
Жалпы адамзаттық құндылықтар жеке тұлғаның бойында өмірге келген сәтінен бастап бірге дамиды, жасы ұлғайған сайын қоршаған ортасына сәйкес бірге қалыптастады.
Тәрбие мен оқытудағы адамгершілікке бағытталған идеалдар құндылықтар деп қарастырылады. Оларға: шындық, қайырымдылық, тұлға, бостандық, махаббат, шығармашылық және т.б. жатады. Құндылықтар идеалдарды қабылдау немесе қабылдамау сезімі арқылы айқындалып, ақыл-ой, сана арқылы қабылданады, құрметтеу, қошаметтеу, қабылдау тәрізді ұмтылысты білдіреді. Бұл сезім мен ақыл-ойдың ұштасуын және сол арқылы адамның іс-әрекетін белгілейді. Құндылықтар сезім арқылы қабылданады, сана арқылы түсінуге болады. Соның нәтижесінде тұлға құндылықты игереді де, іс-әрекет етеді. Осы аталмыш құндылықтардың бастау көзі халықтың мол мұрасында. Ол мұра – халық пайда болғалы онымен бірге жасасып, бірге дамып келе жатқан құнды дүниелер.
Қазақ халқының суырып салма ақыны, төкпе жырау атанған Мұрат Мөңкеұлы 1843 жылы Атырау облысы, Қызылқоға ауданында, Қарабау деген ауылда дүниеге келген.
Қазақ халқының суырып салма ақыны, төкпе жырау атанған Мұрат Мөңкеұлы 1843 жылы Атырау облысы, Қызылқоға ауданында, Қарабау деген ауылда дүниеге келген.Жастайынан сөзге жүйрік, тілге үйір Мұраттың оқуға ақындыққа деген құштарлығы ерте жаста оянған. Мұрат ер жете келе айтыс өнеріне қарай ойысады. Өз өңірінің даңқты ақындарының бірі болады. Жас ақынның қызбалығынан Мұрат ойын –сауық кештеріне жиі бас сұғып, көптеген айтыс аламанына түсіп, жеңіп отырған. Оның барлығы жас ақынның атақ-абыройына салмақ қосып, оған қосымша бедел әкеледі. Ақын мұнымен шектелмей ой-өрісі мен білімін артыру мақсатында ел мен жер тарихы жайлы, рулардың шежіресі жөнінде көрген-естігендерін миына құйып, есте сақтап отырған. Тап осы кезден бастап Мұрат Мөңкеұлы жұрт өнегесіне таңба болып басылған келеңсіз жайттарды ел ішіне қанықтыра бастайды.