Nottyt
10.05.2023 17:36

1-мәтін Қыс қатты. Қар қалың. Қасқырды қар көтереді. Атты көтере алмайды. Мұның бәрі екі қасқыр жайындағы Қараадыр елінің аңыз-әңгімесі еді. Жиын болып көпшілік бас қосса, көп әңгімелері екі қасқыр жайында болатын. Көксерек семіргенде, ірілеп өскенде — осындай даңқ, атақ ішінде семіріп, өсіп келе жатыр еді. Осы күйлердің бәрімен қатар, Көксерек оңашада елсізде қатты ойыншы болатын. Түс кезінде, я таңертең бір малды тасада аунатып жеп алып, елсіздегі қашандау жатақтарына қайтады. Сондайда ақ қасқыр жүрістен талып келіп тынығып жатса, Көксерек айналасында қар боратады. Жүгіріп екпіндеп кеп тістеп өтеді. Басынан асып аунап түседі, кейде ақ қасқыр ырылдап тісін сақылдатып, құлағын жымитып, ашумен тап береді. Ондайда Көксерек те қатты қорылдап гүр-гүр етеді. Кейде секіріп кеп ақ қасқырдың желкесінен қапсыра тістеп алып, қысып тұрып-тұрып барып қоя береді. Екеуі осыдан әрі ұзасып барып таласпайды. Артынан Көксерек қайта ойнайды.

2-мәтін
Мұхтар Әуезовтің «Көксерек» әңгімесінде ауыл баласы Құрмаштың қасқырдың күшігін асырап алуы жайында. Қаламгер туындысында табиғаттағы тағылық заңы, адам мен жан-жануар арасындағы шекараны шебер суреттейді. Көксеректі күшік кезінен қамқорлықпен құшағына алып, мәпелеп өсірген Құрмаш сүйкімді бөлтірігін кімнен де болсын қорғаштағанымен, ауыл ақсақалдары қасқырдың бөлтірігінен секемденіп, тағылық заңның өзгермейтінін бала Құрмашқа түсіндіруге тырысады. Әйткенмен, өсе келе далаға қашып, бірнеше күн қатарынан бой көрсетпеуге дағдылана бастаған Көксерек арада біраз уақыт өткен соң бір топ қасқырды бастап, өзге ауылдармен қатар Құрмаш ауылының қойларына да шабуыл жасай бастайды. Мұның арты Көксеректің қой бағып жүрген Құрмашқа шауып, қамқор болған иесін өлтіруіне ұласады. Адамзат пен жануар әлемінің заңы басқа және ол тоғыспайды да. Тоғысқан жағдайда, артының жақсылыққа апармасын әңгімеден ұғынғандаймыз.

1. Екі мәтінге ортақ тақырыпты көрсетіңіз.
a) Үйірін тапқан бөлтірік
b) Қараадыр қасқыры
c) Ауылдың аңыз-әңгімесі
d) Қасқырлардың қырылуы
[1]

2. Мәтіндерге тән ақпараттарды өзара сәйкестендіріңіз.
Мәтіндер Ақпараттар
1-мәтін
a) Баяндау және суреттеу мәтіні
b) Баяндау мәтіні
c) Көркем әдеби тілде жазылған
d) Көпшілік-ауызекі тілде
2-мәтін

[2]

3. Тек бірінші мәтінге қатысты ақпаратты көрсетіңіз.
a) Құрмаштың бөлтірікті қорғаштауы
b) Дала заңының адамзатқа бағынбауы
c) Көксеректің малдарға шабуылдауы
d) Көксеректің ақ қасқырмен ойыны
[1]

4. Әңгіменің оқырманға айтар түйінді ойы не?

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
kURGA
07.01.2020 08:42

2.Алтайдағы қасиетті орындардың бірі — Мұзтау (4506 м.). Мұзтау — Алтай тауының ең биік шыңы. Үндінің қасиетті аңыздарында Мұзтау ды «төрт мұхиттың кіндігі» деп сипаттайды. Шынында да, Мұзтау Солтүстік мұзды мұхит, Тынық мұхит пен Үнді мұхит сияқты үш мұхиттың дәл ортасында орналасқан. Ежелгі жазбаларда ол «Жер кіндігі» деп аталады. Мұзтауда ежелгі адамдар өмір сүрген үңгірлер, түркі заманынан қалған ескерткіш көп. Ең терең үңгір «Экологиялық» деп аталады. Оның ұзындығы — 3 шақырым, ал төмен қарай 345 метрге созылған. Ары қарай жерасты өзені басталатындықтан, зерттелмеген.

Жер шарының энергетикалық өрісі Мұзтауда тоғысқан. Оның энергетикалық өрісі ғарышпен байланысты. Келген адамдарға Мұзтау күш береді, денсаулығын түзейді Адамдар біресе Мұзтаудың әдемілігіне қызы ғады, біресе қасиетіне таңғалады.

0,0(0 оценок)
Ответ:
DimanGame2016
23.11.2020 23:23
. Есімдіктер – заттың атын, сынын, санын, я олардың аттарын білдірмейтін, бірақ солардың орнына жұмсалатын сөз табы. Есімдіктер жіктеледі, септеледі тәуелденеді және көптеледі. Мағыналарына қарай есімдіктер мынадай топтарға бөлінеді :Жіктеу есімдігі ,Сілтеу есімдіг, Сұрау есімдігі,Өздік есімдік,Жалпылау есімдігі,Белгісіздік есімдігі,Болымсыздық есімдігі . 
1)Жіктеу есімдіктер – белгілі бір жақ түрінде қолданылатын есімдіктің түрі. Мен, сен, сіз, ол,біз,сендер, сіздер, олар деген сөздер жатады.

2) Сілтеу есімдік – нұсқау және көрсету мағыналарын көрсетеді: бұл, мынау, анау, сол, мына, міне.

3)Сұрау есімдігі – жауап алу мақсатында қойылған сұрақтар. Қазақ тіліндегі барлық сұраулы сөздер жатады: кім? неше? қайда? неге?

4) Өздік есімдігі – әр түрлі тұлғадағы өз деген бір ғана сөз: өз, өзім, өз-өзіне, өзіміз.

5) Жалпылау есімдігі – жалпылау, жинақтау мағыналарын білдіретін есімдіктің түрі: барлық, бәрі, тегіс, түгел, күллі. 

6) Белгісіздік есімдігі - белгісіз мәнде айтылатын сөздер. Жасалауына әр, бір, әлде деген үш сөз ұйтқы болып қызмет атқарады: әркім, әлдекім, әрқалай, бірнеше, бірдеме,кейбір, әрқалай.

7) Болымсыздық есімдігі – болымсыздық мағынаны білдіреді. Негізінде еш деген сөзбен кейбір есімдіктердің бірігуі арқылы жасалады: ешкім, ешқайда, ештеме, ешқашан, дәнеңе.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота