз баламыздың тәрбиелі де өнегелі болып өсіп, өз қатарының алды болғанын қалаймыз. Бірақ баламызды осы мақсаттарға сай тәрбиелеу үшін үлкен еңбек, күш - жігер қажет екенін бәріміз білсек те, мойнымыз жар беріп, бала тәрбиесімен айналыса бермейміз. Кейін баламыз есейген сәтте, «сен маған тартпағансың, мынаны олай істемедің, ананы бұлай істемедің, ештеңеге қырсызсың» деп кінәлап жатамыз. Еліміздің көркейіп, өркениетті елдің қатарына қосылып, халықаралық деңгейге шығуы бүгінгі ұрпақ бейнесімен көрінеді. Шығыс ғұламасының бірі болып саналатын Жүсіп Баласағұнның дастандарында отбасы тәрбиесі көп айтылады. Мемлекеттің беріктігі тек ел билеуші қайраткерлерге әділ заңға, күшті әскерге ғана емес, әр отбасының беріктігіне байланысты екендігін сипаттайды. Оның ойынша: отбасы беріктігі жаңа жар таңдаудан басталады және өнегелі отбасында ғана өнегелі ұрпақ тәрбиеленеді. Елбасы Н. Назарбаев «Еліміздің болашақта гүлденуі бүгіннен басталады» баяндамасында отбасының беріктігі, жұбайлардың бір - біріне, ең бастысы, балаларының алдындағы жауапкершілігі де көп нәрсеге байланысты. Ата - аналар балаларына, ал балалары ата - аналарына қамқор болуға тиісті деп атап өткен. ҚР - ның Конститутциясы да «Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата - ананың құқығы әрі парызы деп көрсетілген».
Әке - отбасының асыраушысы, отбасы мүшелерінің тірегі, қамқоршысы. Әкенің мінез - құлқы, өзгелермен қарым - қатынасы, өнері мен білімі баланың көз алдындағы үлгі, өнеге алатын, оған қарап өсетін нысанасы. Отбасының пейіл - береке, ынтымағы үшін отағасының әділ, ұстамды болуы орасан маңызға ие. Оның тәрбиелік рөлі де зор. Ер бала әкесімен сырлас, жолдас, дос. Ол әрқашан бір әрекет жасау үшін әуелі әкесімен сырласады. мақалдар;Алты аға бірігіп әке болмас, Жеті жеңге бірігіп ана болмас.
Әке балаға қарыз, Бала далаға қарыз.
Әке балаға сыншы.
Әкеден — ақыл, анадан — мейір.
Әкеден безген ұл болмас, Анадан безген қыз болмас.
Әке жүрегі таудан үлкен, Ана жүрегі теңізден терең.
Әкелі бала жаужүрек, Әкесіз бала сұмжүрек
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota
Оформи подписку