Соғыс қимылдарына, әр түрлі рәсімдер атқаруға, спорт жарыстарына қолданылған әскери арбалар Вавилон өңіріндегі көне Киш қаласы орнынан (қазіргі Охеймир қалашығы, Ирак), шумерлердің қала-мемлекеті Үрімнен (Ур, қазіргі Тель-Мукайяр қалашығы, Ирак), Кавказдан, т.б. жерлерден табылды. Олар біздің заманымыздарн бұрынғы 3-мыңжылдықтың ақырында, тіпті одан да бұрын қолданылған. Әскери арбалар Шығыстағы ежелгі мемлекеттерде (Мысыр, Ассирия, Персия, Қытай, Үндістан, т.б.) ұрыс кезінде кеңінен пайдаланылды.
Шығыс Қазақстан аймағына сапар шексеңіз, сіз өте бақыттысыз. Табиғаты көрікті өлкені көріп келу көп адамның арманы емес пе? Тау баурайында мөлдіреп тұнған өзен-көлдерін сөзбен сипаттап беру мүмкін емес. Мұны тек суретпен ғана жеткізесің.
Білгенің жөн!
Иллюстрация дегеніміз – белгілі бір шығармаға (ертегі, аңыз, әңгіме, роман, өлең т.б.) арналып салынған суреттер. Көп жағдайда олар мазмұнды суреттер болып келеді.
Түсіндіру
Суреттен түсінген маңызды ақпараттарды түртіп алуға тырыс. Сонда сәйкес келетін ақпаратты анықтау да жеңіл болады.