atopio
14.03.2023 11:28

Үстеу бойынша байқау тестілеуі 1. Бірігу арқылы жасалған күрделі үстеуді анықтаңыз.
A) Бүгін.
B) Ретімен.
C) Тосыннан.
D) Бұлақтайын.
E) Ақмола.
2. Туынды үстеуді табыңыз.
A) Ақырын.
B) Бұрын.
C) Жорта.
D) Жоғары.
E) Сұңқардайын.
3. Туынды үстеуді белгілеңіз.
A) Адамша.
B) Қазір.
C) Кеш.
D) Ерте.
E) Ақырын.
4. Негізгі үстеуді атаңыз.
A) Адамша.
B) Осылай.
C) Қыстай.
D) Бірге.
E) Жылдам.
5. Көнелену арқылы жасалған үстеуді атаңыз.
A) Осыншама.
B) Бірге.
C) Бұлақтайын.
D) Тездеу.
E) Кешірек.
6. Жатыс септіктің көнеленуімен қалыптасқан үстеуді табыңыз.
A) Кеше.
B) Айжанда.
C) Менде.
D) Баяғыда.
E) Кешке.
7. Бірігу арқылы жасалған күрделі үстеу.
A) Жөнімен.
B) Шынымен.
C) Ендігәрі.
D) Күні бүгін.
E) Кешірек.
8. Туынды үстеу тудыратын жұрнақтарды белгілеңіз.
A) -шы, -ші.
B) -шама, -шене.
C) -лық, -лік, -дық, -дік.
D) -шақ, -шек.
E) -шылық, -шілік.
9. Тіркесу арқылы қалыптасқан үстеуді көрсетіңіз.
A) Таңертең.
B) Жаздыгүні.
C) Босқа.
D) Күні бүгін.
E) Жөнімен.
10. Туынды үстеуді табыңыз.
A) Ерте, бұрын.
B) Қасақана, жорта.
C) Әрең-әрең.
D) Өзінше, ақшалай.
E) Бағаңа, соңыра.
11. Үстеуден жасалып тұрған туынды үстеуді табыңыз.
A) Балаша.
B) Тотыдайын.
C) Сеніңше.
D) Көзінше.
E) Соншалық.
12. Күрделі үстеуді көрсетіңіз.
A) Шапшаң.
B) Биіктеп.
C) Әдейілеп.
D) Әнеугүні.
E) Құсша.
13. Күшейткіш үстеуді белгілеңіз.
A) Тым.
B) Кеше.
C) Әдейі.
D) Қасақана..
E) Ертең.
14. Мекен үстеуін белглеңіз
A) Ертең.
B) Былтыр.
C) Жоғары.
D) Сонша
E) Жедел.
15. Мезгіл үстеуін белгілеңіз.
A) Тым.
B) Аса.
C) Енді.
D) Шапшаң.
E) Сонша.
16. Күшейткіш үстеумен тіркесіп тұрған сөзді көрсетіңіз.
A) Ертеден қалыптасқан.
B) Бірталай күн.
C) Соншама күлу.
D) Әбден шаршау.
E) Жорта амандасу.
17. Сөйлемнен көмектес септіктің көнеленуінен жасалған үстеуді табыңыз.
A) Абырой – ар еңбегі.
B) Адал дос жаныңды сақтайды.
C) Мәтінді кезекпен әңгімеледі.
D) Айыбы бардың тізесі қалтырайды.
E) Ашу жүйкені бұзады.
18. Шығыс септіктің көнеленуінен жасалған пысықтауышты табыңыз.
A) Абай әр нәрсені кеңінен ойлайды.
B) Қызғаншақтың іші тар.
тест​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
НaстяРайская
09.10.2020 07:59

Ауыл туралы шағын шығарма.

«Ауылым – алтын бесігім» деген сөздермен толықтай келісемін, себебі әркімге өзінің туып – өскен жері қымбат. Менің кіндік қаным тамып, ер жеткен жерім – Қарағанды облысына қарасты Жаңаарқа ауданы.

«Жаңаарқа он бес болыс елдің аты,

Қазақтың он ғасырлық өмір салты.

Құда боп, қыз ұзатып, қонақ күткен,

Қаймағы бұзылмаған елдің қалпы.» - деп жырға қосқандай, Жаңаарқа өлкесі тұнып тұрған қазақилық пен салт – дәстүрді ұстанатын өлке. Бұл өлкеден елімізге танымал қаншама ақындар мен әншілер шыққан.

Ауылым, туған жерім өзіме қашанда ыстық . "Акқу көлін аңсайды, адам туған жерін аңсайды" демекші, сапарға шыққанымда ауылға оралғанша тау етегіндегі қуыстарды қуалай өскен бұталы орманын, тау суын сарқырата кең далаға алып қашқан өзендерін, дән теңізіне шалынған жазық даласын, төрт түлік малға төсін ашқан құтты жайлау қырларын, көк жасыл желекке бөленген ауыл үйлерін сағынамын...

Ауылдағы тіршілік қаладағыдан мүлдем ерекше. Дегенмен, ауылдың ауасы таза, шөбі шүйгін, тамағы табиғи.

Соңғы жылдары ауыл мәселесі республикалық деңгейде қолға алынып, түрлі жобалар іске асырылуда. Осының арқасында ауылымыз одан сайын көркейіп, гүлдене түсетініне сенімдіміз, себебі ауылдың гүлденгені – еліміздің гүлденгені деп ойлаймын.

0,0(0 оценок)
Ответ:
katyamakedoniya11
09.10.2020 07:59
Денсаулық-зор байлық. Бірақ, кейбіреулер денсаулықтың қадірін түсінбейді. Денсаулығын ақшаға сатып жатқандар қаншама. Тіпті, кейбіреулер денсаулығына немқұрайлы қарайды, ол дұрыс емес. Қазіргі таңда бағаланбай жүрген 2 байлық бар. Олар:уақыт пен денсаулық. Сен барлығын сатып алуың мүмкін, бірақ сен уақыт пен денсаулықты сатып ала алмайсың.
Сенің денсаулығың қалпында болса, бәрі тамаша болады. 12 мүшең сау болса Жаратқанға Шүкір айту қажет. Қазіргі таңда денсаулығына қолайсыз қарап, опа шегіп жатқан адамдар қаншама, бірақ сенің денің сау. Қолда бар алтынның қадірін білу керек..
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота