Наурыз тойы қазақ еліндегі атап өтерлік керемет мереке. Наурыз мерекесі көктемнің алғашқы шуақты күндерінде атап өтіледі. Наурызды жақсы тілекпен тойлап қарсы алады. Наурыз жыл басы.
Наурыз тойы кезінде "наурыз көже" жасайды. Оған жеті түрлі зат қосып жасайды. Ауыл арасында Наурыз тойын, бір бірінің үйіне қонаққа келіп, хәл сұрасып наурыз көжеден ауыз тиіп қайтады. Және ол тойда қазақтың ұлттық дәстүрлі ойындарын ойнап, тойдың көркін кіргізеді. Қазақ халқы бұл күнді " Ұлыстың ұлы күні" дейді.