Берілген сұрақтардың жауаптары.
1. Күн мен түн көктемде және күзде теңеледі. Әлемдік уақыт бойынша, солтүстік жарты шарда көктемгі күн мен түннің теңелуі 20 наурыз күніне сәйкес келеді. Бұл уақытта Күн оңтсүтік жарты шардан солтүстік жарты шарға ауысады. Ал күзгі күн мен түннің теңелуі Күн солтүстік жарты шардан оңтүстік жарты шарға ауған кезде орын алады. Ол қыркүйек айының 22 немесе 23 жұлдызына сәйкес. Оңтүстік жарты шарда, керісінше, наурыздағы күн мен түннің теңелуі күзгі, ал күн мен түннің қыркүйекте теңелуі көктемгі болып саналады.
2. 20 маусым күні - жаздың ең ұзақ күні. Жаздың ең ұзақ күні солтүстік жарты шарда әдетте, 21 маусымға дөп келеді. Бірақ, толық 366 күні бар - кібісе жылында күннің бұл ерекше жағдайы әр жылдары 1-2 күнге өзгеріп тұрады. Мысалға, кібісе жылы болып табылатын 2020 жылы жаздың ең ұзақ күні 20 маусымда болады.
3. 21 желтоқсаннан 22 желтоқсанға қараған түн – ең ұзақ.
4. 365 күн 1 жылға тең.
Қазақтың ұлттық ою-өрнегі — қазақ жерін мекендеген көшпелі тайпалар өнері әсерімен ғасырлар бойы қалыптасып, белгілі бір жүйеге келген ою-өрнек түрлері.
Қазақтың алғашқы ою-өрнек үлгілері Андронов мәдениеті мен байырғы сақ, гұн, ұйсін өнері мұраларынан геометриялық, зооморфтық (жан-жануарлардың табиғи және фантастикалық бейнерлері), көгеріс өрнек пен қиял-ғажайып ою-өрнектер (аспанның, жердің символы) ретінде кездеседі.
Олар негізінен малгершілік, саятшылық, әдет-ғүрып, үй іші жабдықтары мен сән-салтанат бұйымдарын, батырлық қару-құралдарын әсемдеуге қолданылған. Тартымды жасалып, биязы көркемделген өнердің көне мұралары (алтын тәтілер, ағаштан қыштан, өнделген теріден жасалған ыдыстар, түкті кілемдер мен кестелі заттар т.б.)
Қазақ оюы, қазақтың ою-өрнегі — үй-жиһаздарын, сәндік, тұрмыстық бұйымдар мен киімдерді нақыштап безендіруге қолданылатын өрнектер. Жаппай дамыған кезеңінде (19 ғасырдан кейін) қазақтардың үй жиһаздарын әшекейлеуге кең көлемде қолданған ою-өрнектерді, негізінен: зооморфтық, өсімдік сипатты, геометриялық, космогониялық түрлерге жіктеуге болады. Олардың ішінде жануарлардың сыртқы пішініне, мүйізіне, тырнағына, мойнына, табанына, т.б. мүшесіне ұқсас ою-өрнектер халық арасына (зооморфтық түр) кең тараған. Зооморфтық ою-өрнек кебеже, жүкаяқ, әбдіре, асадал сияқты тұрмыстық бұйымдар әшекейінде жиі кездеседі. Аталған ою-өрнектер кебеже бүйірінде, көбінесе, тігінен бедерленіп, бос жерлерін толықтырған, ал төсектің жан ағашы белгілі бір ырғақпен түгел дерлік өрнектелген. Кейде оларды өсімдік сипатты өрнектермен сабақтастырып, жарасымды тұтас композиция құраған.
Ұсақ аңдардың табандарының іздері жүкаяқ, кебеже, асадалдың көрнекті жерлеріне салынған. Сонымен қатар бұл өрнек түрін үй жиһаздарының жиектерінен, бұрыштарынан кездестіруге болады. Зооморфтық өрнекте төрт түлік малдың абстракциялық пішіні ерекше орын алады. Оған мысал ретінде қошқармүйіз, төртқұлақ, түйетабан, ботамойын, түлкібас, құсқанат және тағы басқа оюларын атауға болады. Қошқармүйіз оюы қазақ халқының бүкіл тыныс-тіршілігін танытады. Кей қолданыста ол қырықмүйіз, сыңармүйіз, арқармүйіз болып түрленіп отырады. Қошқармүйіз төрт тармақтан құралып, ортасы айқыш тәрізді болып келеді. Төртқұлақ өрнегі кебеже, жүкаяқтарды безендіруде кеңінен қолданылады. Ол ағаш бұйымдар бетінің кейде дәл ортасына, кейде бұрышына бедерленген. Ағаш бұйымдарда түлкібас, иттабақ, итемшек, қарақұс, құстұмсық, көбелек, ботамойын, түйетабан, шыбынның қанаты деп аталатын зооморфтық өрнектер ұшырасады. Олар, әсіресе, жүкаяқтарды, төсектерді өрнектеуге кеңінен қолданылады.