dulikosha20051
07.04.2023 02:18

7 класс казахский язык сор


7 класс казахский язык сор ​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Даниэла2106
08.10.2020 08:43
Бұрынғы заманда бір үлкен шаһар бар екен. Бұл шаһардың ханы болыпты. Ол күнде жаман киініп, жай кісі болып, шаһарды, базарды аралап жүреді екен. Күндерде бір күн хан базарды аралап келе жатып, басына бір кесек алтын, аяғына бір кесек алтын қойып жатқан бір адамды көреді. Мұны көріп, хан таң қалып, неше күндей мұны сыртынан бағып жүреді. Бұл адам ерте де, кеш те бір қалыпта: басына, аяғына бір-бір кесек алтын қойып жатады. Ақырында, бір күні хан: 
 -  Сен не қылған адамсың? - деп сұрайды. Ол адам басын көтеріп: 
 -  Мен ақыл сатушымын, - дейді. 
 -  Олай болса, маған бір ақыл сатшы, - дейді патша. Сонда ол адам: 
 -  Құп болады, бірақ әр ақылымның бағасы мың алтын, - дейді. Хан санап, мың алтын береді. Сонда ақыл сатушы: 
 -  Не істесең де ойлап істе, ойламай іс қылсаң, қор боласың, - дейді. Мұнан соң хан ордасына келіп, баяғы сөзді әрбір көзге түсетін жерлерге, орамал-дастарқанға дейін жазып қояды. Күндерде бір күн хан шашын алғызатын болып: «Шаштараз алып кел», - деп, бас уәзірге әмір қылады. 
  Уәзір дереу бір шаштаразға барып: «Ертең келіп, ханның шашын ал» - деп бұйырады. Ертең ерте шаштараз ханның ордасына келе жатса, алдынан уәзір шығады. Уәзір: 
-  Ей, шаштараз, ханның шашын қандай ұстарамен алмақшы едің? - дейді. Шаштараз: 
 -  Ай, тақсыр, күндегі ұстап жүрген жай ұстарамен аламындағы. Жақсы ұстараны мен байғұс қайдан табамын? - дейді. Сонда уәзір: 
 -  Ей, ақымақ! Ханның шашын жай ұстарамен алуға болмайды. Мә, мынау ұстарамен ал, - деп, қалтасынан шығарып, бір алтын сапты ұстара береді. Шаштараз қуанып, ханның құзырына келіп, шашын жібіте бастайды. Сол уақытта шаштараз: «Не істесең де ойлап істе, ойламай іс қылсаң, қор боларсың! - деп, әр жерге жазылған сөздерді көреді де ішінен: «Қой, уәзірдің ұстарасын қояйын, өзімнің үйренген жаман ұстараммен-ақ ханның шашын алайын», - деп, уәзірдің алтын сапты ұстарасын былай қойып, өзінің ағаш сапты ұстарасымен ала бастайды. Мұны көріп хан ішінен: «Бұл ақымақ алтын сапты ұстарасын менің шашымды алуға аяды ғой! Онымен менен артық кімнің шашын алады. Тоқтай тұр, мен саған көрсетейін!» - деп шашын алғызып болған соң хан: 
 -  Дереу жендетті шақырып келіңдер, мен бұл шаштараздың басын аламын! - деп, кісілеріне әмір қылады. Шаштараз мұны естіп, неге қылмысты болғанын білмей, қайран қалып тұр еді, жендет келген соң, бейшара шаштараз ханның аяғына жығылып: 
 -  Ей, тақсыр, менің басымды алсаңыз да ықтияр, бірақ менің кінәмды айтып алсаңыз екен! - дейді. Хан: 
 -  Сен басында менің шашымды алтын сапты ұстарамен алмақшы болдың. Ақырында оны менен аяп, ағаш сапты жай ұстарамен алып, мені қорладың. Сенің кінәң осы, - дейді. Сонда шаштараз: 
 -  Жаңа сіздің шашыңызды алуға ордаға келе жатқанымда алдымнан бас уәзіріңіз шығып: «Ханның шашын алуға мына ұстара лайық», - деп, осы алтын сапты ұстараны беріп еді. Мен сіздің шашыңызды жібітіп жатып, әр жерде жазылған «Не істесең де ойлап істе, ойламай іс қылсаң қор боларсың», - деген сөздерді көріп: «Бұл уәзір берген ұстараның қандай екенін білмеймін, ханға бір зиян келтіріп жүрмейін. Жаман да болса, үйренген өзімнің ұстараммен алайын», - деп ойладым. Шашыңызды ағаш ұстарамен алғанымның себебі осы еді, - дейді. Сонан соң хан жасауылдарын жіберіп бас уәзірін шақыртып алдырып: 
 -  Мынау ұстараны шаштаразға сен бердің бе? - деп сұрайды. Уәзір: 
 -  Мен бердім, - дейді. 
 -  Олай болса, бұл ұстарамен уәзірдің шашын ал, - деп, Хан шаштаразға бұйырады. Шаштараз уәзірдің шашын жібітіп, алтын ұстарамен бір сипағанда, уәзірдің жаны шығып кетеді. Сөйтсе, бұл уәзір ханға қас екен. Соны өлтірмекші болып, ұстарасын зәрге суарған екен. Мұны көріп, хан шаштаразға дән риза болады. Көп алтын, күміс сыйлық беріп, үйіне қайтарады. 
0,0(0 оценок)
Ответ:
kgatikha1
10.03.2021 14:22

Тұмар (Томирис) (ж. ж. с. д. 570-520) - массагет халқының байырғы заманда ел билеген атақты ханшайымы.

Басқаруы

Ахемен әулетінен шыққан, "төрт құбыланың тұтас билеушісі" атанған парсылардың Кир патшасы Орта Азияға басқыншылық жорықпен келген, "жеңілуді білмейтін" деп дәріптелген "өлместер" әскерін ашық шайқаста тас талқанын шығарып жеңуімен тікелей байланысты.

Патшайым Томирис, Andrea del Castagno, 1450 ж.

Мемлекетінің аумағын кеңейте беруді ойлаған Кир батыс елдеріне аттанбас бұрын әуелі шығыс жағын қауіпсіздендіру мақсатымен массагеттерді бағындырып алуды көздейді. Сөйтіп түркі көшпенділер еліне елші аттандырып, олардың ханшасы, сол кезде күйеуі өліп жесір отырған Тұмардың өзіне тұрмысқа шығуын сұрайды.

Бұл Кирдің массагеттермен соғысуға желеу іздеуі еді. Тұмар Кир патшаның (ж. ж. с. д. 558-530) ұсынысын қабылдамай тастайды. Осыны желеу еткен Кир жауынгерлерін шығысқа қарай қаптатады. Аракс дариясына жетіп, үстінен қалқыма көпірлерді құруды кемелердің кермесінде мұнара қамалдар тұрғызуды әмір етеді.

Томирис кирдің басын қанға матырды Alexander Zick (1845-1907)

Өздерін жаулап алуға келген парсылардың әр қадамын алыстан бақылап, біліп отырған Тұмар олардың дариядан өту үшін әуреленіп, көпір салғалы жатқанын естіп, Кирге арнайы жаушы жібереді.

Мадилардың патшасы! Ниетіңнен қайт. Салып жатқан көпірлеріңнің игілігін көрер көрмесіңді өзің де білмейсің. Өнбес істі қума. Өз патшалығыңа бар да, өз билігіңді жүргізе бер, бізді күндеме. Ал егер алда-жалда соғыспай қоймаймын десең, онда көпір салып, уақыт өткізіп, әуре болма. Дарияның біз жақ бетіне шығып соғысамын десең, біз үш күншілік жерге кетіп, жол ашайық, ал дарияның өз жағыңда соғысамын десең, сен үш күншілік жерге шегін. Қалауыңа қарай өзің шеш.

Тұмардың ұсынысын Кир патша әскери кеңеске салады. Біраз пікір таласынан соң, Лидияның бұрынғы патшасы, сол кезде Кирдің қолындағы мырза тұтқын Крездің ақылымен дарияның массагеттер жағында соғысуды ұйғарып, шешімдерін Тұмарға хабарлайды.

Массагеттер уәделерінде тұрып, үш күншілік жерге шегініп кетеді. Олардың кеткеніне анық көз жеткізгеннен кейін Кир бүкіл әскерін дарияның арғы бетіне өткізіп, Крездің үйреткен айласымен массагеттердың шабылдаушы тобын алдап қолға түсіріп, түгел қырғынға ұшыратады. Осы шабуылшы топтың басшысы, Тұмардың ұлы Спаргапты (Спаргапис) тұтқынға алады. Сүйікті ұлы мен шеп бұзар жауынгерлерінің қайғылы хабарын алған Тұмар Кирге жаушы жіберіп, оған өзінің соңғы сөзін жеткізеді.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота