Еуразия материгінің екі дүние бөлігінен тұратынын білесіңдер. Ең алдымен еуропалық бөліктің табиғат жағдайы, халқы мен елдері, олардың тұрмыс-тіршілігі жайлы қыскаша мағлұмат беріледі. Қа-зіргі кезде Еуропа елдерінің мәдени, шаруашылық байланыстары одан әрі нығаюда. Еуропалық Одақтың құрамына кіретін елдерде ортак акша (еуро) енгізілген, ал тұрғындары бір елден екінші елге еркін өтіп, саяхат жасауына мүмкіндік алған.
Еуропа елдері ежелден-ақ географиялық орны мен табиғат ерекшеліктеріне сәйкес, төрт тарихи-географиялық аймаққа топтастырылған. Олар Солтустік Еуропа, Батыс Еуропа, Шыгыс Еуропа, Оңтүстік Еуропа болып бөлінеді.
Қазақтың ұлы ақыны Абай атамыз өз ғұмырын тек өлең жазуға, орыс және басқа да тілдерден аудармалар жасауға арнамаған. Сонымен қатар публицистикалық шығармаларын яғни "қара сөздерін" жазып қалдырғаны белгілі. Ал енді қара сөздерінің біршамасы не жайлы жазылғандығын және өзім нендей нәрсені түйгенімді жазайын!
Ең алғашқы қара сөзінде алдағы өмірінде нені кәсіп қылып, қайтіп өткізетіні жайлы талқылап, жазған. Ел бағу, мал бағу, ғылым бағу, софылық қылып дін бағу, балаларды бағу - қажып, жер ортасы жасқа келгенде бұлардың ешбірін кәсіп қылғысы келмеді. Осы уақытқа дейін қылып жүрген істерінің байлаусызын, баянсызын, барлығының қоршылық екенін 1-ші қара сөзінде атап көрсетеді.