AquAlexa
01.04.2020 05:23

Мәтіндерді оқып, оларды тақырыбы, жалпы мазмұнын салыстырыңыз. Олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтаңыз. 1-мәтін. 

Сусыз өмір сүру мүмкін емес. Жер бетінің төрттен үш бөлігін су алып жатыр. Ол – мөлдір, түссіз. Судың үш күйі болады: сұйық-су, қатты-мұз, газ-бу. Нөл градустан төмендегенде су мұз болып қатады, ал қайнағанда ол буға айналады. Аналарың кір жуғанда далаға жайып қояды. Ол кеуіп кетеді. Неліктен? Себебі күн суды буландырады. Күн қатты ыстық, ал жапырақтар, өсімдіктер неге қурап кетпейді? Себебі, ол тамырмен су сорып, оны буландырып жібереді. Жер бетінде су тұщы және ащы су болып бөлінеді. Ащы су бұл теңіз, мұхит сулары, ал тұщы су өзен, көл, жер асты сулары. Жердегі әрбір 100 л судың 98 л тұзды су, 2 л тұщы су екен. Көл суларының кейбірі ащы, кейбірі тұщы суға жатады.

2-мәтін.

Дәрігерлердің айтуынша, сумен емделудің қарапайым әдіс-тәсілі көп. Мәселен, суды алдымен қатырып, кейін ерітіп ішуге болады. Тек үстіңгі қабатын төгіп тастау керек. Өйткені ауыр металдар судың бетіне көтеріледі. Осы суды адам күнде таңертең аш қарынға ішіп отырса, емдік қасиеті зор. Адам ағзасы бірден жұмысқа кіріседі. Ағзаға таза су енеді де, ол біздің сұйықтық қанымызға әсер етеді және тазалық ақпаратын жеткізеді. Сөйтіп бойымыздағы сұйықтықтардың құрылымдануына ықпал жасайды. Адам денесінің 70% судан тұрады. Ендеше ағзадағы судың құрамын өзгерте отырып, сауығуға әбден болады​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
dimabahov33
22.09.2020 14:07

Компьютердің пайдасы мен зияны.

Қазіргі ғылым мен техниканың күн өткен сайын қарыштап дамып келе жатқан заманында адам өмірін компьютерсіз елестету қиын. Компьютердің басты мүмкіндіктеріне тоқталатын болсақ, оқушыларға сабаққа дайындалуға көмектеседі, бос уақытта музыка тыңдап, кино көруге болады, қажетті құжаттарды басып, шығаруға болады, кез - келген сызба жұмыстарын сызып, сурет салуға болады. Бұл тек бастамасы ғана, ал егер де компьютерді интернет желісіне қосатын болсақ, онда бұл мүмкіндіктер тіптен еселене түседі, себебі ғаламтор бетінде кез - келген ақпаратты іздеп табуға болады. Сонымен қатар әлеуметтік желіде жаңа достар тауып, әлемнің түкпір - түкпірінде өмір сүретін адамдармен сөйлесу мүмкіндігі туады.

Бірақ қаншама пайдалы жақтары болғанымен, компьютердің зиянды жақтары да бар екенін есте сақтаған абзал. Компьютерде көп отырған көз бен омыртқаға аса үлкен зақым келтіреді. Сондықтан да компьютерде көп жұмыс жасайтын адамдарға арнайы көзілдірік киіп, отырған кезде де арқаны тік ұстауға тырысу керек.

Одан кейінгі келтіретін зиян - ол уақыттың қадірін білмей, компьютерде отыратын уақытты тиімсіз пайдаланып, оның қалай өтіп кеткенін байқамай да қаламыз. Оның орнына пайдалы іспен айналыссақ болар еді. Мұны "ғаламторға тәуелділік" деп айтсақ та болады.

Сонымен қатар ғаламтордағы көптеген жағымсыз ақпарат адам психикасына да жағымсыз әсірін тигізеді.

Аталған жайттар денсаулығыңызға зиянын тигізбесін десеңіз, менің ойымша, компьютерді белгілі ір тәртіппен, күнделікті бір - екі сағаттан аспайтын уақыт қана қолданған дұрыс.

м

0,0(0 оценок)
Ответ:
mary357vozd80s
22.09.2020 14:07

Ровно 70 слов)

Қазіргі өмірді компьютерсіз елестету мүмкін емес. Бұл құрылғылар - компьютерлер пайдалы немесе зиянды адамдар ма? Компьютерлерді пайдалану артықшылықтары мен кемшіліктері қандай? Компьютерлердің негізгі кемшілігі, ұзақ уақыт бойы монитор экранына қарап шығу көзге зиян келтіруі мүмкін. Кафедрада бірнеше сағат отыру денсаулығы да жоқ. Дегенмен, компьютердің артықшылықтары көп. Олардың ішінде - әсіресе балалар үшін сөзсіз білім беру артықшылықтары. Компьютерлік экранда көрсетілсе, мектептегі пәндер қызықты болады.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота